Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Гулам Мухтарович Умаровтың өз кандидатурасын тіркеуден алып тастау туралы түскен өтінішін қарап, «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 74-бабы 1, 3-тармақтарына сәйкес 2022 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы» 2022 жылғы 12 желтоқсандағы шешімінің күшін жойды.