Жамбыл облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабар
Жамбыл облысы бойынша 5 азаматтан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына өз кандидатурасын ұсынатыны туралы өтініш келіп түсті, барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Сапалық құрамы:
Кандидаттардың барлығы ер азаматтар.
Орташа жасы - 47 жасты құрайды, кандидаттардың ең жасы - 36 жаста, ең ересегі - 60 жаста;
Мамандығы бойынша: заңгер - 1 кандидат, дәрігер - 1, оқытушылар – 1, өзге де мамандықтар – 2 кандидат.
3 кандидат мемлекеттік қызметкерлер, 2 - кандидат - мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері.
Облыстық сайлау комиссиясы кандидаттың оған Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу жөнінде тиісті сұрау салулар жолдады.
5 кандидаттың да сәйкестігі расталды.
5 кандидатқа таңдаушылардың қолдарын жинау үшін жеткілікті мөлшерде қол қою парақтары берілді.
5 кандидат бойынша паспорттық қызметтердің жұмыскерлерін тарта отырып, қолдауға жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру жүзеге асырылды. Таңдаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері бойынша барлық қойылған қолдар рас деп танылды.
14 желтоқсан күні сағат 18-де кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Ағымдағы жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша:
Жамбыл облысында сайлау науқаны бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде.
Ұсыну барысы туралы ақпарат а.ж. 5 желтоқсанда сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылды.
Бүгінгі күні сайлау комиссиясына арыз-шағым немесе өтініштер түскен жоқ.