Сарысу ауданына жұмыс сапарының (01.07.2022 ж.) қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар БЕКІТІЛІСІ

 Сарысу ауданына жұмыс сапарының (01.07.2022 ж.) қорытындысы бойынша

берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар

БЕКІТІЛІСІ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

5

6

1.

«Qazsoda» ЖШС-нің кальцилендірілген сода өндіру зауытына инженерлік инфрақұрылым тарту (газ, су) жөнінде жобалар әзірлеп, ұсыныс енгізу

Бюджеттік өтінім ұсыну

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

«Qazsoda» ЖШС-нің кальцилендірілген сода өндіру зауытына инженерлік инфрақұрылым тарту жөнінде жұмыстар үшін жобалар әзірленіп, ұсыныс енгізілді:

- Электр тоғын тарту жұмыстары аяқталды, пайдалануға берілді (476 млн.теңге);

- Ақкөл көлінен 43 шақырым су құбырын тарту жұмыстары «ФОРТИС» ЖШС-мен келісімшарт жасалды (2022 жылға 2 млрд қаржы қаралған, 600 млн. теңге 26.08.2022 жылы авансы берілді, 28.09.2022 жылы 400 млн. теңге аударылды);

- Темір жол құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленіп, қоғамдық тыңдау өткізілді. Аталмыш серіктестік тарапынан қоғамдық тыңдау хаттама негізінде мемлекеттік сараптамаға ұсынылу сатысында.

- Газ тарту мәселесінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ жобаны іске қосу кезінде жылына 400 миллион м3 дейін табиғи газ беруге дайын екенін растады.

     «Интергаз Орталық Азия» АҚ нысанды BGR-TBA газ құбырына қосу үшін техникалық шарттар жобасын дайындады, қазіргі уақытта техникалық шарттар жобасы келісу үстінде.

2.

Қалалық қазандықтың қысқы маусымға дайындығын толықтай қамтамасыз ету. Мазутқа қажетті қаражат бойынша бюджеттік өтінім енгізу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.08.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жөніндегі аудандық штаб құрамы және іс-шара жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық 97 көпқабатты тұрғын үйлер жылыту маусымына 100% дайындалды.  Ағымдағы жылдың 12 қазанында жылыту маусымы басталып, барлық нысандар жылумен қамтамасыз етілді.

Жылыту маусымына қажетті мазут көлемі - 13 430 тн. Мазут отынын сатып алу үшін 1,6 млрд. теңгеге облыстық бюджетке өтінім ұсынылып, қаржыландырылды.

ҚР Энергетика министрлігімен жоспарлы әлеуметтік мазут бөлініп, бағасы 115 000 теңге/тонна құрады және жеткізу кестесі бекітілді, оның ішінде:

- қыркүйек айында - 2 000 тн;

- қазан айында - 2 000 тн;

- қараша айында -  2 000 тн;

- желтоқсан айында- 2 000 тн;

- қаңтар айында – 1 500;

- ақпан айында – 3 930.

Бүгінгі күнге кестеге сәйкес қыркүйек - қараша айларына жоспарланған жалпы 6000 тонна мазут жеткізілді. Қазіргі таңда 4 797 тонна мазут бар (88 тәулік), тәуліктік тұтыну көлемі - 54 тонна.

3.

Ауданда тұрғын үй құрылысы бойынша әзірленген жобалардың қаржысын қайта қарап, бюджеттік өтінім ұсыну

Бюджеттік өтінім ұсыну

01.08.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Жаңатас қаласында 2 жаңа тұрғын үйдің құрылысына 1,9 млрд теңгеге, 2 ш.а. №32 тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 705 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

4.

«Еврохим – Тыңайтқыш» ЖШС-нің химиялық кешеніне дейін жүргізілетін темір жол құрылысына жер учаскесін бөлу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Қазіргі кезде темір жол жүргізу учаскісінде «Казфосфат» ЖШС-ның жекеменшік жер телімі болуына байланысты «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-гі мен «Казфосфат» ЖШС-гі арасында екі жақты келісу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «ЕвроХим» ЖШС-гі темір жол салудың   жобасын әзірлеп отыр.   Техникалық шарт жасау «Казфосфат» ЖШС-гі тарапынан  жүргізілмеуде. Себебі, теміржол өтетін жерлер «Казфосфаттың» иелігінде.

Екі жақты келісімге келу туралы аудан әкімдігі тарапынан екі серіктестікке хат жолданған. Алайда, бүгінгі күнге аталмыш мәселеде екі тарап келісімге келмеген. Компания толық шешім қабылдаған кезде бұл мәселе шешімін табатын болады.

5.

«Еврохим – Тыңайтқыш» ЖШС-нің Аралтөбе учаскесінде буландыру тоғанының құрылысын жүргізуге арналған 37 гектар жер учаскесін бөлу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Минералды тыңайтқыш өндіру зауытының буландыру алаңшасын салу үшін таңдалған 37,1706 га  жер учаскесі 6 шаруақожалық жеріне түседі.  Сұраныс берген 6 жер  учаскелерін мемлекетке мәжбүрлеп қайтару туралы 20 сәуір 2022 жылғы №73  қаулысы қабылданды.

Қазірде 1 шаруа  қожалығы өз еркімен 2,3 га жер учаскесін мемлекетке қайтарды. Қалған 5 шаруа қожалығының 34,8706 га жер учаскесін мемлекет есебіне өз еріктерімен қайтарудан бастартты. Аудан әкімдігі тарапынан жер учаскесін мәжбүрлеп алу жөнінде сотқа талап арыз дайындалып, ұсынылды. Сот процессі жүргізілуде.

6.

«Асыл тұз» ЖШС-нің тұз өндіру зауытына дейін темір жол тұйығын тарту жөнінде әзірленген жобаның республикалық комиссияда қаралуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

 

 

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Аталған жоба бойынша 2021 жылы өңірлік үйлестіру комиссиясының №5 хаттамасымен мақұлданып, оң бағасы алынған.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан ҚР Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінімі жолданды. 

Осы орайда, 2022 жылдың бірінші бюджеттік  нақтылау кезеңінде аталған жоба қолдау таппады. Ендігі кезекте Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде ағымдағы жылдың екінші бюджеттік нақтылауына ұсынылды.

Жоба құны - 241,0 млн.тг.

7.

«Асыл тұз» ЖШС-не шикізатты ұсынатын тұз кен орындарымен меморандум әзірлеп, сату бағасын тұрақтандыру

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Бұл мәселе бойынша «Асыл тұз» ЖШС-гі шикізаттық карьерді ұзақ мерзімді жалға алу бойынша ұсыныс берген.

Осыған сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан «Асыл тұз» ЖШС-гі басшылығына аудандағы Қызылтыма және Бұралқының тұз кен орындарын ұсынған болатын. Алайда, серіктестік басшылығы ұсынылған тұз кен орындарындағы өндіріліп отырған өнім сапасына сәйкес келмейтіндігін жеткізіп, бастартқан.

Жалпы, Сарысу ауданында 4 тұз кен орны бар. Олар: Майдакенкөл, Шұнқыр, Ақ-пункт және Итім кен орындары. Аталған кен орындарына облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан тұз карьерлерін пайдалану және өндіру бойынша ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған. Бүгінгі таңда, «Асыл Тұз» ЖШС кәсіпорны толықтай шикізатпен қамтылған. Сарысу ауданындағы 4 тұз кен орнының иелері мен кәсіпорын арасында келісімшарт жасалған.

Анықтама: Кәсіпорынға 4 жеке кәсіпкер тұрақты түрде шикізаттарын ұсынып отыр. Атап айтқанда, Жеке кәсіпкер «Жусамбаев М» директоры Жусанбаев Мақтабек, құрылған жылы – 2007 жыл, жер көлемі – 442 га, қуаттылығы жылына – 14 000 тн, келісім-шарт мерзімі – 25 жыл, тұрақты жұмыс істейтін адам саны – 10. Жеке кәсіпкер «Ғ.Тусипбеков» директоры Түсіпбеков Ғалымжан, құрылған жылы – 2008 жыл, жер көлемі – 95 га, қуаттылығы жылына – 2 000 тн, келісім-шарт мерзімі – 25 жыл, тұрақты жұмыс істейтін адам саны – 5. «Мұхамедия» ЖШС-нің директоры Абдумаликов Сайдмұхамед, құрылған жылы – 2014 жыл, жер көлемі – 70 га, қуаттылығы жылына – 1 000 тн, келісім-шарт мерзімі – 25 жыл, тұрақты жұмыс істейтін адам саны– 3.

Осы аталған мәселерді ескере келе йодталған ас тұзын Сарысу ауданының азық түлік дүкендеріне 45 тг өткеріледі.

Ал тұз кен иелері «Асыл Тұз» ЖШС-не  1 кг ас тұзын 1,5-2 теңге бағасымен өткізеді. Қазіргі уақытта баға тұрақты, нарықтағы бағаның қымбаттауына ешқандай себептерін тигізбейді.

8.

Сарыөзек каналының құрылысында орын алған кемшіліктерді ретке келтіру

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.08.2022 ж

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Канал құрылысын жүргізуші мердігер «Байтұр-2050» ЖШС-гі.

Жалпы, жасалған келісімшарт негізінде 2022 жылдың аяғына дейін кепілдігі бар. Ағымдағы жылы суару маусымы аяқталғаннан кейін қайта қалпына келіту жұмыстары жүргізу бойынша келісім жасалған. Бүгінгі таңда Тараз қаласынан арнайы топографиялық түсіру (топосъемка)  үшін арнайы мамандар келіп, канал басында жұмыстар жүргізуде. Жұмыс нәтижесінде каналдың градустық ауытқу дефектілері толық айықындалуы тиіс. Түсіру жұмыстарының нәтижесі қараша айының 25-не дейін дайын болады деп күтілуде. Аталған топографиялық түсіру нәтижесі көрсеткен ауытқу, бұзылу орындары бойынша мердігер жыл соңына дейін қайта жөндеу жұмыстарын жүргізетін болады.

9.

Ұйым ауылының шығыс бөлігінде орналасқан жерге шағын су қоймасын салу жөнінде ұсыныс енгізу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.08.2022 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жамбыл су қоймалары" КММ-не су тоғанын (платина) салу үшін су жинау мүмкіндігі, жапсарланған егістік алқабы, ауылдар мен елді мекендерді су алып кету тәуекелдерін, нормативтері бойынша сараптама қорытындысы күтілуде.

10.

Жаңатас қаласындағы «қызыл сызықта» салынған құрылыстарды зерделеу

 

 

 

 

 

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.08.2022 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары          Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Қызыл сызық нормасының сақталу барысы бақылауға алынған. Бүгінгі күнге Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет қала құрылысы басқармасының мамандарымен зерделеу жүргізіліп, Жаңатас қаласы бойынша 2 (екі) нысан қызыл сызық нормасының сақталуы қосымша тексерілді.

1) Жаңатас қаласы,  Амангелді көшесі №3 мекенжайда орналасқан дүкен, қызыл сызықтан ауытқу мөлшері – 1,5 м;

2) Жаңатас қаласы,  Амангелді көшесі №3 «а» мекенжайда орналасқан дүкен, қызыл сызықтан ауытқу мөлшері – 0,5 м;

Құжаттары сотқа өткізілуде. Сот шешімі оң қорытындысын шығарса тиісті шаралар қолданылатын болады!

 

11.

«Казфосфат» ЖШС-не тиесілі «Тоғызбай» карьеріндегі суды Жаңатас қаласына жеткізу бойынша ұсыныс енгізу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.08.2022 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі 

Сарысу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Артықбаевқа Жаңатас қаласындағы карьердің суына қорытынды беру туралы хат (2021 жылдың 20 тамызында шығыс №598 хаты) жолданған. Сарысу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Жаңатас қаласындағы карьер суы санитарлық қағидаларға сәйкес жүргізілген зерттеулер қорытындысы суға шомылуға, көгалды және талдарды суаруға кері әсері жоқ екендігі туралы жауап берді (2021 жылдың 2 қыркүйегінде шығыс №24-29-24-1-01/1975 хаты).

«Казфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» ТКӨК директоры С.У.Тұрсынбековтың атына «Жаңатас қаласына су әкелу және жасыл желектерді суару үшін карьерден «Тоғызбай» өзеніне дейін суды вакуум тәсілімен шығарып беруге көмек көрсету туралы» хаты (2022 жылдың 17 мамырында шығыс №322 хаты)   жолданған.

«Казфосфат» ЖШС-нің басшылығы  монополияға қарсы комитеттен және облыстық экология департаментінен рұқсат алуға қатысты барлық қаржылық шығындарды төлеп берген жағдайда аталған мекеме су алып жатқан құбырға қосылып, су алуға рұқсат беретіндігі жөнінде жауап берген (2022 жылдың 19 мамырындағы шығыс №01/04-863 хаты).

Алайда, жұмсалатын қаржылық шығындардың жобасын есептеп беру жөнінде жолдаған хатқа аталған кәсіпорын алып отқан су теңгеріміндегі  фабрикалардың  ғана сұранысын қанағаттандыруына байланысты Жаңатас қаласындағы жасыл желектерді суаруға су беруден бас тартатыны жөнінде жауап берді (2022 жылдың 21 маусымындағы шығыс №01/04-1221 хаты). «Казфосфат» ЖШС-не «Тоғызбай» карьерінен су тарту мәселесінде хат жолданды (17.08.2022 жылы №01-1532 хаты).

12.

Сарысу аудандық орталық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізу және абаттандыру мәселесін қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінім ұсыну.

Экономикалық және салалық қорытынды және

бюджеттік өтінім ұсыну

 

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Басқарма: Жобалық - сметалық жоба әзірленді. Смета құны -1509769,371 теңге. Қазіргі таңда компьютерлік томаграфия зерттеу кабинетіне сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. Компьютерлік томаграфия зерттеу кабинетіне сараптама қорытындысы алынғаннан кейін, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінімге ұсынылатын болады.

13.

Орталық аурухана аумағында орналасқан көп қабатты ғимаратты және Саудакент ауылдық ауруханасының бос тұрған бөлігін тиімді пайдалану жөнінде ұсыныс енгізу

Экономикалық және салалық қорытынды және

бюджеттік өтінім ұсыну

 

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Басқарма: Саудакент ауылдық ауруханасы аумағында орналасқан көп қабатты ғимараттының құжаттарын реттеу және заңдастыру жұмыстары жүргізілуде, аталған жұмыстар аяқталғанан кейін тиісті ұсыныстар бойынша тиімді пайдалану жұмыстары жалғасын табады.

 

14.

Аудандық орталық аурухананың материалдық-техникалық базасын жаңарту

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Басқарма: Аудандық орталық аурухананың материалдық-техникалық базасының жабдықталуы  87,42%, тозу-43,0%-ды құрайды. Денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарын жарақтандырудың ең төменгі стандартына сәйкес медициналық техниканы сатып алу бойынша         2023-2027 жылдарға арналған жоспар әзірленді. 2023 жылға 5 медициналық жабдықты сатып алу жоспарланған              (КТ, Лор-комбайн, цифровой рентген аппарат, Транскутанный билирубинометр и видеогастроскоп). Медициналық техникамен жарақтандыру мәселесі басқарманың бақылауында.

 

15.

Медицина саласында кадр жетіспеушілігін реттеу жөнінде ұсыныс енгізу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Басқарма: Аудандық орталық ауруханасында 87 дәрігерлік штаттық бірлік бар. Оның ішінде, 6 ваканттық штат бар. Аурухананың штаттық бірлігін толықтыру мақсатында облыс орталығынан жұмысқа арнайы шақыртылған мамандар ауданның шалғайлығына байланысты келуден бастартуда. Осыған орай, дәрігерлердің жетіспеушілігін реттеу мақсатында екі дәрігерді аудандық орталық аурухана атынан резидентураға, травмотолог, офтальмолог мамандығына Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсірілді. Екі жылдан соң келісімшартқа сәйкес, ауданға қызмет көрсетеді.

16.

Саудакент ауылындағы жеке меншік иелігіндегі стадионды заңда белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке алу жолдарын қарастыру

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

31.12.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт, облыс әкімдігінің қаржы басқармалары 

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Стадионды коммуналдық меншікке алу бойынша меншік иесімен келіссөздер жүргізілу үстінде.

 

17.

Саудакент ауылындағы Ы.Дүкенұлының мемориалдық кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

Облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміне ақпарат

01.09.2022 ж.

Сарысу ауданының әкімі

Мемориалдық кешен Байқадам ауылдық округінің теңгерімінде. Жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып (Жеке кәсіпкер «Тумка»), қаржы қарастыру бойынша бюджеттік өтінім берілді (жоба құны 18 млн. теңге).  Қаржы қарастырылатын болады.

18.

Аудандағы білім беру нысандары бойынша әзірленген 3 жобаны (Жаңаталап орта мектебіне спорт залы құрылысы жапсарлас асхана және мәжіліс залы және   Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп құрылысын салу) жүзеге асыруға ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білім (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары,

Сарысу ауданының әкімі

Жалпы, аталған жобаларға қаржы бөлу бойынша сұраныс берілген.

Жаңаталап орта мектебіне спорт зал құрылысы

Жоба құны: 117 482,3 мың теңге

Мемлекеттік сараптама: 29.01.2021 ж №QS- 0009/21.

Құрылыс-монтаж жұмыстары: 94610,9 мың теңге;

Құрылыстың ұзақтығы:  7 ай;

Жалпы ауданы: 325,9 м²;

Құрылыс көлемі: 2695,8 м³;

Жобалаушы мекеме: «Арх-идея-Астана» ЖШС;

Жаңаталап орта мектебіне  «акт зал» және «асхана» құрылысы

Жоба құны: 88 593,9 мың теңге;

Мемлекеттік сараптама: 22.02.2021 ж №ЕО-003/21;

Құрылыс-монтаж жұмыстары: 86164,0 мың теңге;

Құрылыстын ұзақтығы: 4 ай;

Асхана қуаты: 72 орын;

Акт залының қуаты: 84 орын

Жобалаушы мекеме: «Алмаз Проект Строй» ЖШС;

Маятас ауылына 50 оқушыға арналған мектеп құрылысы

Жоба құны: 409 871,0 мың  теңге;

Мемлекеттік сараптама: 30.04.2021 Ж №ЭЦБРК-0027/21

Құрылыс-монтаж жұмыстары: 325 765,0 мың теңге;

Құрылыстың ұзақтығы: 7 ай;

Жалпы ауданы: 1339,7 м ²;

Қабаттылығы: 2 қабат;

Жобалаушы мекеме: «Құрылысконсалтинг» облыстық филиалы.

Қаржы бөлу мәселесі жауапты басқармаларда қарастырылуда.

19.

Жаңатас қаласына «Жастар» спорттық-сауықтыру кешені құрылысын салуға ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің құрылыс (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары,

Сарысу ауданының әкімі

Бюджеттік өтінім дайындалып,  Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына өткізілді.  Жобалаушы мекеме - BS ARCHI GROUP ;

Сараптама мекемесі «Expert opinion» ЖШС.

Сараптама қорытындысы: 15.1.2021ж. №EO-0030/21;

 Жалпы сметалық құны: 858 783 мың тг.

20.

Тоғызкент ауылындағы спорт зал құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасарлары Р.Дәулет, Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау,

облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармалары (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Бюджеттік өтінім дайындалып,  Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына өткізілді.   Жобалаушы мекеме «Нұр Жол Проект» ЖШС-гі.

 Сараптама мекемесі - «Expert opinion» ЖШС-гі.

Сараптама қорытындысы: 27.04.2021 ж. №EO-0009/21.

Жалпы сметалық құны: 437,186 мың тг.

21.

Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандары мен «Строитель» саяжайына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (ауыз су жобалары) жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Бюджеттік өтінім дайындалып,  Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына өткізілді.  Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы «Строитель» массивіне электр жүйесінің құрылысы:

Жобалаушы мекеме "КазЦентрПроект" ЖШС-гі. Сараптама қорытындысы:  21.12.2020 жыл №MBSG-0023/20. Жалпы сметалық құны: 61, 370 мың тг.  

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы «Строитель» массивіне газ желілері құрылысы:

Жобалаушы мекеме "АРХСТРОЙ-2005" ЖШС-гі. Сараптама қорытындысы:  17.11.2021 ж. №KAZE-0051/21.

Жалпы сметалық құны: 33,899  мың тг.  

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы «Строитель» массивіне су жүйесінің құрылысы:

Жобалаушы мекеме "КазЦентрПроект» ЖШС-гі. Сараптама мекемесі «Сырымбет Сараптама» ЖШС-гі.

Сараптама қорытындысы: 17.03.2022 ж. № SS-0002/22 .

Жалпы сметалық құны: 493 882 мың тг.

22.

Шағалалы ауылының газ жүйесінің құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Шағалалы ауылының газ жүйесінің құрылысына жобалық - сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамалық оң қорытындысы алынған. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 98,2 млн. теңгеге бюджеттік өтінім өткізілген.

Басқарма: Сарысу ауданының Шағалалы ауылын газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жоба бойынша құрылыс жұмыстарын іске асыруға облыстық бюджеттен 2023 жылы

Жобаның жалпы құны – 104,7 млн. теңге, соның ішінде құрылыс құны – 98,3 млн. теңге. Халық саны – 116 адам. Жобаланған газ құбыры – 12,0 шақырым.

23.

Үшбас ауылының ауыз су жүйесін жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Үшбас ауылының ауыз су жүйесінің құрылысына жобалық - сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамалық оң қорытындысы алынған. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 229,0 млн. теңгеге бюджеттік өтінім өткізілген.

Басқарма: Сарысу ауданына қарасты Үшбас, Шағалалы елді мекендер 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеттің қалыптастырылуына облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім енгізілді.

24.

Ақтоғай ауылының ауыз су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеп, сараптамадан өткен жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Ақтоғай ауланының ауыз су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға жобалық - сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамалық оң қорытындысы алынған. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 328,7 млн. теңгеге бюджеттік өтінім өткізілген.

Басқарма: Ақтоғай ауылының ауыз су құбыры желілерін қайта жаңғырту жобасы ҚР ИИДМ министрлігіне 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің қалыптастырылуына ұсынылды.

25.

Тоғызкент-Шығанақ бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолы бойында орналасқан Тоғызкент, Досбол-1 және Досбол-2  учаскелерінде су тасқынының алдын алу бөгетін салуға әзірленген жобаға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

Қаржы бөлу

2022-2023 жылдар

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау,

облыс әкімдігінің құрылыс басқармалары (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Бюджеттік өтінім дайындалып,  Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына өткізілді. 

Тоғызкент ауылының учаскесіне,  үймежал бөгетін салу құрылыс жұмыстары:

Жобалаушы мекеме «Тараз-Технопроект» ЖШС-гі;

Сараптама мекемесі: (ТОО) «Мемсараптама» РМК;

Сараптама қорытындысы: 06.02.2020 ж №19-0039/20.

Жалпы сметалық құны: 98219 мың тг.

Тоғызкент ауылының 1 учаскесіне  үймежал бөгетін салу құрылыс жұмыстары:

Жобалаушы мекеме «Тараз-Технопроект» ЖШС-гі;

Сараптама мекемесі (ТОО) «Мемсараптама» РМК.

Сараптама қорытындысы: 06.02.2020 ж №19-0038/20

Жалпы сметалық құны: 88 790,2 мың тг.

Досбол  ауылының 2 учаскесіне  үймежал бөгетін салу құрылыс жұмыстары:

 Жобалаушы мекеме «Тараз-Технопроект» ЖШС-гі;

Сараптама мекемесі (ТОО) «Мемсараптама» РМК.

Сараптама қорытындысы: 06.02.2020 ж №19-0037/20

Жалпы сметалық құны: 128 538 мың тг.

26.

Ауданда жобалық сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен жалпы құны 7,6 млрд. теңге болатын 26 жобаны қаржыландыру үшін облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсыну

Бюджеттік өтінім ұсыну

01.09.2022 ж.

Облыс әкімінің орынбасары          Н.Календеров,

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Бекітілген  бюджет  жобасы бойынша – 26  жоба  7370,4 млн.теңге;

-                    «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 16 жоба 285,9 мың теңге (1 мед.пунк және 15 ауыл ішілік жолдарды орта жөндеуден өткізу) (РБ/ОБ/АБ);

- 2 елді мекенде кіре беріс  жолдарды орта жөндеу  285,5 млн теңге (РБ/ОБ/АБ);

-     Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу 2 жоба 212,0 млн.теңге (Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі және электрмен жабдықтау) (ҰҚ/ОБ).

- Сарысу ауданында қуаты жылына 400 мың тонна кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін Ақкөл көлінен су тартқышты салу (бірінші кезек) – 2222,2 млн.теңге (ОБ);

-  Жаңатас цемент зауытын электрмен жабдықтау үшін 35 кВ ӘЖ және 35/кв ҚС салу– 71,6 млн.теңге (ОБ/АБ);

- Газдандыру бағыты бойынша  2 жобаға  -  4005,2 млн. теңге (ҰҚ,ОБ);

-  2 елді мекенде  30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория  салуға – 288,0 млн.теңге (ОБ);

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тиісті ұсыныстар берілген.

 

 Сарысу ауданына жұмыс сапарының (01.07.2022 ж.) қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар БЕКІТІЛІСІ
Дата публикации
18 ноября 2022