Жамбыл облысы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың
12 айы бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
176 мемлекеттік қызмет түрі (296 мемлекеттік кіші қызмет түрі) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2022 жылдың 12 айында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 11,3 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 933 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2022 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
шағым түспеген. 56 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдері бұзылған. Сонымен қатар, 4 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің бас тарту мерзімдері бұзылған. Ол бойынша жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі қаралды.
Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылдың 12 айында 3 250 түсіндірме іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 4 133 636 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі
Есепті мерзімде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 131 ішкі бақылау іс-шараларын жүргізіп, 91 жергілікті атқарушы органдар, 29 ведомстволық бағынысты ұйымдар және 11 мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар (мемлекеттік органдар немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылмайтын) қамтылды. Нәтижесінде 721 бұзушылықтар анықталып, 14 жауапты тұлғаға тәртіптік жауапкершілік қолданылды.
Анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 6 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 162 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 131 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің 0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 61 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 5 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 356 фактісі анықталды.
Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 206 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.