БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
2022 жылғы 23 желтоқсанда Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының сайлауына тіркелген кандидаттармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкелов кандидаттарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 27, 28 баптарының талаптары яғни сайлау алдындағы үгіт жүргізудің мерзімдері, үгіт жүргізу тәртібі мен сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығы туралы туралы түсіндірме берді.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына сәйкес, мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары болып табылатын кандидаттарға өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынатындығына ерекше тоқталып өтті.
Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен яғни 2022 жылғы 24 желтоқсан сағат 18-00 басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2023 жылғы 13 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.