Информация об исполнении плана мероприятий по реализации предложений, озвученных в ходе встречи акима области с жителями района Т. Рыскулова

Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы АҚПАРАТ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Хаттама

Іске асыру мерзімдері

Орындалуы

1

Аудандағы ескі 71 ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын

Аудандағы ескі су ұңғымаларын қалпына келтіру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Тереңөзек ауылдық округіне қарасты «Жамбыл-БТТ» ШҚ-ның иелігіндегі 9 ұңғыманың 7-і қайта іске қосылып, 143 га егістік жерге су үнемдеу технологиясы өндірілген болатын. Дәл осы бағытта 2021 жылы Қарақыстақ ауылдық округіндегі «Еркін-Таң» ШҚ 2 ұңғыма, Тереңөзек ауылдық округіндегі «Береке» ШҚ 1 ұңғыманы іске қосқан болатын. Ендігі кезекте аудан аумағындағы басқа ескі су ұңғымаларын қайта айналымға қосу бойынша жұмыстар аудан шаруашылықтарымен бірлескен түрде жүргізілуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бекітілген егістік алқаптардан жаңадан су ұңғымаларын қазу туралы жоспар 50 дана болатын болса, соңғы
12 айда аудан бойынша 17 дана ұңғыма қазылып отыр. Олар, «Жүнісқадір-тегі» ШҚ-1, «Дидар» ШҚ-2, «Руслан и К» ШҚ-2, «Ернар» ШҚ-8, «Жасұлан» ШҚ-1, «Жайылма» ШҚ-2, «Ардабай» ШҚ-1 дана ұңғымалар қаздырып, жалпы аудан бойынша 2301 га (оның 745 га тамшылатып суғару, 1556 жаңбырлатып суғару) су үнемдеу технологияларын пайдаланып отыр. Бүгінгі күнге 16 шаруа қожалықтарынан 71 ауызша өтінімдер түсті.

 

2

Мәдениет үйлері, спорт мектептері және білім беру мекемелерінде балаларды қосымша үйірмелермен қамту

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын

Мәдениет үйі бойынша 76 үйірме, 900 қатысушылар қатысады (домбыра, вокал, би, қолөнер, драма, әуесқой үйірмелер). Оның ішінде, балалар үйірмесі - 34, қатысушы-472.

Луговой ауылында дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру» клубында 5 спорттық үйірмеде күнделікті  315 бала спортпен шұғылданады. Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданында облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты  №24 және №25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жасайды.

Спорт мектептерінде 14 спорт түрі (еркін күрес, қазақ күресі, дзюдо, грек-рим күресі, бокс, волейбол, таэквандо, кикбоксинг, асық ату, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ауыр атлетика, бес тас, футбол) бойынша барлығы 1335 оқушы спортпен шұғылданады.

Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты 38 мектепте жалпы саны 671 үйірмеге 10097 бала қамтылған.  Оның ішінде, 309 спорттық үйірмеде 5432 бала спортпен шұғылданады.

 

3

Мұғалімдердің оқушыларға қосымша білім берумен айналысуын қамтамасыз ету

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының  білім бөліміне қарасты 5 қосымша білім беру мекемелері бар. Атап айтсақ, «Балалар мен жасөспірімдер орталығы», «Жас натуралистер станциясы», М.Төлебаев атындағы «Музыка» мектебі, Балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты «Туризм және өлкетану орталығы» және «Өнер» мектебі. Қосымша білім беру жүйесінің басты мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Аудан бойынша қосымша білім беру мекемелерінде 6271 оқушы түрлі үйірмелермен қамтылған.

Үйірмелер Туристік өлкетану, экологиялық, спорт, техникалық шығармашылық, әлеуметтік педагогикалық, көркем-эстетикалық бағыттарда жұмыс атқарады.

 

4

Білім беру мекемелеріндегі берілетін тамақтың сапасын күнделікті бақылауда ұстау

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Аудандағы 38 мектептің бүгінгі таңда 33-інде аз қамтамасыз етілген отбасылардың 3067 оқушыға бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылған. Тамақтың құны 450 теңгені құрайды.

          Бір күндік ас мәзірінде буланған, қайнатылған тағамдарға қоса салаттар мен алма, айран сынды экологиялық  таза өнімдер қарастырылған. Сонымен қатар, сусындар шырыны, бал қосылған шай, компот, кисель беріледі.

Оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапасы білім бөлімінің жіті бақылауында.

5

Ана мен бала өліміне жол бермеу мақсатында өз біліктілігін арттыру үшін облыс орталығындағы білікті дәрігерлерден кеңес алып және олармен қарым - қатынас орнату

 

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында алдын - ала тексеру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мәселен, қатерлі топтағы жүкті әйелдер мен балалар мониторингі тұрақты күнделікті бақылауда. Күнделікті  қауіпті жағдайдағы жүкті әйел немесе бала болған жағдайда ауруханадағы мультитәртіптік топ мамандарымен консилуим жасалынып, облыстық деңгейдегі мультитәртіптік топ мамандары кеңесіне жүгінеді. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына баяндалып, облыстық деңгейге ауыстыру  алдын-ала келісім немесе өзіне санавиция шақыру арқылы жүзеге асырылады.

 

6

Дәрігерлердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуін жандандыру

 

 

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын

Мамандар мен қызметкерлердің этикасы мен көмектің сапасы туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. 2022 жылы негізді тіркелген шағым болған жоқ, дегенмен ауруханада пациенттер тарапынан болған наразылықтар мен арыз шағымдар «тез, осы арада» қағидасымен шешіледі. Аурухана әкімшілігіне 2022 жылы арыз-шағыммен қайырылған адамдар саны – 17. Барлығы өз шешімін тауып, түсініктеме берілді, 4 адамға мүгедектік алуға жәрдем берілді.

Әр тоқсан сайын ауруханада медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылығын анықтау мақсатында жасырын сауалнама өткізіледі. Сауалнама нәтижесі бойынша қанағаттану деңгейі 94,8 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, ауруханада «Пациенттерді қолдау қызметі» жұмыс істейді.

 

7

Әр ауылдық округ әкімі елді мекендегі әр тұрғынның табыс  көздерін арттыру бойынша және сол елді мекенге инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқару

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын

Бұл бағытта ауылдық округ әкімдерімен дөңгелек үстел өткізіліп, әр ауылдың қай бағытта жұмыс атқаруына бейімділігіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
2022 жылға 411 ,7 млн.теңгеге 21 жоба іске асырылып, бүгінгі күнге 92 жұмыс орны ашылды.

Мәселен:

1.Құлан ауылдық округі бойынша 2022 жылға 3 жоба 145,0 млн. теңгеге жоспарланып, бүгінгі күнге іске асырылды.

2.Луговой ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 10,5 млн. теңгеге жоспарланып, бүгінгі күнге іске асырылды.

3.Ақниет ауылдық округі бойынша 2022 жылға 2 жоба 6,0 млн. теңгеге жоспарланып, бүгінгі күнге іске асырылды.

4.Ақбұлақ ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 3,0 млн. теңгеге жоспарланып, бүгінгі күнге іске асырылды.

5.Ақыртөбе ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 5,0 млн. теңгеге жоспарланып, бүгінгі күнге іске асырылды.

6.Қайынды ауылдық округі бойынша 2022 жылға 3 жоба 1,13 млн. теңгеге жоспарланып, бүгінгі күнге іске асырылды.

7.Көгершін ауылдық округі бойынша 2022 жылға 2 жоба 2,5 млн. теңгеге жоспарланып, бүгінгі күнге іске асырылды.

8.Қорағаты ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 1,0 млн. теңгеге жоспарланып бүгінгі күнге іске асырылды.

9.Тереңөзек ауылдық округі бойынша 2022 жылға 2 жоба 22,3 млн. теңгеге жоспарланып, бүгінгі күнге іске асырылды.

10.Құмарық ауылдық округі бойынша 2022 жылға 2 жоба 25,3 млн. теңгеге жоспарланып, бүгінгі күнге іске асырылды.

11.Абай ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 50,0 млн. теңгеге жоспарланып бүгінгі күнге іске асырылды.

12.Көкдөнен ауылдық округі бойынша 2022 жылға 1 жоба 80,0 млн. теңгеге жоспарланып бүгінгі күнге іске асырылды.

13.Өрнек ауылдық округі бойынша 2022  жылға  1 жоба 60,0 млн. теңгеге жоспарланып бүгінгі күнге іске асырылды.

 

8

Қарақыстақ ГЭС мен Ақыртөбе - Әбдезім электр желілерін Жамбыл электр желілерінің теңгеріміне беру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу

 

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

1 қыркүйек

Ауданда 2011-2013 жылдары «Қарақыстақ ГЭС» және «Луговой жылқы зауыты» инвестициялық жобаларына «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында электр желілері жүргізілген. Нысандардың жалпы құны
1,8 млрд. теңге.

Аталған нысандар облыс әкімдігінің энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы қаржыландырылып, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аудан әкімдігіне қарасты «ҚұланЭнергоЖылу» ШЖҚ КМК теңгеріміне берілген.

2015 жылы ҚР Президентінің «100 нақты қадам Ұлт жоспары» бардарламасы қабылданып, өңірлік электр тасымалдаушы компанияларды ірілендіру қолға алынды.

100 нақты қадамның 51 қадамына сәйкес, «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңына (25-бабының 7-тармағы) өзгерістер енгізіліп, коммуналдық меншіктегі электр желілерін 2019 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға беру тапсырылған. Осы Заң нормаларын орындау мақсатында «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-не нысандарды теңгерімге алу туралы бірнеше рет хаттар жолданған.

Бүгінгі күнге аталмыш мәселе бойынша Жамбыл электр желі мекеме теңгеріміне алудан бас тартуда. Дегенмен, аудан әкімідігінің тарапынан облыс әкіміне және тиісті салалық басқармаға теңгерімге беруге ықпал ету бойынша бірқатар хаттар жолданды.

 

9

Құлан ауылындағы «Арай» алқабының 1 нүктесінің инфрақұрылымына, абаттандыруына, кәріз жүйесінің жұмыстарына қажетті қаражатты қарастыру мақсатында экономикалық қорытындыны әзірлеп, тиісті құжаттар топтамасын бюджеттік комиссияға ұсыну

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

6 маусым

Құлан ауылындағы «Арай» алқабының 1 нүктесінің инфрақұрылымына абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын «Ленон» ПТФ ЖШС мекемесі жұмыстарды жүргізіп, толығымен аяқтады.

 

10

Құлан ауылындағы аудандық орталық емханасының құрылыс жұмыстарын қаржыландыру мәселесін шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

20 маусым

Аудандық емхана құрылысы бойынша жобалық - сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Аманат партиясының сайлау алды бағдарламасына сәйкес 2024 жылдың жоспарында тұр.

 

11

Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагерін күрделі жөндеу  үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаражат көлемін анықтап, ұсыныс енгізу

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

6 маусым

 

Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагері 1970 жылы салынған. Жобалық қуаты 70 балаға арналған.

Ғимарат саманнан соғылғандықтан лагерьге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу тиімсіз, жаңа құрылыс қажет. Жаңа құрылысқа ЖСҚ әзірлеуге облыстық білім басқармасына ұсыныс енгізілді.

 

12

Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі «Тау самалы» демалыс орны мен Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагерін газдандыруға қажетті қаражат көлемін анықтап, газдандыру бойынша ұсыныс енгізу

 

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

6 маусым

 

Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі «SSS» демалыс орнына «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында газ тарту үшін жеке кәсіпкер С.Садықовқа ЖСҚ-ны өз қаражаты есебінен дайындау ұсынылды. Жеке кәсіпкер өз келісімін берді. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

 

13

Ауылдық округтерді дамыту бойынша жоспар құру

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

6 маусым

 

2021-2025 жылдарға арналған басқармалармен келісілген даму жоспарына сәйкес, 2022 жылға бөлінген бюджеттік 37 жоба, 4679,5 млн.теңге, инвестициялық 106 жоба, 78,6 млн. теңге. 15 ауылдық округтерге ауылдық елді мекендер бойынша бөлініп, даму жоспары келісілді.

14

Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер т.б.) мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығы және аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірігіп,  жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Инстаграм әлеуметтік желісіне 5 мәлімет жарық қөрді.

https://www.instagram.com/p/Ca9nOqPAAso/?igshid=MDJmNzVkMjY=

https://www.instagram.com/p/CgUBjf7jLBb/?igshid=MDJmNzVkMjY=

https://www.instagram.com/p/Cg4EAlAjwbB/?igshid=MDJmNzVkMjY=

https://www.instagram.com/p/ChrDj9_jWNB/?igshid=MDJmNzVkMjY=

https://www.instagram.com/p/Cij8TLQjPuz/?igshid=MDJmNzVkMjY

 

15

Ауыл тұрғындардың табыс көзін арттыру мақсатында ауыл тұрғындарын ұйымдастыра отырып, тұрғындардан сүт қабылдайтын кооператив құру

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

1 шілде

Аудан бойынша бүгінгі күнге халықтан сүт жинақтап, сүт өңдеумен айналысатын зауыттар мен цехтарға өткізумен 3 АШК-і айналысуда. Олар, Абай а/о СПК «Бірлік-2», Тереңөзек а/о СПК «Шыңғыс», Жаңатұрмыс а/о СПК «Жаңатұрмыс».

 

16

Абай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан ақпарат алуға арналған терминалдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Абай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан ақпарат алуға арналған «Е-Goldau» терминалы 2022 жылдың 25 сәуірінде орнатылды. Мамыр айынан бастап тұрғындар ақпарат алу мақсатында жұмыс жасалуда. Тегін вай-фай желісі іске қосылған.

 

17

Абай ауылының тұрғыны О.Бекназаровтың тәжірибесі негізінде ауылда таңқұрай өсіруді тұрғындар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Абай ауылының тұрғыны О.Бекназаров таңқурай өндіріп жатыр. Жыл сайын көшеттерін ауыл тұрғындары сатып алуда. Биыл Абай ауылының 25 тұрғыны таңқурай егеді деп жоспарланып отыр. Таңқурайды өсіру жолдарын, оны күтіп баптау үшін жастарға тәжірибелерін жиі көрсетіп, насихаттау жұмыстары жүргізілді.

 

18

Субсидияны және жеңілдетілген несиені алу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, оны мемлекеттік мекемелерге, несие ұйымдарына тапсыру туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер (субсидиялар) алу шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары ағымдағы жылдың ақпан айында «Агрооқыту» сабағында барлық ауылдық округтерді аралап, түсіндірілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне қайырылған ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тұрақты түрде түсіндірілуде. Аудан аумағындағы 15 ауылдық округінде агрооқыту кезінде
15 кездесу өткізілді, шамамен 800 адам қамтылды.

 

19

Құлан ауылы мен Луговой стансасы арасында қоғамдық көлікті жүргізу жолдарын қарастырып, тиісті шешім қабылдау

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

6 маусым

Луговой – Құлан бағытында қатынайтын қоғамдық көлік бойынша тиісті конкурс ұйымдастырылды. Конкурс нәтижесіне сәйкес «Концерн-КазСтройСервис» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Бүгінгі таңда 8 автобуспен қамтылып, халық игілігіне қызмет көрсетуде. Бағасы үлкендерге – 80 теңге, оқушыларға – 30 теңге.

 

20

Тиісті органдармен бірлесіп, мал басы көп шаруа қожалықтарды орман қоры жерлеріне шығара отырып, жайылым жер мәселесін шешу

07.06.2022 ж.

№713-А

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Ауылдық округ әкімдеріне ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы  елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтері таратылып, ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 7 орман пайдаланушы, жалпы ауданы 637,0 гектар таулы және құмды аймақтағы орман жер қорындағы жайылымдық жерлерді пайдаланып отыр.

 

21

Қорағаты ауылдық округіне қарасты елді мекендерге газ, ауыз су жүйесін тарту жолдарын қарастырып (тиімділігіне қарай), нақты ұсыныс енгізу

 

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

6 маусым

Бүгінгі таңда Т.Рысқұлов ауданының даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы Қорағаты ауылдық округіне қарасты 3 елді мекенге ауызсумен қамту мақсатында кешенді блокты модульдік қондырғы орнату жұмыстары жоспарлануда. Ал газдандыру бойынша 2025 жылға ст.Қорағаты ауылын, 2026 жылға Мамыртөбе, Тойқұдық, Аққайнар ауылдарын газдандыру жоспарлануда. Тиісті 2023-2027 жылдарға даму жоспарына енгізілді.

 

22

Қорағаты ауылдық округінде туындаған жер мәселесіне қатысты құрылған комиссия жұмысын мәселе шешімін тапқанға дейін жалғастыру

 

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

31 желтоқсан

«Қорағаты» ЖШС-нен өз жер үлестерін бөліп алалмай жүрміз деген 63 жер үлескеріне талдау жүргізіліп, «Қорағаты» ЖШС-нің құрамында 6, «НұрТАУ- Әулиеата» ЖШС-де 16,  «MОLBAL» ЖШС-де 15, «Мадияр» ш/қ 1, «Көкрек» ш/қ 2, «Аққайнар» ш/қ 1, «Шалқар» ш/қ 2, «Эльдияр» ш/қ 2, «Ұлар» ЖШС-де 1, «Достық-1» ш/қ 1 жер үлескері тіркелген. Жалпы 63 азаматтың 47-де жер үлестері шаруашылықтарда тіркелген, қалған 13 азаматтардың жер үлестері еш шаруашылықта тіркелмеген, ал 3 азаматқа мүлдем жер үлесі тиесілі болмаған

Қазіргі таңда «MOLBAL» жауапкершілігі тарапынан                         15 үлескердің 7-і серіктестікте жер үлестерін алмай қалдыратындығы, 3 қайтыс болған және мұрагерлік рәсімдеген, 4 үлескер табылмаған, 1 үлескер серіктестік мүшелігінде жоқ екендігі хабарланды. Серіктестіктің қайтыс болған мүшелеріне жер үлестерін мұрагерлікпен рәсімдеу жолдары түсіндірілді.       «НұрТАУ-Әулиеата» ЖШС-нің мүшелігінен 16 үлескердің 9 азаматты жер үлестері бөлініп берілді, қалған 7 азамат бөлініп шықпайтындығын хабарлады.

Қазіргі таңда пай үлескерлер тарапынан наразылық жоқ.

23

Қарақыстақ ауылдық округінде орналасқан оңалту орталығының жұмысына толық зерделеу (кадр мәселесі, жұмыс істеу режимі және т.б.) жүргізіп, нәтижесін баяндау

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

6 маусым

Қарақыстақ ауылдық округінде орналасқан оңалту орталығыныңжұмысына зерделеу жүргізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Бықыбаев ауыл ақсақалдарымен кездесіп, кадр мәселесіне қатысты заң шеңберінде  түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандықтарына сәйкес және мамандықты талап етпейтін жұмыс орындарына «Enbek.kz» порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 44 азамат жұмысқа жолданды. Бүгінгі күнге жағдай тұрақты.

 

24

Арнайы жұмыс тобын құрып, Т.Рысқұлов ауданындағы білім беру мекемелеріне қатысты зерделеу жұмыстарын (оқу процесі, білім сапасы, құқық бұзушылық және т.б.) жүргізіп, нәтижесін баяндау

07.06.2022 ж.

№713-А

2022 жылғы

10 маусым

 

Жамбыл облысы әкімінің  25 мамырдағы  №419 өкімен бекітілген комиссия мүшелері 27-28 мамыр күндері зерделеу жүргізілді.

Зерделеу барысында жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесі, соңғы 3 жылдағы білім сапасы, ҰБТ-дің қорытындысы, қорытынды аттестаттау, тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстары қаралды. Барлық мектептердің оқу- тәрбие жоспарлары стандарттық талаптарға сай жазылған. Жұмыстарға сараптама жүргізіліп, салыстырмалы түрде нәтижелері шығарылған. Білім сапасын арттыруда құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану, фунционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілген. Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау тұрғысынан тапсырмалардың бақылау пакеттері құрылған (қалыптастырушы бағалар жинағы, бжб, тжб). Бірлестік жетекшілері отырыстарында білім сапасының мониторингтерін шығарып, мұғалімдерге әдістемелік көмектер көрсетіп отыр.

Сондай-ақ,  зерделенген мектептерде мүмкіндігі шектеулі 33 бала оқиды. Оның 22-і үйден оқытылса, 11-і инклюзивті білім алуда. Туыстарының үйлерінде сенімхатпен тұрып жатқан 54 бала анықталды. Осындай жайсыз отбасы балаларының жағдайын, қараусыз, туыстарының үйінде жүрген балалардың жағдайын үнемі бақылауда ұстауда. Білім сапасын арттыру, жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 2022 жылғы 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында Жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылды. Оған жалпы саны  4682 оқушы қамтылған.

 

 

 

Информация об исполнении плана мероприятий по реализации предложений, озвученных в ходе встречи акима области с жителями района Т. Рыскулова
Дата публикации
26 января 2023