Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қаңтарға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2023 жылғы 15 қаңтарға Меркі ауданынының Акермен және Аспара ауылдық округтері, Сарысу ауданының Байқадам және Досбол ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
2023 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.
Меркі аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
Сарысу аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы