Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ
Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №24-5, 24-6 шешімдері негізінде және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 20-бабы 4) тармағына сәйкес Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы Жамбыл облысының аумағындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының алғашқы отырыстарын 2023 жылғы 17-18 қаңтар күндері шақыратындығын хабарлайды.
Округтік сайлау комиссияларының алғашқы отырыстары ZOOM конференциясы арқылы өтеді.