Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-қазандағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-қазандағы 717,2  млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111,1%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 11,0%-ға (521,7 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда -27,3%-ға (106,2 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 4,2%-ға                                       (5,0 млрд. теңге) өсім байқалады. 

Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 8,0%-ға (84,4 млрд. теңге) төмендеді.

2022 жылы 57,2 млрд. теңгеге 628 жаңа жұмыс орны құрылатын                          9 жоба іске асыру жоспарлануда («Каратау Про» ЖШС - ұсақ ұнтақталған толтырғыштар шығаратын зауыттың жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарын ұлғайту; «Alina Group» ЖШС - күнжіт плиталарын өндіру, құрылыстық мақсаттағы сылақтар мен желімдер өндірісі, құрылыс гипсін өндіру; «Turan Industry» ЖШС – табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу; «Satellie GS» ЖШС - құрамында алтыны бар кенді өндіру және байыту; «Ерсад-2021» ЖШС - s (спанбонд) типті тоқыма емес маталарды өндіру бойынша қойма-цех салу, SS, SMS, MB (мельтблаун); «Қордай жем» ӘКК - қажетті жабдықтарды сатып алу жолымен балыққа арналған құрама жем өндірісін кеңейту; «Япоша» ЖШС ұнтақтарын өндіру зауытын салу; «Eco-Chiken» ӘКК - шағын құс фабрикасының құрылысы; «Казфосфат» ЖШС - минералды тынайтқыштардың өндірісін 1 млн.тонна жылына дейін жеткізу).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі                         527,0 млрд.теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 104,9%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 359,9 млрд. теңге                (НКИ-106,9%), мал шаруашылығы -166,3 млрд. теңге (НКИ - 100,3%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2022 жылы 30 395,8 млн. теңге                                   (о.і. РБ - 20 027,0 млн. теңге, ЖБ - 10 368,8 млн. теңге) субсидия бөлінді.    2022 жылдың 1 қарашасына  24 589,4 млн. теңге игерілді (о.і. РБ берілетін трансферттер есебінен - 17 345,9 млн.теңге, ЖБ - 7 243,5 млн. теңге).

Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығында алдын ала мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың га немесе 2021 жылға қарағанда 5,2 мың га артық алаңға орналастырылды, оның ішінде дәнді масақты дақылдар - 390,1 мың га, майлы дақылдары - 72,4 мың га, жем-шөп дақылдары - 215,2 мың га, көкөніс - 78,3 мың га, қант қызылшасы - 5,5 мың га.

14.11.2022 жылғы жағдай бойынша масақты дәнді дақылдар 371,1 мың га немесе егін жинау алаңының 100,0% жиналды, онда өнімділік 17,1 ц/га құрады. Қант қызылшасын  жинау жұмыстары жалғасуда.Начало формы

 

 

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында                    104,6 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 100,0%, сүт – 290,2 мың тонна (101,8%), жұмыртқа – 121,1 млн. дана (95,4%).

МІҚ саны 0,8%-ға (492,8 мың бас), қой - 6,4%-ға (3272,2 мың бас), жылқы - 10,9%-ға (164,7 мың бас), құс саны – 6,5%-ға (2065,7 мың бас) артты.  

 

 

Конец формы

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2022 жылғы қаңтар-маусым шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 311,3 млрд.теңгені (113,4%), жұмыспен қамтылғандар саны - 133,3 мың адамды (108,0%) құрады.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 87,1 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 121,4%-ды құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі                 85,6%-ды құрайды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы бойынша (Бизнестің жол картасы - 2025 іске асырылуы бастағаннан бері) барлық қаржылық қолдау құралдары бойынша сомасы 194,5 млрд.теңгеге 7532 жоба іске асырылуда. Начало формы

Оның ішінде «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, жалпы сомасы 146,1 млрд. теңгені құрайтын 3864 жоба жүзеге асырылуда                           (2022 ж. – 17,5 млрд. теңгеге 1216 жоба).

«Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 26,7 млрд. теңгені құрайтын 3269 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж.- 9,2 млрд. теңгеге 1389 жоба).

 «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 20,9 млрд.теңгеге 127 жоба іске асырылуда (2022 ж. - 273,3 млн. теңгеге 8 жоба).

2022 жылғы қаңтар-қазандағы бөлшек сауда айналымы                           327,8 млрд.теңге және 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға, көтерме сауда айналымы – 310,9 млрд. теңге (6,2%) артты.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы                  314,0 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 154,0% құрады, оның ішінде экспорт - 115,1 млн. АҚШ долларын (2,7 есе),                     импорт - 198,9 млн. АҚШ долларын (122,8%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 83,8 млн. АҚШ доллары.Начало формы

 

Конец формы

Көлік. Көлік қызметтері 461,8 млрд.теңгені құрап, 0,6%-ға өсті. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңіне 3,5%-ға (107,6 млн. тонна) қысқартылған. Жүк айналымы – 0,3%-ға (37,4 млрд.ткм), жолаушы тасымалдау – 9,7%-ға (385,6 млн. адам), жолаушы айналымы – 10,6%-ға (3,6 млрд.жкм) артты.

 

 

Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі                       311,7 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 103,1%-ды құрады.      

Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 154,8 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 104,3% құрады.

Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі                  546,0 мың ш.м немесе 2021 жылдың тиісті деңгейіне 101,9%-ды құрады.

Инфляция. 2022 жылғы қазанда инфляция 15,5%-ды құрады.                Азық - түлік тауарларының бағасы 20,3%-ға, азық-түлік емес тауарларға -14,1%-ға, ақылы қызметтерге - 10,0%-ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейінен 1,7 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 17,2%).

2022 жылғы қазанда 2022 жылғы қыркүйекке тұтыну бағаларының индексі 101,3%-ды (оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша  - 101,5%-ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша - 101,3%-ды, ақылы қызметтер бойынша – 100,9%-ды) құрады.

Азық-түлік тауарлары бойынша жұмыртқа бағасы - 5,3% - ға, макарон өнімдері - 4,3% - ға, жарма - 3,1% - ға (оның ішінде сұлы - 5,8% - ға, жарма-2,9% - ға, қарақұмық - 2,8% - ға), сүт өнімдері - 2,2% - ға (оның ішінде пастерленген сүт - 6,4% - ға, сүт, сүзбе - 3,6%, қаймақ - 1,9%), ет - 2,0%- ға (оның ішінде тауықтар - 4,1% - ға, сиыр еті - 2,4%- ға, шошқа еті -                     0,5%- ға), ұн - 1,9%- ға, күріш - 1,5%- ға, нан - 1,3%- ға (оның ішінде қара бидай - 6,6% - ға, жоғары сұрыпты ұннан - 0,9% - ға), майлар мен майлар - 1,1% - ға (оның ішінде маргарин - 3,9% - ға, күнбағыс майы - 1,5% - ға), балық және теңіз өнімдері - 0,9%- ға.

Қант бағасы - 3,3% - ға, жемістер мен көкөністерге - 0,2% - ға (оның ішінде алмұрт - 9,5% - ға, алма - 5,3% - ға, сәбіз-7,3% - ға, пияз - 3,4% - ға, картоп  -1,8% - ға) төмендеуі байқалды.

Азық - түлік емес тауарлар бойынша жол тауарларына және заттарды тасымалдауға арналған басқа да бұйымдарға - 5,0% - ға, ыдысқа - 3,5% - ға, киім және аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға - 2,3% - ға, фармацевтикалық өнімге - 1,4% - ға, жуу және тазалау құралдарына - 1,1% - ға баға өсті. Бензин бағасы 0,4% - ға төмендеді.

Ақылы қызметтер бойынша тұрмыстық аспаптарды жөндеу бойынша қызметтер 9,8% - ға, тұрғын үй үшін нақты жалдау ақысы - 2,4% - ға, білім беру қызметтері - 2,3% - ға (оның ішінде балаларды дамыту орталықтарының қызметтері - 21,5% - ға, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметтері - 5,6% - ға), амбулаториялық қызметтер-1,6% - ға, қызметтер шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелері - 0,9% - ға, жолаушылар көлігі қызметтері - 0,1% - ға (оның ішінде теміржол қызметтері - 4,2% - ға).

Салықтар. 2022 жылдың 1 қарашасына мемлекеттік бюджетке                             147,1 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 111,1%  (о.і. РБ - 50,8 млрд. теңге (108,9%), ЖБ  - 96,3 млрд. теңге (112,4%)) түсті.

Салық бойынша берешек 4,6 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 137,9%-ды құрады.

Бюджет. 2022 жылдың 1 қарашасына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 457,3 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері –                96,3 млрд. теңгені немесе болжамға 112,4%-ды (о.і.салықтық түсімдер –    80,4 млрд. теңге (108,5%), салықтық емес түсімдер - 4,7 млрд. теңге (127,0%), негізгі капиталды сатудан түсімдер  -  11,2 млрд. теңге (142,2%) құрады. Бюджеттік шығындар 96,8%-ға (442,4 млрд.теңге) игерілді.      

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 65350 адам қамтылды.                    Жұмыс берушілердің бос орындарына 27955 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1150 адам, жастар практикасымен -                     1738 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен  9293 адам қамтылды.

Жаңадан 28724 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 14727. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген                            70318 адамның 35053 жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 216422 теңгені құрап,                 бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 17,4%-ға,                         нақты - 2,2%-ға артты (2022 ж.  3 тоқсан).

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
107374 теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда                   17,5%-ға, нақты – 3,7%-ға өсті (2022 ж. 2 тоқсан).

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 60,0 мың тұрғынға                         3 487,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 3 336,9 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 108,5 млн. теңге,                                үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы - 42,3 млн. теңге төленді).

Білім беру. 2022 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 251,4 млрд. теңге қарастырылып, есепті кезең жоспарына 212,5 млрд. теңге (99,1%-ға) игерілді. Оның ішінде 27 білім беру нысанын дамытуға 7,7 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа 20 мектеп, 6 мектепке қосымша құрылыс және               1 мектепке сыртқы инженерлік желілер салу қаржыландырылды.

Бүгінгі күні 8 мектептің құрылысы аяқталды және пайдалануға берілді (Байзақ ауданының Сенкібай ауылында 100 орынға, Жамбыл ауданының Айша биби ауылында 300 орынға; Жуалы ауданының Дихан ауылында                     180 орынға, Алатау ауылында 100 орынға; Қордай ауданының Арал және Қалғұтты ауылында 180 орынға; 2 Тараз қ. Асқаров және Шалғай Қарасу                             массивтеріндегі 600 орындық мектептер) және 5 мектепке қосымша.

Жыл соңына дейін тағы 4 мектеп (Байзақ ауданының Көктал ауылында              600 орындық; Шу ауданының Төле би ауылында 300 орындық, Тараз қаласында «Барысхан» тұрғын алабында 600 орындық, «Арай» тұрғын алабында 600 орындық) аяқталып, пайдалануға беріледі.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен                      1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстың  443 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 354 мектепте 2337 интерактивті тақталар орнатылды.

2022 жылғы 1 қарашасына облыстағы 567 мектепке дейінгі ұйымдарымен (442 балабақша, 125 шағын орталықтар) 59,0 мың бала немесе 91,7% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен                     0,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2022 жылы
17,3 млрд. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 14,0 млрд. теңге игерілді                              (98,9%). Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 4,6 млрд. теңге (4,0 млрд.теңгесі игерілді), денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға -                  3,2 млрд. теңге бөлінді (2,8 млрд.теңге игерілді).

25 Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға (ДА - 14, МП - 2, ФАП - 4, Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында ОАЕ құрылысы - 1, Жуалы ауданының ОАА-ға қосымша - 1, Меркі ауданының ОАА және Шу ауданының ҚЕ ғимараттарын қайта жаңарту - 2, Тараз қаласындағы онкодиспансер-1) 8,7 млрд. теңге  (оның ішінде  РБ - 6,5  млрд. теңге, ЖБ  - 2,2 млрд.теңге) қарастырылған.

1 қарашаға 7 ДА, 2 МП және 2 ФАП енгізілді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін онкологиялық диспансерді                         (Тараз қаласында 200 төсекке), орталық аудандық емхананы (Сарыкемер ауылында ауысымына 250 келушіге), 7 дәрігерлік амбулаторияны,                                2 фельдшерлік-акушерлік пунктті іске қосу және қалалық емхана ғимаратын (Шу ауданының Шу қаласында) реконструкциялауды аяқтау жоспарлануда.

2022 жылғы қаңтар-қазанына психикалық бұзылулар, қатерлі ісік аурулары деңгейінің өсуі, сонымен қатар қант диабеті, қан айналымы жүйесінің, туберкулез, наркологиялық аурулары және мерез ауруларының деңгейі төмендеді. Талас ауданында ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді.

Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
18 ноября 2022