Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

хабарламасы

 

2023 жылғы 15 қаңтарда Жамбыл облысында Меркі ауданының Акермен және Аспара ауылдық округтері, Сарысу ауданының Байқадам және Досбол ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Меркі ауданының Акермен ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округ бойынша сайлаушылар тізіміне 1300 сайлаушы енгізілді, оның 768-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 1.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Байдаулетов Г. - 610;  Байназаров Т.  – 2; Омар А. – 147; Шералиев Н. - 1.

           Акермен ауылдық округінің сайланған әкімі Байдаулетов Гани Избасарович 1976 жылы туылған, Акермен ауылдық округінің әкімі, «AMANAT» партиясы ұсынған, Акермен ауылдық округі, Акермен ауылында тұрады.

Меркі ауданының Аспара ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1003 сайлаушы енгізілді, оның 694-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі  бар - 3.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Ердалиев Ж. - 55;  Кауымбаев Б. – 71; Оспанбекова Г. – 551;

           Аспара ауылдық округінің сайланған әкімі Оспанбекова Гаухар Жарасовна 1968 жылы туылған, Аспара ауылдық округінің әкімі, «AMANAT» партиясы ұсынған, Аспара ауылдық округі, Аспара ауылында тұрады.

            Меркі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен 2023 жылы  15 қаңтарда сайланған Меркі ауданы Акермен және Аспара ауылдық округтері әкімдерін тіркеді.

Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/article/details/108724?directionId=14512&lang=kk

Сарысу ауданының Байқадам ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 2812 азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 1906. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 17, «Бәріне қарсы»  белгісі бар жолды белгілегені - 5.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бейсен О.Ә. – 153;  Оспанов А.Ж. – 296; Уксикбаев М.Н. – 1435.

         Байқадам ауылдық округінің әкімі болып Уксикбаев Мейржан Нургелдиулы сайланды, 1989 жылы туған, Байқадам ауылдық  округі әкімінің аппаратында әкімнің орынбасары, Саудакент ауылында тұрады, «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Сарысу аудандық филиалынан ұсынылған.

Сарысу ауданының Досбол ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 294 азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 213. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4,  «Бәріне қарсы»  белгісі бар жолды белгілегені - 1.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аманбеков Ә.К. – 10;  Қоянтай Ә.І. – 14; Сапарбек А.Ж. – 184.

          Досбол ауылдық округінің әкімі болып Сапарбек Аблай Жаппарұлы сайланды, 1995 жылы туған, Досбол ауылдық  округі әкімінің аппаратында бас маман, Досбол ауылында тұрады, «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалынан ұсынылған.

          Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  45-бабына сәйкес 2023 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен 2023 жылғы 15 қаңтарда сайланған Сарысу ауданы Байқадам және Досбол ауылдық округі әкімдерін тіркеді.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/490340?directionId=14586&lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы  
Дата публикации
16 января 2023