Облыс әкімінің Айшабибі, Ақбастау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы (12 қазан 2022 жыл)

Облыс әкімінің Айшабибі, Ақбастау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы (12 қазан 2022 жыл)

 

№

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалу барысы туралы

1

2

3

4

5

 

1.

Айшабибі ауылындағы орталық Жібек жолы көшесінің бойынан бағдаршам орнату мүмкіндіктерін зерделеп, ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 желтоқсанға дейін

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Ибрайханов,

облыстық полиция департаменті (жинақтау)Жамбыл ауданының әкімі

Айшабибі ауылындағы орталық Жібек жолы көшесінің бойынан бағдаршам орнату үшін облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан жергілікті бюджет есебінен орнатуға рұқсат алында. 2023 жылға жергілікті бюджет есебнен қаржыландыруға ұсыныс әзірленуде.

2.

Айшабибі ауылдық округіндегі «Райс» және «Бошақай» каналдарының, Ақбастау ауылдық округіндегі «Мейірман» және «Сейдалы» каналдарынының құрылысын толық аяқтау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы                       1 сәуірге дейін

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

«Қазсушар» РМК

Жамбыл облыстық филиалы (келісім бойынша, жинақтау),

Жамбыл ауданының әкімі

«Еуропа қайта құру және даму банкі» бағдарламалары аясында «China Civil Engineering Construction Corporation» ЖШС-і тарапынан Ақбастау ауылдық округі аумағында орналасқан «Мейірман», «Сейдалы» каналдарына жөңдеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі күнде «Мейірман» каналы 85 пайызға, «Сейдалы» каналы 87 пайызға аяқталды.

Ал, Айшабибі ауылдық округіне қарасты Қаратау ауылындағы «Раис» каналының жөндеу жұмыстарын мердігер СМУ «Бурводстрой» ЖШС-і 2023 жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлануда. «Бошақай» каналын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 2023 жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлануда.

3.

Шоқай ауылында құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа мектеп ғимаратына оқушылардың баратын жолына орта жөндеу жұмыстары мен түнгі көше жарығын орналастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

1 қыркүйек

Жамбыл ауданының әкімі

Шоқай ауылындағы жаңа мектепке оқушыларға баратын жолдың орта жөндеу жұмыстары мен түңгі көше жарығын орналастыру үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 20 млн теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылған. 2023 жылы қаржыландыру жоспарлануда.

4.

Шоқай ауылындағы Д.Байғазиев көшесіндегі ескірген электр бағаналарын ауыстыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

1 қыркүйек

Жамбыл ауданының әкімі

Шоқай ауылындағы Д.Байғазиев көшесіндегі 43 электр бағанасының 10-ы ескірген, Жамбыл аудандық электр жүйесі мекемесінің теңгерімінде. Ескірген электр бағаналарын ағымдағы жылы соңына дейін ауыстыру жоспарлануда.

5.

Кәсіпкерлерді тарта отырып мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Бірлесу-Еңбек ауылында бала-бақша құрлысын жүргізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

1 қыркүйек

Жамбыл ауданының әкімі

Бірлесу-Еңбек ауылына бала-бақша құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп, кәсіпкерлер тарапынан бала-бақша құрылысын жүргізуден бас тартылды. Қосымша кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.

6.

Айшабибі кесенесінің аумағынан саябақ құрылысын жүргізу мүмкіндігін зерделеп, ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

1 мамыр

Жамбыл ауданының

әкімі

Айшабибі кесенесінің аумағынан саябақ құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары мен эскизі әзірленіп,  бюджеттік өтінім ұсынылды. Жобалық құны 69 млн теңге. Қаржыландыру күтілуде.

7.

Жаңа тұрғын үй алқабына жеке ауыз су мұнарасы құрылысын жүргізу қажеттілігін зерделеп, қорытындысын ұсыну

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

15 қазан

Жамбыл ауданының

әкімі

Айшабибі ауылында 973 аула, 23 кәсіпкерлік нысанға қолданыстағы ауыз су мұнарасынан 1 000 куб су жеткізілуде. Қазіргі таңда қосымша 700 куб су қажеттілігі бар.

2022 жылы жаңа тұрғын үй алқабынан 382 жер телімі таратылып, тұрғын үй құрылыстары жүргізілуіне байланысты қосымша ауыз су мұнарасын соғу қажеттілігі туындауда. Қазіргі таңда мәселені шешу жолдары зерделеуде.

 

 

 

 

Облыс әкімінің Айшабибі, Ақбастау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы (12 қазан 2022 жыл)
Дата публикации
25 января 2023