Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-қарашадағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-қарашадағы 788,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 110,6%-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 10,9%-ға (572,1 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда -22,6%-ға (117,9 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 3,9%-ға (5,5 млрд. теңге) өсім байқалады.
Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,8%-ға (93,5 млрд. теңге) төмендеді.
2022 жылы 56,7 млрд. теңгеге 595 жаңа жұмыс орны құрылатын 8 жоба іске асыру жоспарлануда («Каратау Про» ЖШС-гі - ұсақ ұнтақталған толтырғыштар шығаратын зауыттың жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарын ұлғайту; «Alina Group» ЖШС-гі - күнжіт плиталарын өндіру, құрылыстық мақсаттағы сылақтар мен желімдер өндірісі, құрылыс гипсін өндіру; «Turan Industry» ЖШС-гі – табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу; «Satellie GS» ЖШС-гі - құрамында алтыны бар кенді өндіру және байыту; «Ерсад-2021» ЖШС-гі - s (спанбонд) типті тоқыма емес маталарды өндіру бойынша қойма-цех салу, SS, SMS, MB (мельтблаун); «Қордай жем» ӘКК - қажетті жабдықтарды сатып алу жолымен балыққа арналған құрама жем өндірісін кеңейту; «Япоша» ЖШС-гі ұнтақтарын өндіру зауытын салу; «Eco-Chiken» ӘКК-гі - шағын құс фабрикасының құрылысы; «Казфосфат» ЖШС-гі - минералды тынайтқыштардың өндірісін 1 млн.тонна жылына дейін жеткізу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 562,6 млрд.теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 106,1%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 374,1 млрд. теңге (НКИ-109,1%), мал шаруашылығы -187,8 млрд. теңге (НКИ - 100,2%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2022 жылы 30 395,8 млн. теңге (о.і. РБ - 20 027,0 млн. теңге, ЖБ - 10 368,8 млн. теңге) субсидия бөлінді. 2022 жылдың 1 желтоқсанына 27 087,1 млн. теңге игерілді (о.і. РБ берілетін трансферттер есебінен – 18 380,9 млн.теңге, ЖБ – 8 706,3 млн. теңге).
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығында алдын ала мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың га немесе 2021 жылға қарағанда 5,2 мың га артық алаңға орналастырылды, оның ішінде дәнді масақты дақылдар - 390,1 мың га, майлы дақылдары - 72,4 мың га, жем-шөп дақылдары - 215,2 мың га, көкөніс - 78,3 мың га, қант қызылшасы - 5,5 мың га.
2022 жылғы 14 қарашадағы жағдайына масақты дәнді дақылдар 371,1 мың га немесе егін жинау алаңының 100,0% жиналды, онда өнімділік 17,1 ц/га құрады. Қант қызылшасын жинау жұмыстары жалғасуда. Начало формы
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 122,0 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 99,6%, сүт – 312,2 мың тонна (101,9%), жұмыртқа – 130,3 млн. дана (94,8%).
МІҚ саны 0,7%-ға (469,2 мың бас), қой - 6,4%-ға (3161,4 мың бас), жылқы - 10,1%-ға (160,2 мың бас).
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2022 жылғы қаңтар-маусым шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 311,3 млрд.теңгені (113,4%), жұмыспен қамтылғандар саны - 133,3 мың адамды (108,0%) құрады.
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 90,1 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 126,2%-ды құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 86,2%-ды құрайды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы бойынша (Бизнестің жол картасы - 2025 іске асырылуы бастағаннан бері) барлық қаржылық қолдау құралдары бойынша сомасы 205,5 млрд.теңгеге 8581 жоба іске асырылуда. Начало формы
Оның ішінде «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, жалпы сомасы 154,2 млрд. теңгені құрайтын 4467 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж. – 25,5 млрд. теңгеге 1819 жоба).
«Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 29,4 млрд. теңгені құрайтын 3706 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж.- 11,9 млрд. теңгеге 1826 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 21,2 млрд.теңгеге 131 жоба іске асырылуда (2022 ж. - 487,3 млн. теңгеге 12 жоба).
2022 жылғы қаңтар-қарашадағы бөлшек сауда айналымы 367,3 млрд.теңге және 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға, көтерме сауда айналымы – 345,6 млрд. теңге (6,1%) артты.
2022 жылғы қаңтар-қазанда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 348,9 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 159,0% құрады, оның ішінде экспорт – 133,7 млн. АҚШ долларын (2,8 есе), импорт – 215,2 млн. АҚШ долларын (124,9%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 81,5 млн. АҚШ доллары.Начало формы
Конец формы
Көлік. Көлік қызметтері 552,8 млрд.теңгені құрап, 1,0%-ға өсті. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңіне 1,3%-ға (123,6 млн. тонна), жүк айналымы – 0,9%-ға (41006,6 млн.ткм), қысқартылған, жолаушы тасымалдау – 7,4%-ға (430,3 млн. адам), жолаушы айналымы – 8,1%-ға (3996,0 млн.жкм) артты.
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 343,6 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 103,6%-ды құрады.
Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 174,6 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 101,6% құрады.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 598,7 мың ш.м немесе 2021 жылдың тиісті деңгейіне 100%-ды құрады.
Инфляция. 2022 жылғы қарашада инфляция 17,5%-ды құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 22,9%-ға, азық-түлік емес тауарларға -15,8%-ға, ақылы қызметтерге – 11,4%-ға өсті.
2022 жылғы қарашада 2022 жылғы қазанға тұтыну бағаларының индексі 101,7%-ды (оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша - 102,2%-ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша - 101,5%-ды, ақылы қызметтер бойынша – 101,3%-ды) құрады.
Азық-түлік тауарлары бойынша жұмыртқа, жемістер мен көкөністерге бағасы - 5,2% - ға (оның ішінде пияз - 3,4%-ға, қырыққабат - 0,9%-ға, қызылша - 0,8%-ға, картоп - 0,5%-ға), макарон өнімдері - 4,2% - ға, сүт өнімдері - 3,5%-ға (оның ішінде сүт -7,1%-ға, қаймақ - 2,7%, қатты ірімшік – 1,0%), жарма - 3,1%-ға (оның ішінде жарма - 4,7%-ға, қарақұмық - 2,8%-ға, арпа - 2,7%-ға), балық және теңіз өнімдері, шәй - 2,1%-ға, күріш - 2%-ға, майлар мен майлар - 1,4%-ға (оның ішінде маргарин - 10,3%-ға, тоң майы - 1,3% - ға, күнбағыс майы - 0,5% - ға), ет - 1,2%-ға (оның ішінде тауықтар – 5,2% - ға, жылқы еті - 1,4%-ға, сиыр еті - 0,8%- ға), ұн - 0,6%-ға.
Бағаның төмендеуі сәбізге 3,6% - ға, түйіршіктелген қантқа 1,5%-ға байқалды.
Азық - түлік емес тауарлар бойынша кітаптар мен кеңсе тауарларының бағасы 3,9% - ға, жуу және тазалау құралдары - 3,6%-ға, ыдыс - аяқ - 3,3%-ға, киім мен аяқ киім - 2,8%-ға, фармацевтикалық өнім - 1,2%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу үшін материалдар - 0,9%-ға өсті. Жанар - жағармай бағасы тұрақты болып қалды.
Ақылы қызметтер бойынша тұрмыстық аспаптарды жөндеу бойынша қызметтер 9,8% - ға, мейрамханалар мен қонақүйлерді жөндеу бойынша - 4,9% - ға, мәдени іс - шаралар саласындағы қызметтер - 3,8%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелері бойынша - 3,6%-ға, амбулаториялық қызметтер бойынша - 1,8%-ға, жолаушылар көлігі бойынша - 0,6% - ға (оның ішінде әуе көлігі бойынша - 6,5%-ға өсті). Орталық жылыту мен ыстық суға тарифтер 5,9%-ға өсті.
Салықтар. 2022 жылдың 1 желтоқсанына мемлекеттік бюджетке 166,5 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 111,9% (о.і. РБ – 58,3 млрд. теңге (110,2%), ЖБ - 108,2 млрд. теңге (112,9%)) түсті.
Салық бойынша берешек 4,3 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 127,9%-ды құрады.
Бюджет. 2022 жылдың 1 желтоқсанына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 507,7 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері – 108,2 млрд. теңгені немесе болжамға 112,9%-ды (о.і.салықтық түсімдер – 91,2 млрд. теңге (109,1%), салықтық емес түсімдер – 5,3 млрд. теңге (137,4%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 11,6 млрд. теңге (139,9%) құрады. Бюджеттік шығындар 97,4%-ға (492,8 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 68 799 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 29 938 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1162 адам, жастар практикасымен - 1798 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 9467 адам қамтылды.
Жаңадан 32 625 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 17 024. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 73 372 адамның 36 691 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 216422 теңгені құрап, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 17,4%-ға, нақты - 2,2%-ға артты (2022 ж. 3 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
107374 теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға, нақты – 3,7%-ға өсті (2022 ж. 2 тоқсан).
2022 жылдың қаңтар-қараша айларында 62,2 мың тұрғынға 3 895,4 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 3 724,7 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 120,0 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 50,7 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2022 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 251,4 млрд. теңге қарастырылып, есепті кезең жоспарына 232,3 млрд. теңге (99,6%-ға) игерілді.
Білім беру саласындағы 27 білім беру нысанын дамытуға 7,7 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа 20 мектеп, 6 мектепке жапсарлас құрылысы және 1 мектепке сыртқы инженерлік желілер салу қаржыландырылды.
Бүгінге, 10 мектептің құрылысы (Байзақ ауданының Сенкібай а. 100 орындық; Жамбыл ауданы Айша бибі а. 300 орындық; Жуалы ауданы Дихан а. 180 орындық, Алатау а. 100 орындық; Қордай ауданы Арал және Қалғұтты а. әрқайсысы 180 орындық 2 мектеп; Тараз қ. Асқаров және Шалғай Қарасу алқаптарында әрқайсысы 600 орындық 2 мектеп, Байзақ ауданы Көктал ауылында 600 орындық; «Барысхан» тұрғын алабында 600 орындық мектеп) және 5 мектепке жапсарлас құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 445 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 378 мектепте 2337 интерактивті тақталар орнатылды.
2022 жылғы 1 желтоқсанға облыстағы 569 мектепке дейінгі ұйымдарымен (444 балабақша, 125 шағын орталықтар) 59,0 мың бала немесе 91,7% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2022 жылы
17,3 млрд. теңге бөлініп, 15,1 млрд. теңге игерілді (96,7%). Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 4,6 млрд. теңге (4,1 млрд.теңгесі игерілді), денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 3,2 млрд. теңге бөлінді (2,9 млрд.теңге игерілді).
25 денсаулық сақтау нысанын дамытуға (ДА - 14, МП - 2, ФАП - 4, Байзақ ауданы Сарыкемер а. орталық аудандық емхана құрылысы - 1, Жуалы ауданы орталық аудандық ауруханасына жапсарлас құрылысы - 1, Меркі ауданы орталық аудандық аурухана және Шу ауданы қалалық емхана ғимараттарын қайта жаңарту - 2, Тараз қаласындағы онкодиспансер-1) 8,1 млрд. теңге (о.і. РБ – 4,1 млрд. теңге, ЖБ - 2,2 млрд.теңге, ҰҚ – 1,8 млрд. теңге) қарастырылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 13 дәрігерлік амбулаторияны, 2 медициналық пунктті, 4 фельдшерлік-акушерлік пунктті, Тараз қ. онкологиялық диспансерді (200 төсекке арналған), Байзақ ауданы Сарыкемер а. орталық аудандық емханані (ауысымына 250 келушіге арналған) іске қосу жоспарлануда.
2022 жылғы қаңтар-қарашасында психикалық бұзылулар, қатерлі ісік аурулары деңгейінің өсуі, сонымен қатар қант диабеті, қан айналымы жүйесінің, туберкулез, наркологиялық аурулары және мерез ауруларының деңгейі төмендеді. Талас және Шу аудандарында ана өлімінің 2 жағдайы тіркелді.