Сарысу ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындалуы жөніндегі іс-шаралар БЕКІТІЛІСІ

  Сарысу ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындалуы жөніндегі іс-шаралар БЕКІТІЛІСІ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

5

6

1.

Жаңатас қаласы 2-шағын аудандағы бос тұрған №32, №33 көпқабатты тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру

Бюджеттік өтінім

01.12.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

Сарысу ауданының әкімі

2 шағын ауданында бос тұрған №32 үйге 705,4 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Бюджеттік өтінім тиісті басқармаларға ұсынылды. Сондай- ақ, 2 ш.а. №33 үйді коммуналдық теңгерімге алу бағытында құжаттар сотқа жолданды.

2.

Жаңатас қаласындағы «Жастар кешені» нысанын салу бойынша әзірленген жобаға қаржы бөлу

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы

Сарысу ауданының әкімі

(жинақтау)

Жыл басында аталған жоба бойынша 200,0 млн. теңге беріліп, сәуір айында облыстық мәслихат шешімімен кері қайтарылған.

Жалпы, Жаңатас қаласынан "Жастар" спорттық-сауықтыру кешені құрылысын салу құны – 858,9 млн.тг.

Тиісті ұсыныстар берілген.

 

3.

Жаңатас қаласы 1 шағын аудан №47 көп қабатты тұрғын үйдің алдын жарықтандыру

 

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

05.08.2022 ж.

Сарысу ауданының әкімі

1 ш.а. №47 үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер тарапынан жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар толық аяқталды.

 

4.

Қала маңында жатқан өндірістік қалдықтардың экологиялық зияндылықтарына зерделеу жұмыстарын жүргізу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыстық экология департаменті (келісімі бойынша)

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Қаладағы полигон сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығынсыз ЖК «Сәулет» берілген (аудан әкімінің 2021 жылдың 26 ақпан айындағы №22  қаулысы).

Полигон 2020 жылы қоршалған, экологиялық және санитариялық қағидалар талаптарына сай, қоршаған ортаға эмиссиялық рұқсаты бар, құжаттары рәсімделген.

Полигонның жалпы аумағы - 5 га. Тұрмыстық қалдықтар көмуге арналған 5 шұңқыр бар. Әр шұңқырдың сыйымдылығы 20 мың тонна. Жалпы сыйымдылығы - 100 мың тонна.

Полигонға бір жыл ішінде шығарылатын қалдық көлемі
3000 тонна. Күніне 4 (шамамен 20 тонна) жүк көлігімен  қалдық тасымалдайды.

Анықтама: Полигонда орналасқан қалдықтарды қолмен сұрыптап (пластик, шыны, қанылтыр, құты ыдыстар, қағаз, темір) жеке кәсіпкерлерге өткізіліп отырады.

Жалпы жинақталған қалдықтардың көлемі шамамен
15000 тонна. Оның ішінде қайта өңдеуге жататыны жобамен 4000-4500 тонна (25-30%) (қағаз өнімдері – 10-15%, пластмассалық бұйымдар (баклажки, тары) – 20-25%, шиша бұйымдар (стекла) 20-25%, полиэтиленді қапшықтар (целлован) - 10% және қалғаны шірінді қалдықтар).

Қала ішінде 12 контейнер пластмассалық ыдыстар мен люминесцентті шамдарға арнайы контейнер қойылған. 

Жаңатас қаласы бойынша
31 қоқыс алаңшасы бар. Ол жерлерге халық санына қарай
198 дана тұрмыстық қалдықтарды тастайтын контейнерлер қойылған. Алдағы уақытта контейнерлер майысып, жарамай қалған жағдайда қосымша 41 дана контейнер бар.

Сонымен қатар, полигонды сенімгерлік басқаруға алған жеке кәсіпкер қоқыс алаңшаларына ПЭТ ыдыстарын жинауға арнайы жәшіктер қойылған (биіктігі 1,6м, ені 1,2м).

5.

«Казфосфат» ЖШС-нің қаладағы кәсіпорнындағы қызметкерлердің жалақыларын көтеру

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармалары,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

"Казфосфат" ЖШС-де 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақы 10% - ға, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 15% - ға өсті. 2022 жылдың қаңтар айында 10% - ға өсті. Іс жүзінде 40%-ға ұлғайтылды. Бұдан әрі қаржылық мүмкіндікке сүйене отырып, жалақыны ұлғайту туралы мәселе қаралатын болады.

 

6.

Жаңатас қаласы аумағында жолаушыларды тасымалдауға арналған мемлекеттік конкурстың өту заңдылығын зерделеу.

«Жаңатас көлік» ЖШС-нің қызметін қайта жандандыру жөнінде ұсыныс енгізу

 

 

Облыс әкіміне ұсыныс

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

2022 жылдың 16 маусымдағы аудан әкімінің №227 өкімімен конкурстық комиссия құрылған. Конкурсқа 1 лот ұсынылған: Қалаішілік «Орталық базар – Шоқай Датқа көшесі» бағыты.

Конкурска 2 тасымалдаушылар құжаттарды өткізген, олар:

1.«Жаңатас көлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

2.«ATM OIL GROP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Нәтижесінде 31,7 ұпай жинаған «Жаңатас көлік» ЖШС-гі женімпаз болып анықталған және комиссия тарапынан келісімшарт жасауға болатындығы туралы шешім қабылданды.

2022 жылдың қаңтар айында Жаңатас қаласындағы «Орталық базар – Шоқай Датқа көшесі» бағыты бойынша жолаушылар тасымалына Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне аудандық бюджеттен 6 айға 5 866,0 мың теңге қаржы бөлінген.

2022 жылдың 1 шелдедегі Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі және «Жаңатас көлік» ЖШС
5 304,0 мың теңгеге 4 айға келісімшарт жасалған. 2022 жылдың
2 шілдеден бастап қалаішілік «Орталық базар – Шоқай Датқа көшесі» бағыты бойынша 2 автобус қатынап жүруде.

2022 жылдың 22 ақпандағы аудан әкімінің №57 өкімімен тарифтік комиссия бекітілген.

Тарифтік комиссияға 8 бағыттар бойынша (Ауданішілік «Жаңатас-Жайлаукөл» бағыты; Қалаішілік «Орталық базар-Шоқай Датқа көшесі» бағыты; Қалаішілік «5 А шағын аудан – Ертегі әлемі дүкені- Аулие ата көшесі» бағыты; Ауданішілік «Жаңатас-Игилик, Саудакент»  бағыты; Ауданішілік «Жаңатас-Жайылма, Саудакент» бағыты; Ауданішілік «Жаңатас-Тоғызкент-Әбілдә» бағыты; Ауданішілік «Жаңатас-Ә.Бүркітбаев-Үшбас-Арыстанды» бағыты; Ауданішілік «Жаңатас-Ұ.Сыздықбаев-Ақтоғай» бағыты) «Жаңатас көлік» ЖШС экономикалық модельдерді ұсынған болатын. Жоғарыда айтылған есептерді комиссия дұрыстығын анықтап,
2022 жылдың 21 маусымдағы №2 хаттамасымен бекітті.

2022 жылдың 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Инвистициялар және даму министірінің м.а. 2015 жылғы
25 тамыздағы №883 бұйрығының
2-бабының 6-тармағына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар бағыттар тізіліміне енгізуге тарифтік комиссиясымен хаттамалық түрде бекітілген қалаішілік және ауданішілік маршруттар бойынша ұсыныстар Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына №01-1143 хатымен жолданды.

7.

Жаңатас – Кентау бағытында темір жол құрылысын салу тиімділігі жөнінде ұсыныс енгізу

Облыс әкіміне ұсыныс

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Жаңатас қаласының тұрғындарының өтініштерін назарға ала отрып, «Жаңатас-Түркістан» бағытында жаңа темір жол құрылысын салу мәселесін қарастыруға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2022 жылдың
5 сәуірдегі №01-640 хаты жолданған. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің №27-27/13871 жауабы: Жаңатас-Түркістан жаңа темір жол желісін салу мәселесін қарау ертерек деп санайды.

8.

Жаңатас қаласы ішінде жыл соңына дейін кемінде 10 балалар ойын алаңшасын салу. Бұл ретте, құрылыс жұмыстарын демеушілер есебінен жүргізу мәселесін пысықтау

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

31.12.2022 ж.

Сарысу ауданының әкімі

Бизнес субъектілері және ірі меценаттармен жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі таңда қала аумағында 15 балалар ойын алаңшасының (66,0 млн. тг.) және 13 тренажер алаңының (30,0 млн. тг.) құрылыс жұмыстары жүруде. А.ж. соңына дейін барлығы пайдалануға беріледі.

 

9.

Жаңатас қаласындағы «Ұрпақтар аллеясы» демалыс орны мен орталық саябақты абаттандыру және 2 шағын аудандағы футбол алаңшасын жөндеу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

 

Сарысу ауданының әкімі

ЖСҚ дайындалған. Жаңатас қаласын кешенді дамыту жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

 

10.

Жаңатас қаласында салынған сүт өңдеу цехын толық қуаттылықта іске қосылуын қамтамасыз ету

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.08.2022 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, ауыл шаруашылығы басқармалары,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

«Байтұр 2050» ЖШС-нің сүт цехі 2022 жылы толық іске қосылған.

Алғашқыда цех іске қосылғанда, өңделген сүт өнімдері бұзылып, сүтті майға және сұйық негізге ыдыратуы барысында қиындықтар туындады. Аталған проблеманы  шешу үшін, гомогенизатор сатып әкеліп орнатылды. Мәселе аталған құрылғы іске қосумен шешілмеді. Сүт өңдеу барысында, өңделген сүт сапасы нашар болуына байланысты барлық цехтің жұмысын толық ұйымдастырып, сүт өңдеу барысын қадағалайтын технолог маман қажеттілігі туындады. «Байтұр 2050» ЖШС төрағасы Жуалы ауданында орналасқан ЖК«Нысанов»  сүт өңдеу цехіне біліктілігін арттыруға 2 технолог мамандары тәжірибе арттырып келді. Бүгінде Түркістан және Жаңаарық ауылдық округтерінен сүт жинау ісін жолға қойылды.

11.

Сарысу ауданындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларын қатаң бақылауға алу. Әлеуметтік дүкендерге «Тараз ӘКК» арқылы қажетті көлемдегі өнімдерді жеткізу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.08.2022 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

«Тараз ӘКК» (келісімі бойынша),

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Ауданда жұмыс істеп тұрған әлеуметтік дүкендердің саны                  4-ке жетті.

Аталған сауда орындары ӘМАТ ең арзан бағада сатылып жатыр. «Тараз» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан алынған азық-түлік тауарлары бірінші кезекте осы дүкендерге жеткізіледі.

Азық-түліктің негізгі қоры Тараз («Ауыл-Береке») және Шымкент қалаларындағы («Акбар», «Алаш», «Жібек жолы», «Барыс») көтерме базарларынан жеткізіледі.

«Тараз-ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан наурыз айында 1 кг -
290 теңгеден 5 тонна ақ қант жеткізіліп, аудан халқына
330 теңгеден сатылды. Тағы 50 тонна аққант тауарын тікелей «Тараз қант зауытынан» жеткізу үшін сұраныс берілген.

Ал, Тараз қаласынан 1 кг
130 теңгеден ауданға 145 тонна ұн жеткізілді. Қазіргі таңда
6 наубайханадан нан дүкендерге
115 теңгеден өткізілуде. Дүкендерде 120 теңгеден сатылуда. Әлеуметтік дүкендерде нан 100 теңгеден сатылуда. Ауылдық округтерге қосымша 95 тонна ұнға сұраныс берілді.

Аудан әкімінің өкімімен құрылған мониторингтік 1 жұмысшы топ жасақталған. Жұмысшы топ аптасына үш рет Жаңатас қаласындағы
87 азық-түлік дүкендерін аралап, бағаларды зерделеуде. Бүгінгі күнге Жаңатас қаласындағы «Ажар» дүкеніне ақ қант бағасы баға үстемақысын 15%-дан асырғаны анықталып, ӘҚБтК 204-4 бабына сәйкес (ЕРАП жүйесінде №223160970000028 тіркелеген) ескерту берілді.

Осы дүкен иесіне заңнама талаптарын қайта бұзғаны (картоп дақылының үстемақысын  15% асырғаны үшін) 10 АЕК мөлшерінде (30 630 теңге) айыппұл салынды.

12.

Жаңатас қаласында орналасқан су бұрқақтарды іске қосу. Қала көшелеріне арнайы техникамен су себу жұмыстарын жүргізу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Сарысу ауданының әкімі

«Еңбек Ерлері» және «Ынтымақ» аллеяларында су бұрқақтары іске қосылған.

Қала ішіндегі су бұрқақтарының қысымын арттырып, іске қосу бойынша жобалық-сметалық құжаттар жасалды. Тиісті жұмыстар атқарылуда.

13.

Саудакент ауылындағы футбол стадионын мақсатты пайдаланбауына байланысты мемлекеттік меншікке қайтару

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

31.12.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасарлары Е.Үйсімбаев

облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

 

Стадионды коммуналдық меншікке алу бойынша меншік иесімен келіссөздер жүргізілу үстінде.

14.

Жаңатас қаласындағы иесіз жүрген иттерді аулау. Бұл ретте, иесіз жүрген үй жануарларын күтіп ұстауға арналған питомник ашу жұмыстарын қолға алу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

31.12.2022 ж.

Сарысу ауданының әкімі

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Жаңатас қаласынан ит-мысықтарды уақытша ұстауға арналған арнайы питомник ашылып, жұмыс істеуде. Бүгінгі таңға дейін ауданда иесіз жүрген 521 ит ауланды.

15.

Жедел жәрдем қызметінің басқару нүктесін аудандарға қайта беру мәселесі жөнінде ұсыныс енгізу

Денсаулық сақтау министрілігіне ұсыныс 

01.08.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасарлары Т.Мамаев,

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау)

 

 

ҚР ДСМ-нің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары» бұйрығының негізінде және (қазіргі уақытта  ҚР ДСМ-ң  30.11.2020 ж. № ҚР ДСМ-225/2020 «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы») бұйрығына сәйкес және Жамбыл облысы әкімінің 30.05.2018 жылғы №100 қаулысына сәйкес  облыстық, қалалық жедел жәрдем станциялары, аудандық ЖМК бөлімшелері және санитарлық авиация бөлімшелері қайта құрылымдалып 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының балансына берілген.

Жамбыл облысының аумағында 1 станция, 3 қосалқы станция және                               11 жедел медициналық жәрдем бөлімшесі қызмет көрсетеді. Оның ішінде:                 1 Тараз қаласындағы дербес станция, үлгіге сәйкес (ескі, 1974 жылы салынған, 1774,0 м2); Тараз қаласында 3 подстанция, оның ішінде: 1 – бейімделген подстанция ЖОМЖЖС балансында, №6 ҚЕ ауданындағы № 1 қосалқы станция, «Бәйтерек» шағын  ауданындағы №2 қосалқы станция және қант кенті ауданындағы №3 қосалқы станция.

Жедел медициналық жәрдемді шақыру 4 жеделдік санатына бөлінген, 1,2,3 жеделдік санатын Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының (бұдан әрі-ЖОМЖЖС) бригадалары, ал 4 жеделдік санатын  бірінші медициналық - санитарлық көмек ұйымы жанындағы жедел медициналық жәрдем бригадалары (бұдан әрі - БМСК жанындағы ЖМК бригадасы) орындайды. Халықтан түскен барлық шақыртулар Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының «103» пультіне келіп түседі және облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Call-орталығында тіркеледі. Call-орталық 12 «103» шақыртуды қабылдау нүктесімен   (телефондармен) жабдықталған.  Бұдан басқа қосымша телефон нөмірлері бар: 43-76-78,  54-99-56   кеңес алу үшін,  аға дәрігердің телефоны 34-84-36.

Шақыртулар диспетчермен және «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) өңделеді. «Көмек» АБЖ Жамбыл облысының емханалары және көпсалалы стационарлармен біріктірілген. Шақыртуларды ЖОМЖЖС базасында шақыртуды қабылдау бойынша арнайы оқытылған диспетчерлер қабылдайды. Түскен шақыртулар «Көмек» АБЖ-де өңделіп, тіркелгеннен кейін,  1,2,3 жеделдік санатпен түскен шақыртулар «Көмек» АБЖ арқылы  ЖОМЖЖС бригадаларына беріледі, ал 4-ші жеделдік санатпен түскен шақыртулар  алдымен БМСК ұйымы жанындағы ЖМК диспетчеріне беріледі, содан кейін шақырту БМСК ұйымы жанындағы ЖМК бригадаларына беріледі, бригада болмаған жағдайда  аймақтық дәрігерге немесе медбикеге беріледі.

Жоғарыда аталған бұйрық негізінде, барлық операторлар ЖОМЖЖС базасында орталықтандырылғандықтан, жедел жәрдем қызметінің басқару нүктесін аудандарға қайта беру мәселесі қарастырылмайды.

16.

Балаларға арналған жазғы лагерлердің сабақ беру әдістемелерін қайта пысықтау. Балаларға патриоттық мәндегі жаңа әдістемелерді пайдалануды қамтамасыз ету

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасарлары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Балаларға арналған жазғы лагерлердің сабақ беру әдістемелерін қайта пысықтау облыс әкімдігінің білім басқармасы тарапынан жүргізіледі.

17.

Жаңатас қаласында «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде әзірленген 12 жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасарлары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммугналдық шаруашылық басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы бойынша 2022 жылға республикалық бюджеттен «2022-2025 жылдарға арналған кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттерге кредит беру» ЖБ бюджеттік бағдарламасы бойынша 12 үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына
227 277,0 мың теңгеге Жамбыл облысы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасына өтінім ұсынылған. Алайда, бүгінгі күнге дейін қаржы бөлінбеген. Айтылған 12 үйдің сараптамалық қорытындысының мерзімі 2023 жылдың наурыз айында аяқталуына байланысты жобалық - сметалық құжаттарын түзетуге және қайтадан сараптамадан өткізу мақсатында аудандық бюджетке
4,0 млн. теңгеге бюджеттік өтінім әзірленіп өткізілген.

18.

Қала тұрғындарының тұрмыста пайдаланып отырған газ балондарының сапасын зерделеу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

  01.10.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Тұрмыста пайдаланылатын газ баллондарын пайдалану бойынша аудандық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан тұрақты негізде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық әлеуметтік желілерде бұл туралы мақалалар жарияланып тұрады.

19.

Жаңатас қаласындағы аудандық орталық аурухана ғимаратын күрделі жөндеуге арналған жобаға қаржы бөлу

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасарлары Е.Үйсімбаев, Н.Календеров,

облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы,

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Жобалық – сметалық жоба әзірленді.

ЖСҚ құны: 1509769,371 тг

Бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сараптамадан өткеннен кейін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінімге ұсынылады.

 

20.

Шығанақ-Қамқалы-Жайлаукөл ауылдары арасындағы және Жайлаукөл-Досбол бағытындағы жолдарды жөндеуге жоба әзірлеу

Бюджеттік өтінім ұсыну

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасарлары Р.Дәулет, Н.Календеров,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Облыстық маңызы бар «Төғызкент- Досбол-Шығанақ 0-102 шқ» автожолы Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінде. Бүгінгі таңда «Төғызкент- Досбол-Шығанақ 0-102 шқ» 20-42 шқ аралығында орта жөндеу жұмыстарына ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес конкурс жұмыстары жүргізілген. Мердігер «Тараз-көлік жолы» ЖШС-гі болып анықталған. Бұл жұмыстар 2023 жылға ауыспалы боп тұр. Басталу мерзімі: 2022 жылдың 5 қыркүйегі.

Қалған 80 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары облыстық жол картасына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.

21.

Білім беру мекемелерінде ерекше балаларға арналған инклюзивті топтардың ашылуы жөнінде ұсыныс енгізу

Облыс әкіміне ұсыныс

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасарлары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білім басқармасы

Ауданда сыйымдылығы 100 балаға арналған Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті  жұмыс жасайды.Түзету кабинеті арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады және аудандағы  даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық – педагогикалық және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету мақсатында құрылған.

        Қазіргі таңда мекеме 102 ерекше оқытуды қажет ететін балаларға түзету көмегін көрсетуде.

      Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыру мақсатында  «Талас ауданының ведомствоаралық психологиялық–медициналық–педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  қорытындысы негізінде  М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының аутизм спекторы бұзылған  1 сынып оқушысы Маратұлы Дарынға педагог-ассистент штатына сұраныс берілген.

        Сонымен қатар, 2024 жылы облыстық білім басқармасының қадамдық жоспарына сәйкес,  аудан бойынша Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баларды қолдау мақсатында Абай атындағы орта мектебінің базасында ресурстық орталық, Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің филиалын ашу жоспарлануда. 

22.

Жайылма, Маятас ауылдарындағы ауыз судың тәулік бойы берілуін қамтамасыз ету

 

 

Бюджеттік өтінім ұсыну

2022-2023 жылдар

Сарысу ауданының әкімі

Екі ауылға жаңа су мұнараларын орнату мен су құбырларын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамаға өткізілді. Ағымдағы жылдың қазан айының 25 күні сараптама қорытындысы алынып,
490 млн. теңгеге басқармаға қаржы бөлу бойынша бюджеттік өтінім берілетін болады.

23.

Жайылма – Ақтам бағытындағы 12 шақырым жолды жөндеуге жоба әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну

 

 

Бюджеттік өтінім ұсыну

2022-2023 жылдар

Сарысу ауданының әкімі

Ақтам ауылына кіре беріс 12 шқ автожолдың аудандық теңгеріміне алу жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен келісім күтілуде және жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге аудандық бюджетке 1,9 млн. теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталған. ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде..

24.

Бүркітті су қоймасының бөгетін жөндеуге арналған жобаға қаржы бөліп, іске асырылуын қамтамасыз ету

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы,

«КазСушар» РМК-ы (жинақтау)

Бұл су қоймасы республикалық теңгерімде. Бүркітті су қоймасының дамбасын нығайтуға 20,7 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалып, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына сұраныс берілді. 2021 жылы бұл жоба мақұлданбады. 2022 жылы «ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалына су қоймана жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасап, қаржы қарастыру туралы ұсыныс берілді

25.

Қызылдихан су қоймасының бөгетін жөндеуге арналған жобаға қаржы бөліп, іске асырылуын қамтамасыз ету

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Қызылдихан су қоймасының дамбасын нығайтуға 14,6 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалып, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына сұраныс берілді. 2021 жылы бұл жоба мақұлданбады. 2022 жылы қаражат бөлу туралы сұраныс қайта берілді.

Аталған су қоймасының құжаттары рәсімделуде.

26.

Егістік науқаны кезінде суармалы егіске берілетін су бағасының негізсіз өсуін болдырмау. Суармалы егіс үшін шаруаларға субсидия беру жөнінде ұсыныс енгізу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасарлары Н.Календеров

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Суармалы егістікке пайдаланылатын суды субсидиялау бойынша, су пайдалану кезінде кеткен шығындардың бір бөлігін субсидиялау қағидасына сәйкес, аудандағы шаруа қожалықтарының егістік алқаптарының басына арнайы аттестатталған су өлшеуіш құрылғыларын орнату қажеттігі туралы түсіндірілді. Алайда бүгінгі күнге аттестатталған су өлшеуіш құралдарын орнатқан шаруалар жоқ.

 

  Сарысу ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындалуы жөніндегі іс-шаралар БЕКІТІЛІСІ
Дата публикации
18 ноября 2022