ЖОБА  Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қазандағы «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» № 252 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қазандағы «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4782 болып тіркелген) № 252 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1, 2, 3 - қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 -қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулы осы қаулының 4, 5 - қосымшаларына сәйкес 5, 6 - қосымшаларымен толықтырылсын.

  1. «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 216 қаулының (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қазанда № 4345 болып тіркелді) және «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 284 қаулының (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қаңтарда № 3680 болып тіркелді) күші жойылсын деп танылсын.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

         1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Аты-жөні

 ЖОБА  Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қазандағы «Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» № 252 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
08 декабря 2022