Жамбыл облысы
әкімі аппаратына
Облыс әкімінің Меркі ауданындағы жұмыс
сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындалуы жөніндегі
АҚПАРАТ
|
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Хаттама |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
6 |
|
1. |
Жамбыл ауылдық округінде орналасқан «Жеміс жидек» ШҚ құлпынай алқабына су тапшылығын болдырмау мақсатында ұңғыма қазу жұмыстарын ұйымдастыру |
02.11.2022 ж.
|
тұрақты, аралық ақпарат 15.12.2022 ж. |
Жамбыл ауылдық округінде орналасқан «Жеміс жидек» ШҚ құлпынай алқабына су тапшылығын болдырмау мақсатында ұңғыма қазу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Жеміс жидек» ШҚ құлпынай алқабына су Меркі өзенінен Чон каналы арқылы беріледі. Ағын суға тапшылық жоқ.
|
|
2. |
Жамбыл ауылдық округінде құлпынай алқабын дамыту мақсатында «Бір ауыл - бір өнім» жобасы шеңберінде ауыл кәсіпкерлерін тарта отырып, тәжірибемен бөлісу арқылы құлпынай шаруашылығын дамыту жолдарын қарастыру |
02.11.2022 ж.
|
тұрақты, аралық ақпарат 12.12.2022 ж. |
Жамбыл ауылдық округінде құлпынай алқабын дамыту мақсатында «Бір ауыл - бір өнім» жобасы шеңберінде ауыл кәсіпкерлерін тарта отырып, тәжірибемен бөлісу арқылы құлпынай шаруашылығын дамыту жолдары бойынша «Жеміс-жидек» ЖШС-нің басшыларымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
|
3. |
Жамбыл ауылдық округінде орналасқан «Жеміс жидек» ШҚ құлпынай алқабын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін субсидияларын белгіленген заңнама талаптарына сәйкес берілуін қамтамасыз ету, субсидия беру тәртіптері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
02.11.2022 ж. |
тұрақты, аралық ақпарат 12.12.2022 ж. |
Жамбыл ауылдық округінде орналасқан «Жеміс жидек» ШҚ құлпынай алқабына сатып алынған көшеттеріне ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан субсидиясы толық көлемде төленіп берілді.
|
|
4. |
Ақарал ауылдық округінде орналасқан «Гүлдер» ШҚ көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын қоймасына керекті мемлекеттік қолдаулардың түрлері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
02.11.2022 ж. |
тұрақты, аралық ақпарат 01.12.2022 ж. |
АШБ тарапынан «Гүлдер» ШҚ басшысына көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын қоймасына керекті мемлекеттік қолдаулардың түрлері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қойманың құрылысына, қондырғысына 25 пайыз субсидия алу туралы.
|
|
5. |
Ақарал ауылдық округінде орналасқан «Гүлдер» ШҚ-на мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар түрлерін қарастыру барысында көшеттерді бір жерден тұрғындарға арзан бағамен сатып алу жолдарын қарастыру |
02.11.2022 ж. |
тұрақты, аралық ақпарат 01.12.2022 ж. |
«Гүлдер» шаруа қожалығы аудандағы элиталық көшеттер өндіруші шаруашылық ретінде аттестаттаудан өткен шаруашылық. Ағымдағы жылы шаруашылықта сатылымға дайындалған көшеттері жоқ. 2023 жылдың күзгі сатылымға көшет дайындау жұмыстары жүргізілуде.
|
|
6. |
Ақарал ауылдық округіндегі №5 мектеп-лицейінің күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарланған уақытында аяқтау және оқушыларды оқу жылының |
02.11.2022 ж. |
23.12.2022 ж. |
Ақарал ауылындағы №5 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып 3 тоқсаннан бастап оқушылар мектеп қабырғасынан білім алуда
|
|
7. |
Қант қызылшасының тұқымдарын дамытып, шаруашылықтарды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру. 2023 жылға «Меркі қант зауыты» ЖШС-н толығымен қант қызылшасымен қамтамасыз етуді қолға алу |
02.11.2022 ж.
|
тұрақты, аралық ақпарат 01.12.2022 ж. |
Меркі ауданына қарасты «Сыпатай Батыр» ЖШС-нің қоймасын жалға алған «LLC Check Point Kazakhstan» ЖШС Францияның қант қызылшасы тұқымының буданын өндіретін «Фларимон Депре» ЖШС-мен тікелей келісім шарт жасап, Меркі қант зауыты арқылы облысымыздағы қант қызылшасын егумен айналысатын шаруашылықтарға жеткізіп беру жоспарланған . 2023 жылғы 11 қаңтарында қант қызылшасы дақылын өндіретін шаруашылықтармен кездесу өткізіп, «Меркі» қант зауыты» ЖШС-і қант қызылшасының тұқымымен шаруаларды 60% пайызын қамтуға келісім сөздер жасалды.
|
|
8. |
Ойтал ауылдық округіндегі мәдениет үйінде балаларға арналған түрлі үйірме кабинеттерін ашу жолдарын қарастыру |
02.11.2022 ж. |
тұрақты, аралық ақпарат 25.12.2022 ж. |
Бүгінгі күнде Ойтал ауылдық округінде мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін мәдениет үйінде балаларға арналған түрлі үйірмелер ашылатын болады.
|
|
9. |
Ақермен ауылдық округіндегі «Ілияс» ШҚ-да пилоттық жобаны іске асыру жұмысын жандандыру (барлық құжаттарды жинау және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу). Ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу |
02.11.2022 ж. |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
АШБ және «Тараз» ӘКК» АҚ мамандары Ақермен ауылдық округінің тұрғындары мен шаруа қожалықтарымен пилоттық жобаға қатысу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда ауылды қаржыландыру жұмыстары басталып кетті.
|
|
10. |
«Тараз» ӘКК» АҚ-ы жанында ашылған агротехникалық кооперативтің қызметін пилоттық жобаны іске асыру барысында қолдану |
02.11.2022 ж. |
тұрақты, аралық ақпарат 25.12.2022 ж. |
«Тараз» ӘКК» АҚ-ы жанында ашылған агротехникалық кооперативтің сүйемелдеуімен 10 ауыл шаруашылығы 116 млн 550 мың теңгеге өтінім берілді.
|
|
11. |
Ақермен ауылында спорттық нысан салу мәселесін зерделеп, нақты ұсыныстар енгізу |
02.11.2022 ж. |
тұрақты, аралық ақпарат 22.12.2022 ж. |
Спорттық нысан салу үшін жері анықталып мемлекеттік актісі алынып, аудан әкімдігінің құрылыс бөліміне ЖСҚ әзірлеуге тапсырылып. Даму жоспарына енгізілді.
|
|
12. |
Ақермен ауылында жаңа балабақша салу бойынша жеке кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу |
02.11.2022 ж. |
тұрақты, аралық ақпарат 12.12.2022 ж. |
Ақермен ауылында жаңа балабақша салу үшін жеке кәсіпкерлермен жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде қазіргі таңда ниет білдірген кәсіпкер анықталмаған. Ақермен ауылында 2 мектепке дейінгі ұйым жұмыс атқаруда. «Бүлдіршін» мемлекеттік бөбекжай-бақшасы және жекеменшік «Шахнұр» бөбекжай-бақшасы бар қызмет көрсетуде.
|
|
13. |
Ақермен ауылының көшелерін жөндеу, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу |
02.11.2022 ж. |
тұрақты, аралық ақпарат 12.12.2022 ж. |
Ақермен ауылының көшелерін жөндеу бойынша «ГарантСтрой-2017» ЖШС-мен келісім шартқа отырып жөндеу жұмыстары басталды; жарықтандыру бойынша Қонаев, Ә.Молдағұлова көшелеріне жүргізілді, қосымша ЖСҚ әзірленіп 2023 жылдың бюджетіне енгізілді.
|
|
14. |
Ойтал ауылдық округінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарының медициналық-еңбек сараптау комиссиясынан өту барысын зерделеу
|
02.11.2022 ж. Ойтал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарының медициналық- еңбек сараптау комиссиясынан өту барысы аурухананың мультидисциплинарлық комиссия мамандарының қатысуымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жургізіледі. Азамат Ашимбаев Аділет 1999 ж. шағымы бойынша: Диспансерлік есепте «Морфана синдромы, Туа біткен кифоскалиоз» диагнозымен есепте тұрады. Соңғы рет 2015 жылы медициналық куәландырудан өтіп, өмір бойына 3 топ мүгедіктігін алған.
|
|
15. |
Меркі ауданындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тасымалдау көліктерінің (инватакси) мәселесін шешу |
02.11.2022 ж. Ойтал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Аудан көлемінде жалпы мүгедектігі бар адамдар саны 2495 адамды құрайды, оның ішінде: 1 топ - 185 адам, 2 топ -1068 адам, 3 топ – 852 адам. 16 жасқа толмаған мүгедектігі бар балалар саны – 390 адам. Инватакси қызметі «Қоғамдық Тараз» қоғамдық бірлестігі арқылы 73 азаматқа 2 инватакси автокөлігі қызмет көрсетілуде. Аталған қызмет үшін 10,650 млн. теңге бөлінген, есепті кезеңге 8,661 млн. теңге қаражат төленіп берілді. «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығының 33 тармағында «Инватакси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын инватакси қызметін көрсететін ұйымға телефон арқылы беріледі» деп нақты көрсетілген.
|
|
16. |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды үйде оқыту бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу (мұғалімдердің жұмыстарын зерделейтін арнайы топ құру) |
02.11.2022 ж. Ойтал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Бүгінгі таңда Меркі ауданының білім бөліміне қарасты 22 мектепте 77 балаға «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығына) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Балаларға барлық мектептен арнайы ата-анамен келісілген кестеге сәйкес мұғалімдер барып, жүйелі сабақ жүргізіліп отырады. Мұғалім мен ата-ана арасында жүргізілетін байланыс дәптері арқылы мектеп әкімшілігі ата-анамен байланысып отырады. Аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң бақылауға алынған.
|
|
17. |
Ойтал ауылының тұрғыны Наубахан Тілеуованың ұсынысы бойынша аудандық аурухананың жұмысына зерделеу жұмыстарын жүргізу |
02.11.2022 ж. Ойтал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Ұлы Жұлдызбаев Нұркен Рахатович 17.04.2014 ж.т. 18.08.2022 ж. жақ сүйегінің жарақатымен өздігімен аурухананың қабылдау бөліміне келген. Науқасты кезекшкі дәрігер қарап тексерген соң, бас сүйегін рентгенге түсіріп «Сол жақ төменгі жақ суйегінің сынығы» диагнозы қойылған. Науқасқа отаны мамандандырылған көмекті Тараз қаласындағы көпсалалы ауруханада жақ суйек бет хирургия бөлімінде көрсетілетін болғандықтан жолдама берілген. Егер науқастың жағдайы ауыр болса, өзі қозғалмайтын, журе алмайтын, сана өзгерген кездерде, медициналық қызметкердің сүйемелдеуімен санитарлық автокөлікпен тасымалданады. Жағдайы тұрақты, амбулаториялық науқастар өз жолымен жіберіледі. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары ақпан айының бірінші онкүндігінде жүргізілетін болады.
|
|
18. |
Ойтал ауылдық округінен өтетін темір жолдарынан мектеп бағытында аспалы көпір салу мәселесін шешу жолдарын қарастыру |
02.11.2022 ж. Ойтал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу |
02.12.2022 ж. |
Ойтал ауылдық округінен өтетін темір жолдарынан мектеп бағытына қарай аспалы көпір салу бойынша жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге керекті қаражатты анықтау мақсатында жоба алды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуге керекті қаражат анықталғаннан кейін бюджеттік өтінім тапсырылатын болады.
|
|
19. |
Сұрат ауылындағы интернет желісінің сапасын арттыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу |
02.11.2022 ж. Сұрат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу
|
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Қазіргі уақытта аудан аумағында мобильді интернет желісінің қызметінің төмендігі байқалады. Оған себеп халық санының артуы тиісінше ұялы телефондарды қолданатын адам саны артуда. Ал мобильді интернет таратушы байланыс операторларының антенна-діңгектік мұнаралары жеткіліксіз. Осы мәселе бойынша байланыс операторларымен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сұрат ауылында Beeline және Kcell мобильді операторларының антенна-діңгектік мұнаралары орналасқан, 3G интернет желісімен қамтылған. Ауыл аумағының үлкендігіне байланысты бір ғана антенна-діңгектік мұнараның қуаттылығы ауыл аумағын толық қамтуға қауқарсыз. Мемлекеттік мекемелер «ҚазақТелеком» АҚ-ның интернет желісін қолдануда, барлық мемлекеттік мекемелер толық қамтылған. Алдағы уақытта байланыс операторларымен қосымша антенна-діңгек орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Қазіргі таңда бірінші кезекте мобильді байланысы мүлдем нашар елді-мекендерге байланыс орнату бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
|
|
20. |
Сұрат ауылдық округіндегі су каналын жүргізу барысында жұмысшылардың жалақыларының берілмеуіне байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізу |
02.11.2022 ж. Сұрат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу
|
тұрақты, аралық ақпарат 12.12.2022 ж. |
Қазіргі таңда арыз талабы Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасына хат жолданып, мердігермен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
|
|
21. |
Аққайнар ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергісін орнату бойынша ұсыныс енгізу |
02.11.2022 ж. Сұрат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Сұрат ауылдық округіне қарасты Аққайнар ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергілері орнатылды.
|