Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 12 ақпанға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2023 жылғы 12 ақпанға Байзақ ауданының Сазтерек ауылдық округі, Меркі ауданының Т.Рысқұлов ауылдық округі, Талас ауданының Кеңес ауылдық округі және Шу ауданының Қонаев ауылы, Жаңа жол, Ақтөбе, Ескі Шу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.
Байзақ аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
Меркі аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/documents/details/394444?lang=kk
Талас аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/article/details/107026?lang=kk
Шу аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/documents/details/394659?lang=kk
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы