Сведения об исполнении плана мероприятий по реализации предложений, озвученных в ходе встречи акима области с жителями территориального округа №5 города Тараз

Облыс әкімінің Тараз қаласы №5 аумақтық округі тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

3

4

5

1.

1 мөлтек ауданы 20 үй аумағындағы тал-дарақтарды суару, арық жүйесін қалпына келтіру

   тұрақты,

аралық ақпарат

  тоқсан сайын

Тараз қаласының әкімі

2022 жылы қала аумағындағы арық жүйелерін қалпына келтіру бойынша ЖСҚ әзірленіп, ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен бекітілген. Жобаның жалпы құны 22,7 млрд.теңгені құрады.

Қазіргі таңда жобалардың құнын 3,0 млрд.теңгеге дейін төмендету бойынша түзету енгізілуде.

Арық жүйелерін қалпына келтіру қаланың округтік аймақтарында кезең кезеңімен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылға қала бюджетінен 1,0 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бірінші кезекте қаланың №1,3,7 округтарында жұмыстар жүргізу жоспарланған.

2.

1 мөлтек ауданы 20 үйді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін ауыз су жүйесін мердігер тарапынан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

Жыл соңына дейін

Тараз қаласының әкімі

 

Аталған үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым «Герун- Жаңатас» ЖШС-гі. Күрделі жөндеу жұмыстарының сомасы 46 889 640 теңгені құрайды.

 Ақбұлақ (1) мөлтек ауданының №20 көпқабатты үйінде күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде, жер - төлесіндегі су жүйесі құбырларын жаңғырту  жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда аталған көпқабатты тұрғын үйдің құбыр жүйлері қалыпты жағдайда толығымен жұмыс жасап тұр.

3.

Көше жолдарына, әсіресе мектептерге барар жолдарға жаяу жүргіншілер белгілері мен жолақтарын салу

2022 жылғы

15 желтоқсан

Тараз қаласының әкімі

2022 жылы мердігер «СтройМонтажGROUP» ЖШС-мен қалада 560 жол белгісі орнатылды. Оның ішінде полиция басқармасының жол техникалық инспекция бөлімшесінің нұсқамасына сәйкес мердігер тарапынан мектеп және балабақшаға барар жолдарға жаяу жүргіншілер белгілері мен жолақтарын салу жұмыстары жүргізілді.

4.

Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамту жұмыстарын тұрақты жүргізу

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Тараз қаласының әкімі

 

Тараз қаласы бойынша ветеринариялық станциясы тарапынан:

2022 жылы 423 қаңғыбас ит ауланды.

2 бригада күндізгі және түнгі ауысыммен  жұмыс атқаруда.  Ит аулау жұмыстары күнделікті тұрақты түрде жүргізілуде.

5.

2 мөлтек ауданы 29 үйдің жанындағы "Эврика" жанар-жағармай құю стансасының өрт қауіпсіздігі мәселесін зерделеп, заңнама талаптарына сәйкес шара қабылдау

 

2022 жылғы

30 қараша

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті

(келісім бойынша)

Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген рт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентерінің 8-қосымшасы 1-кестесі 2-тармағындағы С-типті жаңар-жағармай құю бекеттеріне арналған шарт, яғни 25 метрден кем болмауы тиіс делінген. Аталған бекет үйден 34 метр қашықта орналасқан. Сондықтан қағидаға сәйкес болып табылады.

6.

10 мөлтек ауданында мобильді интернет (4G) желісінің жылдамдығын арттыру мәселесін зерделеп, шешу жолдарын қарастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022 жылғы

10 желтоқсан

 

 

 

 

Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

Cымды интернетке қосылудың заманауи баламасы ретінде «Қазақтелеком» АҚ-ның 4G технологиясын қолдана отырып, жоғары жылдамдықты сымсыз интернеті бар қызметтер пакетін және тарифтік жоспарлар туралы толық ақпаратты https://telecom.kz сайтында алуға болады. Сонымен қатар, қосылу қызметтеріне өтінімді http://telecom.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы, 160 нөмері бойынша, WhatsApp және Telegram мессенджерлерінің 87080000160 телефондары арқылы беруге болады.

Тапсырма орындалды. 

7.

Ш.Қуанышбаев көшесін күрделі жөндеуден өткізу үшінтиісті жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, қаржыландыру мәселесін шешу

 

Жыл соңына дейін

Тараз қаласының әкімі

Қала әкімдігінің мамандары орынға шығып аталған Ш.Қуанышбаев көшесін зерделеу барысында, көшеде асфальт жабындысы қанағаттандырлық жағдайда екені анықталды. Сонымен қатар, Ж.Қуанышбаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізілгендігін ескеру керек.

8.

Б.Момышұлы көшесінің 4-бұрылысында кесілген талдың түбірін алу

2022 жылғы

15 қараша

Тараз қаласының әкімі

Қала аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау, суару, қураған ағаштарды кесу жұмыстары мемлекеттік сатып алу келісімшарты негізінде «Жасыл Ел-Тараз» мекемесімен жүзеге асырылуда. Келісімшарт талаптарына сәйкес кесілген ағаштың түбірін алу жұмыстары сметалық құжаттамада қарастырылмаған.

 

9.

Ы.Сүлейменов көшесінен                     «Теле-2» операторының базасына аукцион арқылы алынған жер телімінің мәселесін зерделеп, заңнама талаптарына сәйкестендіру

2022 жылғы

25 қараша

Тараз қаласының әкімі

 

Ы.Сүлейменов көшесінен                     «Теле-2» операторының базасына жер телімін беру үшін аукцион өткізілмеген

10.

1 мөлтек ауданы 21 үйдің қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу барысында бұзылған жаяу жүргіншілер жолын мердігер тарапынан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

2022 жылғы

10желтоқсан

Тараз қаласының әкімі

Аталған үйдің ағымдағы жөндеу жұмыстары 2011 жылы жүргізілген, мердігер ұйым «Темір Айбархан» ЖШС-гі.

«Ақбұлақ» м/а №21 көпқабатты тұрғын үйінің жаяу жүргіншілер жолы 2020 жылы бүлінген, яғни тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде емес.

Қазіргі таңда Ақбұлақ мөлтек ауданының №21 көпқабатты тұрғын үйінің жаяу жүргіншілер жолын мердігер тарапынан қалыпқа келтіру яғни жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттеу мүмкіншілігі жоқ.

11.

1 мөлтек ауданы 21 үйдің аумағындағы талдарды кесу жұмыстарын заңнама талаптарын сақтап жүргізу

2022 жылғы

30 қараша

Тараз қаласының әкімі

 

Тұрғындардың арызы «Ақбұлақ» мөлтек ауданы №20 және 21 үйлердің ауласындағы қураған ағаштарды кесу, бұтақтарын санитарлық бұталау бойынша 2022 жыл 16 қыркүйек күні рұқсат қағаздары рәсімделіп, «Жасыл Ел-Тараз» мекемесіне жұмыстарды кезектілікпен орындауға тапсырма берілген.

Алайда, қазіргі таңда қаладағы қураған ағаштарды кесу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кезектілікпен жұмыс жүргізу кешіктірілуде.

Осы мекенжай бойынша рұқсат қағазының мерзімі ұзартылып, жұмыстар 2023 жыл 30 сәуірге дейін жүзеге асады.

12.

«Mobile-Telekom»операторына аукцион арқылы сатылған жер телімі мәселесін зерделеп, заңнама талаптарына сәйкес шешімін қарастыру

2022 жылғы

30 желтоқсан

Тараз қаласының әкімі

 

«Mobile-Telekom»операторына аукцион арқылы жер телімі сатылмаған. 

13.

Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдап, жоспарлы жұмыстар ұйымдастыру

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жоспарына сәйкес 2022 жылдың басынан бастап 12 айдың қорытындысы бойынша 23  комиссия отырысы өткізілді. Оның ішінде 5 кезекті, 17 көшпелі, 1 кеңейтілген. Отырыстарда барлығы 106 кәмелетке толмаған балаларға қатысты мәселелер қаралып, тиісті қаулылары шығарылды.

14.

1 мөлтек ауданы 20 үйдің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастыру

 

2022 жылғы

20 желтоқсан

Тараз қаласының әкімі

 

Қала әкімінің бас инспекторы және қала әкімдігінің бөлімдері тарапынан 1 мөлтек ауданы №20 үйдің тұрғындарымен кездесу өткізіліп, көтерілген мәселелері бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

15.

Интернет желісінің жылдамдығын күшейту мақсатында байланыс операторларының антенналарын орнату жұмыстары бойынша тұрғындармен кездесу өткізіп заңнамалық тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру

2022 жылғы

10 желтоқсан

Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы

Тараз қаласының әкімі

Cымды интернетке қосылудың заманауи баламасы ретінде «Қазақтелеком» АҚ-ның 4G технологиясын қолдана отырып, жоғары жылдамдықты сымсыз интернеті бар қызметтер пакетін және тарифтік жоспарлар туралы толық ақпаратты https://telecom.kz сайтында алуға болады. Сонымен қатар, қосылу қызметтеріне өтінімді http://telecom.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы, 160 нөмері бойынша, WhatsApp және Telegram мессенджерлерінің 87080000160 телефондары арқылы беруге болады.

                                                                                                                                               

Сведения об исполнении плана мероприятий по реализации предложений, озвученных в ходе встречи акима области с жителями территориального округа №5 города Тараз
Дата публикации
25 января 2023