Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

 

2022 жылғы 16 қазанда Жамбыл облысында Жуалы ауданының Жетітөбе ауылдық округі, Мойынқұм ауданының Биназар ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1598 азамат енгізілді, оның ішінде 1353 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 16, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Беделбеков К.М. – 1112; Куанышев Г.А. – 176; Таусаров Г.Т. – 27; Утепов Н.Ж. – 19.

Жетітөбе ауылдық округі әкімі болып Беделбеков Кайнарбек Молдаханович сайланды, 1978 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 17 қазандағы шешімімен 2022 жылғы 16 қазанда сайланған Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімі болып  К.М. Беделбековті тіркеді.

 

 Жуалы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/documents/details/387756?lang=kk  

            Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

         Биназар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 792 азамат енгізілді, оның ішінде 409 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 10.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Б.Қ.Төлеш.– 13; М.И.Тилеужанов– 104; К.С.Атаев – 262; Ж.Б.Бектаев– 2; Е.С.Бакбергенов– 0; Биназар ауылдық округінің әкімі болып Атаев Камбар Смангалиевич сайланды, 1981 жылы туылған, "Айбар Агро" Ауыл шаруашылығы кооперативінің жекетшісі, Мойынқұм ауданы Биназар ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 17 қазандағы шешімімен 2022 жылғы 16 қазанда сайланған Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/442613?lang=kk  

 

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
20 декабря 2022