Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру уақыты мен орнын белгілеу туралы

 

 

 

 

ҚАУЛЫ

 

 

№1

2023 жылғы 04 қаңтар

 Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенаты депутаттарын сайлау бойынша

дауыс беру уақыты мен орнын белгілеу

туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 38-бабы 4-тармағы негізінде Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысын өткізу 2023 жылғы 14 қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00 ге белгіленсін.
  2. Дауыс беру орны Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 89 мекен жайындағы «Баласағұн» орталық концерт залы болып бекітілсін.
  3. Дауыс беру уақыты мен орны туралы хабар таңдаушылардың назарына жеткізілсін.

 

 

Төраға                                                     С. Айдапкелов

 

Хатшы                                                     А. Боранбаев

 

 

 

 

 

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру уақыты мен орнын белгілеу туралы
Дата публикации
04 января 2023