Облыс әкімінің Аса, Гродиково ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы (3 қазан 2022 жыл)

Облыс әкімінің Аса, Гродиково ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы (3 қазан 2022 жыл)

 

№

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалу барысы туралы

1

2

3

4

5

6

1.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамыту бағытында тиісті шаралар қабылдау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылдың соңына дейін

Жамбыл ауданының

әкімі

Жамбыл ауданы әкімдігі тарапынан ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамыту бағытында тиісті шаралар қабылданып, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 25,2 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 109,6%-ды, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 70,2 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 109,5%-ды, құрылыс жұмыстарының көлемі 17,2 млрд. теңгегені немесе нақты көлем индексі 106,5%-ды, бөлшек сауда айналымы 12,3 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 118,1%-ды құрап, жыл ішінде пайдалануға 76 861 шаршы метр жеке тұрғын үй қабылданды немесе 102,1%-ды құрады.

Жыл қорытындысымен тек негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі орындалмай, 23,8 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 65,7%-ды құрады.

2.

Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Жамбыл ауданының

әкімі

Аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша арнайы мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, барлық елді мекендерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы жұмыспен  қамтуға  6 309 адам (әйелдер - 3157,      29 жасқа дейінгі жастар - 2859, мүмкіндігі шектеулі азаматтар - 214)  өтініш білдіріп, 4 216 адам қамтылды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба арқылы ашылған уақытша және тұрақты жұмыс орындарына  6 805 адам қамтылды.

қысқа мерзімді кәсіптік оқуға - 82, жұмыс орнында жұмыссыздарды оқыту курстарына – 35, электрондық еңбек биржасы бойынша оқытуға – 110, қайтарымсыз грант – 284,    бастау бизнес жобасы аясында – 2038, «Жастар практикасы» бағдарламасымен - 162 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына - 112 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға -1 102, Алғашқы жұмыс орнына – 10, күміс жас – 28, ұрпақтар сабақтастығына - 2 адам,             тұрақты жұмыспен 2840 адам қамтылды.

Бүгінгі күнге мүмкіндігі шектеулі                  214  азамат жұмыспен қамтылды (ақылы қоғамдық жұмысқа  45   адам, қысқа мерзімді оқу курстарына – 4 адам,                   3 адам  жұмыс орнында жұмыссыздарды оқыту курстарына, «Жастар практикасы» – 1 жас, грант - 20 адам, бастау бизнес 63 адам, 74 адам тұрақты жұмыспен қамтылды күміс жас 4 адам).

2023  жылдың 1 қаңтарына                      611 отбасындағы 3 406 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

3.

Ауданға инвестициялық жобалар тарту бағытында жұмыстар жүргізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

 

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы,

Жамбыл ауданының

әкімі(жинақтау)

Ауданда 2025 жылға дейінгі                            3 бөлімнен тұратын Жамбыл ауданының даму жоспарының жобасы әзірленген (1. Жеке инвестициялық жобалар; 2. Бюджеттік жобалар; 3.Жұмыспен қамту) іске асырылатын 115 инвестициялық жобалар тізбесі әзірленген. Жалпы құны 30,8 млрд. теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орындары 1 024 бірлік.

2022 жылы жеке инвестициялар есебінен 50 жоба (құны 27,8 млрд.) іске асырылып, 305 жұмыс орны құрылды.

2022 жылға жоспарланған                             29 бюджеттік жобаның 20-сы іске асырылып, 107 адам жұмыспен қамтылды.

4.

Ауданда тұрақты жұмыс орындарын ашу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылдың соңына дейін

Жамбыл ауданының

әкімі

2022 жылы жұмыспен  қамтуға                     6 309 адам (әйелдер - 3157, 29 жасқа дейінгі жастар - 2859, мүмкіндігі шектеулі азаматтар - 214)  өтініш білдіріп,                      4 216 адам қамтылды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба арқылы ашылған уақытша және тұрақты жұмыс орындарына  6 805 адам қамтылды.

қысқа мерзімді кәсіптік оқуға - 82, жұмыс орнында жұмыссыздарды оқыту курстарына – 35, электрондық еңбек биржасы бойынша оқытуға – 110, қайтарымсыз грант – 284,    бастау бизнес жобасы аясында – 2038, «Жастар практикасы» бағдарламасымен - 162 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына - 112 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға -1 102, алғашқы жұмыс орнына – 10, күміс жас – 28, ұрпақтар сабақтастығына - 2 адам,             тұрақты жұмыспен 2840 адам қамтылды.

Бүгінгі күнге мүмкіндігі шектеулі                   214  азамат жұмыспен қамтылды (ақылы қоғамдық жұмысқа  45   адам, қысқа мерзімді оқу курстарына – 4 адам,                       3 адам  жұмыс орнында жұмыссыздарды оқыту курстарына, «Жастар практикасы» – 1 жас, грант - 20 адам, бастау бизнес 63 адам,  74 адам тұрақты жұмыспен қамтылды күміс жас 4 адам).

2023  жылдың 1 қаңтарына                       611 отбасындағы 3406 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

5.

Аудан аумағында құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында үгіт-насихат жұмыстарын күшейту

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Жамбыл ауданының

әкімі

Құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында аудан әкімдігі жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған. «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды талдау және алдын-алу жұмыстары туралы арнайы жұмыс жоспары бекітілген.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында 2022 жылы 138 іс-шара өткізіліп, тұрғындарға «Үй жайларыңызды және жеке мүліктеріңізді, малдарыңызды қарасаусыз қалдырмаңыздар! Ұрлық – түбі қорлық» тақырыптарында арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, ақпараттық 22 билборд орнатылды.

6.

Ауылішілік газ құбырлары жүргізілген елдімекендерге жылыту маусымына дейін газ беруді ұйымдастыру

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

15 қазанға дейін

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау)Жамбыл ауданының әкімі

Аудан бойынша 42 елді мекеннің  38-і табиғи газ жүйесімен қамтылған (90,4%). Магистральды газ құбырлары жүргізілген елдімекендер толық газбен қамтылды.

Қалған Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңаөткел елді мекендерінің ауыл ішілік газбен қамту үшін құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды (446,6 млн.). Бұдан бөлек 2023 жылы Сеңгірбай ауылына магистралды газ құбырын және ауыл ішілік газ құбыры құрылыс жобасының жобалық сметалық құжаттары әзірленетін болады.

Осы аталған 4 елді мекен табиғи газға қосылған жағдайда аудан толық (100%) қамтылатын болады.

7.

Жамбыл облысының білім саласындағы мектеп құрылысының жол картасына сәйкес Рахат, Қызылдихан ауылдарында жаңа мектеп құрылысын жүргізуді бақылауға алу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты, жол картасына сәйкес

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Жамбыл ауданының әкімі

Рахат және Қызылдихан ауылдарында 80 орындық орта мектеп құрылысын жүргізу үшін облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлеу жұмысы жоспарға алынған. Аталған құрылыс нысандарына жер таңдау актісі жасалып, жер телімі жеке тұлғаға тиесілі болғандықтан мемлекет меншігіне қайтару бойынша келісім жұмыстары жүргізілуде.  2025 жылы құрылысын жүргізу жоспарлануда.

8.

Аса ауылындағы жаңа тұрғын үй алқабындағы инженерлік-инфрақұрылым желілерін аяқтауға қаражат бөлуге ұсыныс беру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау)Жамбыл ауданының әкімі

Аса ауылында жер телімін алуға жалпы 2 125 азамат кезекке тұр. Аса ауылынан бірінші кезеңде 811 жер телімін тарату мақсатында 2021 жылға жаңа тұрғын алаптарын сумен жабдықтау жүйесін салуға 43,4 млн. теңге, жаңа тұрғын үй алаптарын инженерлік-коммуникациялық инфоқұрылым құрылым салу, газбен жабдықтау үшін 38,2 млн. теңге қаралып құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Электр желілерінің жұмысының жобалық құны 572,8 млн. теңге болса, 2022 жылға 200,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар басталған. Қалған 372,8 млн. теңге ағымдағы жылға бөлінді.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылы толық аяқталатын болады. Ал, тұрғын алқаптың жолына ағымдағы жылға қажетті 85,0 млн. теңге аудандық бюджеттен бөлінді. Ағымдағы жылы инженерлік–коммуникациялық жұмыстары толық аяқталатын болады.

9.

«Еуропа қайта құру және даму банкі» бағдарламалары аясында құрылысы жүргізіліп жатқан каналдардың құрылысын толық аяқтау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

жыл соңына дейін

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

«Қазсушар» РМК

Жамбыл облыстық филиалы (келісім бойынша, жинақтау),

Жамбыл ауданының әкімі

«Еуропа қайта құру және даму банкі» бағдарламалары аясында «Толағай-2050» ЖШС-і тарапынан Аса ауылдық округі аумағында орналасқан «Қуат» және Қаракемер ауылдық округіндегі «Жамбыл» каналдарына, «China Civil Engineering Construction Corporation» ЖШС-і тарапынан Ақбастау ауылдық округі аумағында орналасқан «Мейірман», «Сейдалы» каналдарына және «Павлодарский речной порт» АҚ тарапынан Өрнек ауылдық округіндегі «Р 2» каналына жөңдеу жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылдың соңына дейін толық аяқталады.

10.

«Аса-Тараз» бағытындағы автобустардың жүру интервалын жүйелеп, тұрақты қатынауын ұйымдастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау)Жамбыл ауданының әкімі

«Аса-Тараз» бағытындағы қоғамдық көлік қызметі «Мерей» ЖШС-гі тарапынан 3-4 кестемен уақытша қызмет көрсетілуде. Автобустардың жүру интервалын жүйелеп, тұрақты қатынауын ұйымдастыру үшін Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сұраныс жолданды. Қазіргі таңда бекітілген кестеге автобустар сәйкес тұрақты қатынауда.

12.

Аса ауылындағы теміржолдың үстінен өтетін көпір соғу мүмкіндіктерін зерделеп, ақпаратын ұсыну

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

15 қазан

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау)Жамбыл ауданының әкімі

Жамбыл ауданы Аса ауылында           12 500-ге жуық халық тұрады. Аса ауылының ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның Тараз қаласынан Жаңатас қаласына дейінгі және кері бағыттағы 6 жолақты темір жолы өтеді. Қазіргі таңда тұрғындар автокөлік арқылы темір жолдың арғы бетімен бергі бетіне айналма жолдар арқылы, ал, жаяу жүргіншілер темір жол станциясы арқылы өтуде. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аспалы көпір соғу мәселесі туындаған.

ҚР Премьер-министрдің орынбасары Р.В.Склярдың 2020 жылдың 28 ақпан қашықтықтан онлайн арқылы ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауына аудан тұрғыны Б.У.Сырлыбаев қатысып, орын алған жағдайды толық хабарлаған. Аталған қабылдауға қатысуышалар Жамбыл облысында «Amanat» партиясы облыстық филиалы ғимаратында орналасқан бейне-байланыс жүйесі арқылы шықты.

Нәтижесінде ҚР Премьер-министрдің орынбасары Р.В.Склярдың келісімі негізінде жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге аудандық бюджет есебінен 6,0 млн теңге бөлініп, 273,6 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекттік сaраптамадан өткізілген (мердігері «Игілік Строй Проект» ЖШС-гі).

Жобаны қаржыландыру үшін Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылған.

13.

Аса ауылындағы теміржолдың арғы бетіне шағын футбол алаңын салу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

1 мамыр

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау)Жамбыл ауданының әкімі

Аса ауылындағы темір жолдың арғы бетіне шағын футбол алаңын салу үшін 16,5 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, аудандық бюджет есебінен қаражаты бөлінді. 2023 жылдың                  1 мамырына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

 

 

 

Облыс әкімінің Аса, Гродиково ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы (3 қазан 2022 жыл)
Дата публикации
25 января 2023