Жамбыл облысы әкімі
аппараты басшысының
2020 жылғы «3» қыркүйектегі №93 бұйрығына 17 қосымша
Жамбыл облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және
отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ереже
9.Комисияның міндеттері мен функциялары:
1) Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін гендерлік және отбасылық саясат Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында әйелдер ахуалын жақсарту бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспары, әйелдерге қатысты қысым көрсетудің барлық формаларын жою бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы, оны Қазақстанда іске асыру бойынша БҰҰ ұсынымдары, басқа да ратификацияланған халықаралық шарттар мен келісімдердің, 30 ең дамыған мемлекеттер қатарына кіруге мүмкіндік беретін, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдайды;
2) мемлекеттік органдармен және азаматтық және қоғам институттарымен отбасының мүдделерін қорғау, Біріккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін гендерлік және отбасылық саясат Тұжырымдама стратегиясын іске асыру мәселелері жөнінде өзара іс- қимыл жасайды;
3) әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерін талдау және Қазақстан Республикасындағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдайды;
4) азаматтардан келіп түскен өтініштерді, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша, Комиссия материалдарды мәні бойынша шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қарауына жібере алады;
5) еңбек қызметін үй шаруасы міндетерімен және бала тәрбиесімен ұштастыру жөнінде отбасы мүшелеріне қатысты іс-шаралар жүргізеді;
Сонымен қатар, отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткізу;
халықтың денсаулығын, оның ішіне ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге;
отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбірімен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық- зомбылыққа қарсы күрестің тәжірибесін енгізуге;
халыққа гендерлік білім беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға, демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесуге қатысады.
6) комиссияның құзіретіне кіретін проблемалар бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын қарау, олар бойынша тиісті ұсынымдар дайындайды;
7) отбасы және гендерлік теңдік жағдайы аспектілерінің неғұрлым толықкөрініс табуы мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
8) отбасы мәселелеріне, жыныстар теңдігінің сақталмауына қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарайды;
9) әйелдер, отбасы және демография мәселелері жөніндегі тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;
10) отбасы және әйелдер жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және қарауға қатысады;
11) гендерлік-құқықтық сараптамаға бастамашылық жасап, оны жүргізеді;
12) мемлекеттік органдармен әйелдер, отбасы және демографиялық жағдайы мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады.
1) Облыс әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың басшыларын өз отырыстарында тыңдау;
2) мемлекеттік органдардан, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұрату және алу;
3) тиісті мемлекеттік органдардың басшыларынан жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелеріне қатысты заңдардың бұзылу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізуді талап ету;
4) облыс әкімдігіне отбасы және демография мәселелерін қозғайтын жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
5) Комиссияның құзырына жатқызылған мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ Комиссия отырыстарын дайындауға, бағдарламалар әзірлеуге және тексерулер жүргізуге қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде беделді, әрі кәсіби дайындығы бар жұртшылық өкілдерін тарту;
6) әйелдердің кандидатураларын басшы лауазымдарға жылжытуға жәрдемдесу.
1) өзінің орынбасары болған жағдайда, оның міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдары және Президентінің актілеріне сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.