Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы
хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Жамбыл облысының Меркі және Сарысу аудандарының аудандық сайлау комиссиялары 2023 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер сайлауына төмендегідей кандидаттарды тіркеді:
Меркі ауданы Акермен ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:
- Байдаулетов Гани Избасарович, 1976жылы туылған, Акермен ауылдық округінің әкімі, Акермен ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған;
- Байназаров Талгат Койшыманович, 1989жылы туылған, «Hasen Stroi» ЖШС директоры, Меркі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Омар Алмаз, 1987жылы туылған, Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, Акермен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Шералиев Нуржан Ергазыевич, 1980жылы туылған, Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Сарымолдаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Меркі ауданы Аспара ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:
- Ердалиев Жолдасбек Адилбекович, 1967жылы туылған, Меркі аудандық №22 спорт мектебі басшысының орынбасары, Ойтал ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Кауымбаев Бекжан Токтарбаевич, 1982жылы туылған, Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақтоған ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Оспанбекова Гаухар Жарасовна, 1968жылы туылған, Аспара ауылдық округінің әкімі, Аспара ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/article/details/106862?directionId=14512&lang=kk
Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:
- Бейсен Олжас Әбиірбекұлы, 1993 жылы туған, «Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ, сектор меңгерушісі. Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Оспанов Айдос Жусупбекович, 1991 жылы туған, «Сарысу ауданы әкімінің аппараты» КММ бас инспекторы. Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Уксикбаев Мейржан Нургелдиулы, 1989 жылы туған, «Байқадам ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкім орынбасары. Сарысу ауданы Саудакент ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясы ұсынған.
Сарысу ауданы Досбол ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:
- Аманбеков Әділет Кенжебекұлы, 1994 жылы туған, «Түркістан ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Сарысу ауданы Ә.Бүркітбаев ауылы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Қоянтай Әнуар Ілиясұлы, 1995 жылы туған,
«Сарысу ауданы әкімінің аппараты» КММ бас инспекторы, Сарысу ауданы Ұйым ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Сапарбек Аблай Жаппарұлы, 1995 жылы туған, «Досбол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Сарысу ауданы Досбол ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясы ұсынған.
Сарысу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/486758?directionId=14586&lang=kk
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы