Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

 

2022 жылғы 9 қазанда Жамбыл облысында Байзақ ауданының Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

            Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматардың 70,35, пайызы дауыс беруге қатысты.

Әкімге үміткерлер саны - 3адам.

«Аманат» - 1 адам,

Өзін- өзі ұсыну жолымен  - 2 адам.  

Мырзатай ауылдық округі әкімі;

Мырзатай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

А.Б.Аштаев – 16,98 пайыз, Ж.Х.Мамытбаев – 10,97 пайыз, А.Т.Оспаналиев 72,05 – пайыз.

Мырзатай ауылдық округі әкіміне сайланған әкім Оспаналиев Асхат Тлеубердиевич 1968 жылы туылған, Мырзатай ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізуші-бас маман «Аманат» партиясы ұсынған, Мырзатай ауылында тұрады.

           Байзақ аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 10 қазандағы шешімімен, 2022 жылы  09 қазанда сайланған, Байзақ ауданының Мырзатай ауылдық округі әкімін тіркеді.

 

 

Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

 

Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматардың 68,44 пайызы дауыс беруге қатысты.

Әкімге үміткерлер саны – 3 адам.

«Аманат» - 1 адам,

Өзін-өзі ұсыну жолымен  - 2 адам.  

         Суханбаев ауылдық округі  әкімінің сайлауы бойынша:

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

         Ж.А.Айткулов – 17,39 пайыз, Ж.АУсенбаев – 11,66 пайыз, А.А,Мадибаев - 70,95 пайыз.

           
         Суханбаев ауылдық округі әкіміне Мадибаев Абдулмурат  Абдулмаксутович сайланды, Тараз өңірлік университеті, «өнер және спорт» факультетінде дыбыс режиссеры, «Аманат» партиясы ұсынған, Жақаш ауылында тұрады.

           Байзақ аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 10 қазандағы шешімімен, 2022 жылы  09 қазанда сайланған Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі әкімін тіркеді.

 

Байзақ аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/documents/details/355642?lang=kk

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/documents/details/355643?lang=kk

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
10 октября 2022