Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Жамбыл облысының Жуалы және Мойынқұм аудандарының аудандық сайлау комиссиялары 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер сайлауына төмендегідей кандидаттарды тіркеді:
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттар:
Беделбеков Кайнарбек Молдаханович, 1978 жылы туған, Жұмыссыз, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.
Куанышев Гани Алшынбаевич, 1973 жылы туған, «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметі» КММ инспекторы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Таусаров Гибрат Турарович, 1990 жылы туған, Күреңбел ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы, Жуалы ауданы, Күреңбел ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Утепов Нурболды Женисбекович, 1983 жылы туған, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Жуалы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/documents/details/354755?lang=kk
Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:
Бектаев Жасұлан Бөкембайұл, 1983 жылы туылған, Жамбыл обаға қарсы станциясының зертханашысы, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Атаев Камбар Смангалиевич , 1981 жылы туылған, "Айбар Агро" ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы, Мойынқұм ауданы Биназар ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Тілеужанов Мұхит Ізбасарұлы, 1971 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Мойынқұм ауданы Көкжелек ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Төлеш Бауржан Қызырұлы, 1982 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Бақбергенов Ербол Сарыүйсінбайұлы, 1986 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/436622?lang=kk