Жамбыл облысы әкімі аппараты
Жергілікті атқарушы органдарының
2022 жылдың ІV тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
176 мемлекеттік қызмет түрі (296 мемлекеттік кіші қызмет түрі) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2022 жылдың ІV тоқсанында облыс бойынша ЖАО 3,05 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 127 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2022 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 12.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 741 түсіндірме іс-шаралары жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 1 267 474 халық қамтылды.
2022 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 80 ЖАО-ның қызметкерлері өтті.
Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының
2022 жылдың ІV тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын
ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 24 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 18 жергілікті атқарушы органдар, 5 ведомстволық бағынысты ұйымдар және
1 мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар (мемлекеттік органдар немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылмайтын) қамтылды.
Нәтижесінде 37 бұзушылықтар анықталды және 38 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 7 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 11 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 19 фактісі анықталды.