|
|
ҚАУЛЫ
|
|
|
|
№7
|
2022 жылғы 29 желтоқсан
|
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №6 «Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 18 (он сегіз) округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Жамбыл облыстық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және облыстық «AQ JOL» және «Знамя труда» газеттерінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға С. Айдапкелов
Хатшы А. Боранбаев