2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы



«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2) және 8) тармақшаларына сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 18/671 қаулысы басшылыққа алынсын.
  2. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссиялары тиісті Күнтізбелік жоспарларды әзірлесін және қабылдасын.  
  4. Осы қаулы Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                    С. Айдапкелов

 

Хатшы                                                                  А. Боранбаев

 

Тараз қаласы

2023 жылғы 20 қантар

№ 5

Постановление об утверждении КП каз
Дата публикации
21 января 2023