Предложения, озвученные в ходе встречи с жителями Кордайского района утверждены мероприятия по реализации

Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды

іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекітілісі

(25.01.2023 орындалуы)

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалу барысы

 

1.

«Жаңатұрмыс – Бірлік» АШК - не делдалдықты жою мақсатында ет тасуға арналған «Рефережатор» техникасын алу бағытында жұмыстар жүргізу

2022 жылғы

1 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы,

«Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ

(келісімі бойынша),

Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Жамбыл ауылдық округіндегі «Жаңатұрмыс – Бірлік» АШК ет тасуға арналған «Рефережатор» техникасы тек қана ет тасуға арналғандықтан және ауылда қасапхана болмауына байланысты  алудан бас тартты.

 

2.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сөреге делдалсыз жеткізу жолдарын қарастыру

2022 жылғы

1 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Жамбыл ауылдық округінде «Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасы аясында аудан орталығындағы «Үсен Ұлы» сауда базарымен үш жақты меморандум жасалған. Нәтижесінде шаруалар өнімдерін сөреге дейін делдалсыз жеткізуде (ауылдық округ әкімшілігі, кооператив мүшелері және «Үсен Ұлы» сауда базарының әкімшілігі).

 

3.

Тұрғындардың сұранысы бойынша бау-бақша егу үшін 1 га жер телімін беру мәселесін қарастыру

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Қордай ауданының әкімі

(жинақтау)

Қордай ауданы бойынша аукционсыз бау бақша шаруашылығын жүргізу үшін 1,0 гектар жер учаскесін беру бойынша 47,0 гектар жер учаскесі аудандық жер комиссиясының оң қорытындысымен 47 азаматқа табысталды. Қазіргі таңда жерге орналастыру жобалары әзірленуде. Жерге орналастыру жобалары дайын болғаннан кейін аудан әкімдігінің тиісті қаулылары қабылданатын болады.

 

4.

Пилоттық жобаға ұсынылған аудандағы Кенен ауылдық округі бойынша әр үйге талдау жұмыстарын жүргізу

2022 жылғы

31 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы,

«Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ

(келісімі бойынша),Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Қордай ауданы бойынша 2022 жылға пилоттық жобаға Кенен ауылдық округі белгіленді. Ауылдық округтің паспорты облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды. Ауылдық округке талдау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ - на 2 бағыт бойынша 2,5% несие алуға 148 адамның 95 адамы құжаттарын өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

5.

Ауыл әкімдері табысы төмен отбасыларды анықтап, оларды мемлекеттік бағдарламаларға тарту

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Қордай ауданының әкімі

Аудан бойынша табысы төмен отбасылардың тізімі жасақталған. Атап айтсақ, Қордай ауданы бойынша 507 отбасыға немесе 2 631 адамға 21,6 млн.тг мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. 687 балаға 39,1 млн.тг  кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді. 2022 жылы аудан бойынша тұрғын үй көмегіне 0,9 млн.тг  қарастырылып,  35 отбасы немесе 190 адамға төленді. Жыл басынан өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын  152 азамат жалпы сомасы 20,3 млн.тг бір жолғы және мерзімдік әлеуметтік көмек төленіп берілді. Жыл басынан ауданда 2 598 отбасыға жалпы сомасы 154,5 млн.тг қайырымдылық көмек көрсетілді.

 

6.

Республикалық мәндегі «Қордай – Шу» автожолының Сарыбұлақ ауылынан өтетін жаяу жүргіншілерге арналған өткел салу және бейнебақылау камераларын орнату бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу

2022 жылғы

15 қараша

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,

Полиция департаменті

(келісімі бойынша),

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы (келісімі бойынша),

Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Республикалық мәндегі «Қордай – Шу» автожолының Сарыбұлақ ауылынан өтетін жаяу жүргіншілерге арналған өткел салу бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалына Қордай ауданы әкімдігі тарапынан 19.10.2022 жылы № 2-5619 шығыс хаты жолданған.

Нәтижесінде, ҚР ЕЖ 3.03 – 101.2013 автомобиль жолдары ережелер жинағының 6.1.2. тармағына сәйкес «Әр түрлі деңгейдегі жүргіншілер өткелін (жер асты немесе жер үсті) І-б санатындағы жол үшін 100 адам/сағ. жүргіншілер қозғалысының қарқындылығы кезінде І-б және ІІ санатындағы жолдар арқылы жобалау» талап етілгендігін басшылыққа ала отырып, филиал Сарыбұлақ ауылына жаяу жүргіншілерге арналған өткел құрылысын жүргізуге мүмкіндік жоқ екенін хабарлады. Ал, аталған автожолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камераларын орнату бойынша Жамбыл облыстық полиция департаментіне аудан әкімдігі тарапынан 04.11.2022 жылы хат жолданып, жауабы күтілуде.

 

8.

Ауқатты ауылындағы Ә.Бөкейханов атындағы №9 орта мектептің директорының қызметіне зерделеу жұмысын жүргізу, атқарылған жұмыстар бойынша ұсыныс енгізу

2022 жылғы

15 қараша

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үйсімбаев,облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау)

Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан құралған комиссия Ауқатты ауылындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебі директорының жұмысына зерделеп, нәтижесінде мектеп директоры Н.А.Танабековаға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды (№ЖҚ-456 бұйрық, 22.11.2022 жылы).

 

9.

Қызылсай ауылына су қоймасын салу мәселесін жан-жақты зерделеп, ұсыныс енгізу

2022 жылғы

15 қараша

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазсушар» РМК

Жамбыл облыстық филиалы (келісім бойынша),Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Ағымдағы жылдың 18 қараша күні облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің  басшылығымен арнайы жұмысшы топ Қызылсай ауылына келіп, су қоймасын салу жоспарланған орынды көрді. Облыс әкімінің орынбасары «Жамбыл Су қоймалары» мекемесіне жобаны іске асырудың жұмыс алгоритімін бекітуді және ағын судың, жауын-шашынның мөлшеріне зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Зерделеу жұмыстары аяқталған соң тиісті шешім қабылданатын болады.

 

10.

Қызылсай ауылынаауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу

2022 жылғы

31 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Қызылсай ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін арнайы сүзгілер орнатуға қажетті электр желілерін тартуға смета әзірленуде. Аталған жұмыстарды 01.02.2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

 

11.

Ауқатты ауылдық округіндегі ескірген электр бағаналарын анықтап, оларды ауыстыру бойынша тиісті шаралар қабылдау

2022 жылғы

1 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС (келісім бойынша),Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Ауқатты ауылдық округіндегі Қызылсай ауылында ескірген электр бағаналарына комиссиялы түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ауыл бойынша жалпы 73 электр желілеріне арналған тірек құралдарымен бірге ауыстыруды қажет екендігі анықталды. Аудандық электр тарату жүйесі мекемесі тарапынан ақау актісі әзірленіп, «ЖамбылЖарықСауда» ЖШС-не жолданды. Аталған жоба қолдауын тауып, жұмыстары 2023 жылдың II тоқсанының соңында басталуы жоспарлануда.

 

12.

Ауқатты ауылының тұрғын үйлерін газға қосу техникалық рұқсатнамасын алу бойынша жұмыстарын бір ай көлемінде аяқтау

2022 жылғы

15 қараша

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы (келісімі бойынша), Қордай ауданының әкімі (жинақтау)

Ауқатты ауылының тұрғын үйлерін газға қосу үшін техникалық рұқсатнамасын алу бойынша ауыл тұрғындарына тиісті көмектер көрсетіліп, 2022 жылдың 14 қазанынан бүгінгі күнге дейін 157 үйдің құжаттары әзірленді. Бұл құжаттардың барлығы техникалық шарттарын алу үшін Қордай аудандық «ҚазТрансГазаймақ» мекемесіне жолданып, 118 үйдің рұқсатнамасы алынды. Бүгінгі күнге 39 үйдің құжаттары Қордай аудандық «ҚазТрансГазаймақ» мекемесі тарапынан тексеру жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, рұқсаты келген 118 үйдің 50 газға қосылған. Қазіргі таңда 68 үйді газға қосу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

             

 

Предложения, озвученные в ходе встречи с жителями Кордайского района утверждены мероприятия по реализации
Дата публикации
26 января 2023