Жамбыл облысы әкімінің 2022 жылдың 12 тамызындағы Талас ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
АҚПАРАТ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Жауапты орындаушылар |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Үшарал ауылдық округінде жаңадан ашылған дәрігерлік амбулатория ғимаратын газға қосу және нысанның құжаттарын (техникалық төлқұжат т.б) рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастыру |
облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
2022 жылғы 15 қазан
|
Үшарал ауылдық округында жаңадан ашылған дәрігерлік амбулаторияның тиісті техникалық құжаттары алынып, рәсімдеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда ғимаратты газға қосу бойынша монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, Талас аудандық газ шаруашылығы мекемесіне ұсынылып, келісілді. |
|
2. |
Үшарал ауылдық округінде жаңадан ашылған дәрігерлік амбулаторияны медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету |
облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
тұрақты |
Үшарал дәрігерлік амбулаториясы 45 келушіге арналған «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңадан салынып, 2022 жылдың тамызында қолданысқа берілген. Жаңа ғимарат медициналық құрал жабдықтармен толық жарақталған. Үшарал ауылының тұрғын саны 1984, диспансерлік есепте тұратындар саны 274, «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 75 бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмекпен толықтай қамтамасыз етілген. |
|
3. |
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында Үшарал ауылдық округінің іргесіндегі игерілетін жердің көлемін арттыру |
облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2022 жылғы 30 қазан
|
Округтегі үй іргесіндегі игерілетін жердің көлемін арттыру мақсатында Жетіқашар аймағынан 300 гектар жерге тамшылатып суғару үшін инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, электр энергиясын жүргізу үшін техникалық шарттары алынған, жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамаға жіберілген. Сонымен қатар, ауыл іргесіндегі 55 га жердің көлемін арттыру мақсатында, шаруа қожалықтармен келіссөздер жүргізіліп, қосымша 45 га жер пилоттық жоба аясында пайдалануға берілді. 2023 жылы жалпы көлемі 100 га жерге ауыл тұрғындары бақша және көкөніс дақылдарын егеді. |
|
4. |
Ақкөл ауылдық округіндегі жаңадан ашылған спорт кешенін қажетті жиһаздармен және спорттық құралдармен қамтамасыз ету |
облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2022 жылғы 26 қыркүйек |
Ақкөл ауылдық округіндегі жаңадан ашылған спорт кешені «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ-нің теңгерімінде. Спорт кешенін қажетті жиһаздармен және спорттық құралдармен қамтамасыз ету үшін 1415,0 мың теңге аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өтінім берілген. Алдағы аудандық бюджетті нақтылау барысында бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылып, тиісті қаражат бөлінетін болады. |
|
5. |
Қаратау қаласындағы Ә.Қошмамбетов көшесінің жолын орта жөндеуге облыстық бюджеттен 2023 жылғы қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсыну |
облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2022 жылғы 30 қазан
|
Қаратау қаласы бойынша Ә.Қошманбетов көшесін орта жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, бюджеттік өтінімге ұсыныс беріліп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. |
|
6. |
Қаратау қаласындағы «Бәйтерек» саяжайы тұрғындарына ауыз су жүйелерінің құрылысын салуға ЖСҚ әзірлеу |
облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімдігі (жинақтау) |
2022 жылғы 30 желтоқсан |
Қаратау қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде «Флора» саяжайы орналасқан. Алаңы 58,0 га., учаскелердің саны 1088, иесіз учаскелердің саны 618. Саяжайда 263 үй, шамамен 450-ден астам адам тұрады. Арнайы мақсаты: бағбандық және саяжай үшін. Суғару жүйесі – арық арқылы. Саяжай тұрғындары ауыз суды құдық арқылы тұтынуда. Аталған саяжайға ауыз су тартуға жобалық-сметалық құжатты жасату үшін 5,0 млн.тг. қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша жеңімпаз мердігер «ВивоСтрой» ЖШС. Бүгінгі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда. |
|
7. |
Қаратау қаласындағы «Бәйтерек» саяжайында балаларға арналған ойын алаңшасын орнатуды ұйымдастыру |
Талас ауданының әкімдігі (жинақтау) |
2022 жылғы 30 қазан |
Ағымдағы жылы қаланың оңтүстік шығысында орналасқан жеке сектор (малая греция) және «Бәйтерек» саяжайының тұрғындарына Д.Нүрпейсова көшесі бойынан «Кіші футбол алаңшасы» және «Street Workout» нысандары пайдалану үшін берілген. Қазіргі таңда қала әкімі аппаратымен «Балалар ойын алаңшасын» салу үшін ЖСҚ дайындалуда және ол жоғарыда аталған нысандар маңында шоғырланатын болады. |
|
8. |
Қаратау қаласындағы бос тұрған көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізіп, тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарға беру бойынша ұсыныс енгізу |
облыс әкімдігінің құрылыс, энергетика және тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы басқармалары, Талас ауданының әкімдігі (жинақтау) |
2022 жылғы 30 қыркүйек
|
Қаратау қаласында 8 көп қабатты (Б.Момышұлы көшесі, №10, №13, №15, №17, 3 мөлтек ауданы, №16, және №5,№6 жатақхана) тұрғын үйлер бос. Оның, 4-і (Б.Момышұлы көшесі, №17 және 3 мөлтек ауданы №5,№6 жатақхана, «Қаратау» қонақ үйі) коммуналдық меншікте, ал 4-і (Б.Момышұлы көшесі, №10, №13, №15 және 3 мөлтек ауданы №16) жеке меншік иелігінде. Бүгінгі күні, жеке меншіктегі Б.Момышұлы көшесі, №10 көп қабатты тұрғын үйге қатысты қайта жаңғырту жұмыстары басталып, жүргізілуде (терезе-есіктері салынуда). Коммуналдық меншіктегі көпқабатты үйлерге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, тек облыстық әкімдік тапарынан қаржыландыру күтілуде. - 3 мөлтек ауданы, №5-№6 жатақхана – қайта жаңғырту, ЖСҚ құны әр қайсысы 323056,0 мың теңге. Барлығы 646112,0 мың теңге. - Б.Момышұлы көшесі, №17 үй – қайта жаңғырту, ЖСҚ құны 522996,0 мың теңге. - 3 мөлтек ауданындағы «Қаратау » қонақ үйі – жатақхана ғимаратына қайта жабдықтау, ЖСҚ дайындалуда. Қаратау қаласында бүгінде жалпы 30 715 халық тұрады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 1523 адам тіркелген. Жоғарыда көрсетілген 7 көпқабатты үйлер толыққанды жөнделіп халық игілігіне берген жағдайда, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны шамамен 500-ге жуық кемиді. |
|
9. |
Талас ауданындағы балалар мен жасөспірімдер орталығында үйірмелер жұмысының тиімділігіне (топтардың жұмысы, нақты қатысушы балалардың саны, қаржыландырылуы т.б.) зерделеу жүргізу |
облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімдігі |
2022 жылғы 21 қыркүйек
|
2022 жылдың 14-23 қыркүйек күндері аралығында зерделеу жұмыстары жүргізілді. 2022-2023 оқу жылы орталықта 49 үйірме бар, топ саны – 205, оқушы саны – 2742 (қала-1395 бала, ауыл-1347 бала) құрап отыр. Жалпы мұғалімдер саны – 76. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 14 маусымдағы №228 бұйрығына сәйкес Балалар мен жасөспірімдер орталығының 2022-2023 оқу жылы 15 қыркүйек күні басталды. Балалар мен жасөспірімдер орталығында 12 кабинет, Ойық ауылындағы бөлімшеде 4 кабинет бар. Қорытындылай келе, зерделеу барысында балалардың сабаққа қатысуы 60-65%-ды құрап отыр. Балалар мен жасөспірімдер орталығының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспары мекеме басшысының қолы қойылып, бекітілген, білім бөлімінің басшысымен келісілген. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді жоюға төмендегідей ұсынылды: 1) кемшіліктерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылдауды және қатаң бақылауға алу; 2) Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бойынша оқушылардың құжаттарын реттеу; 3) Педагог лауазымына тағайындау конкурсы бойынша жұмыстарды жетілдіру; 4) Балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. |
|
10. |
Жастар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтың алдын алу мақсатында мәдениет үйлеріндегі, спорт мектептеріндегі және білім беру мекемелеріндегі қосымша үйірмелердің жұмысын жүйелендіру |
облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, білім, денсаулық сақтау басқармалары, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудандық білім бөліміне қарасты 3 қосымша білім мекемелерінде 68 үйірмеге 4504 бала қатысады. Оларға 126 педогог сабақ беруде. Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығында жалпы 85 үйірмелер қызмет атқарады. (оның ішінде ауылдық жерде 59), оған қатысушылар саны 810 (оның ішінде ауылдық жерде 594). Оның 295 (42 үйірме) 14 жасқа балаларға арналған үйірмелер. 2022 жылы 14 жасқа дейінгі балаларға үйірме ашу бойынша Талас ауданы әкімдігінің 02.09.2022 жылғы №327 қаулысына сәйкес 9 штат берілді. (Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына - 5 штат, Бостандық,Есейхан,Ойық,Майтөбе ауылдық мәдениет нысандарына - 4 штат.). Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына 2 штат бірлігіне қызметкерлер алынып «Баян», «Вокал», «Халық әні қазынам» ән-вокал үйірмелері ашылды. Қатысушылар саны 22. Қалған 3 штатқа тиісті мамандарды алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауылдық нысандарға берілген 4 штат бірлігіне қызметкерлер алынып «До-мажор», «Қылқалам шеберлері»,«Тоқыма»,«Шебер қолдар», «Шұғыла» би үйірмесі, «Хор» және вокал үйірмелері ашылды. Қатысушылар саны 67. Алдағы уақытта тағы 6 үйірме ашу жоспарлануда. Аудан бойынша спорттың 17 түрінен спорттық үйірмелерде мектеп жасындағы 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері және спорт клубтарында дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны 2741 құрады. Оның ішінде спорт мектептерінде 2 мың 312 спортшы, «Жұлдыз» және Ойық ауылындағы аула және балалар жасөспірімдер дене шынықтыру спорт клубындағы спорт секцияларында 429 бала қамтылған. Биылғы жылы қосымша спорт үйірмелері ашылуына байланысты бала саны өткен жылмен салыстырғанда 410 жасөспірімге өскен. Сонымен қатар, Өмірәлі Нышан, футболшы Алишер Сулей, қазақ күресінен Азияның кола жүлдегері Рыспай Аян, еңбегі сіңген жаттықтырушы Бекұзақов Бауыржан жастар мен жасөспірімдер арасында мастер-класстар, кездесулер өткізілді. |
|
11. |
Тамды ауылдық округіне қарасты «Дулатбай» әуітін қайта қалпына келтіру бойынша (жұмыс тобы құрамымен) зерделеп, ұсыныс енгізу |
облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау), ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі |
2022 жылғы 26 қыркүйек
|
«Дулатбай» әуітін қайта қалпына келтіру үшін жерге орналастыру сызбасы мен мемлекеттік актісі заңдастырылып, «Жамбыл су қоймалары» КММ меншігіне өткізілді. «Дулатбай» су қоймасын қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын 2023 жылы әзірлеуге 3,0 млн.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Қалпына келтіру жұмыстардың құны мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін айқындалатын болады. |
|
12. |
Тамды ауылдық округінде күрес залын ашуды ұйымдастыру |
облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2022 жылғы 30 қазан
|
Казіргі кезде Тамды ауылындағы Қ.Қойгелді атындағы орта мектептің икемделген спортзалында дзюдо күресінен 2 жаттықтырушыда 44 бала жаттығуда. Сонымен қатар, Талас аудандық білім бөлімінің 05.09.2022 жылғы №03-1097 хатына сәйкес биылғы жылы Тамды ауылындағы Қ.Қойгелді орта мектебінің шатыры мен жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал 2023-2024 жылғы оқу жылында мектептің апатты деп танылған спорт залының құрылысын салу жоспарланған.
|
|
13. |
Ауылдық округ әкімдері елді мекендердегі әр үйге жеке-жеке кіріп тұрақты табысы жоқ отбасыларды анықтап, оларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету
|
Талас ауданының әкімі |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудан бойынша ауылдық округтердегі 73 табысы жоқ отбасылар анықталып, ауылдық округ әкімдеріне тізімі берілген. Оларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бағытында ауылдық округ әкімдері тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде осы отбасылардағы 472 адамға 21 009,0 мың тг. көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, орта есеппен әр адам 44 511 тг. көлемінде мемлекет тарапынан жәрдемақымен қамтылды. Сонымен қатар, осы отбасылардағы 1-6 жас аралығындағы 128 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен (азық-түлік, гигиеналық құралдар) қамтылды. |
|
14. |
Ауыл әкімдері ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін мемлекеттік субсидияны алу тәртібі мен ережелерін елді мекендердегі шаруашылықтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
Талас ауданының әкімі |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер, грант, несие, төленетін субсидиялар жөнінде, лизинг жүйесі арқылы техника сатып алу тақырыптарында насихаттау, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде және ауылдық округтерді аралау мен жұмыс барысында жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, семинар-кеңестер ұйымдастырылып, интернет желілеріне және газет беттерінде (Талас тыныс газетіне 2 рет) мақалалар жарияланды. Тұқым, тыңайтқыштар, пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау, балық өсіру шаруашылығы, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау, мал және егін шаруашылықтарын дамытуды субсидиялау туралы НҚА-ның қысқартылған нұсқалары әзірленіп, округ әкімдіктеріне ұсынылып, шаруаларға түсіндірілді. |
|
15. |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында көршілес жатқан аудандардан төмен бағада сатылып жатқан өнімдерді аудан тұрғындарына жеткізуді ұйымдастыру |
облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармалары, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында, көршілес жатқан Жамбыл ауданында орналасқан «Когай Тимофей Владимирович» шаруа қожалығы және Талас аудандық жеке кәсіпкер «Нарбек Мұрат Төреханұлы» арасында 50 (елу) тонна пияз және 20 (жиырма) тонна сәбіз өнімдеріне келісім-шарт жасалып, халыққа төмен бағамен үйлестірілді. Сонымен қатар, Жуалы ауданында орналасқан «Злиха» шаруа қожалығымен және Талас аудандық жеке кәсіпкер «Пазылов Е.» 50 (елу) тонна картоп өніміне келісім шарт жасасып, халыққа төмен бағамен үйлестірілді. Қосымша: Ауданда арнайы көкөніс өнімдерін сақтайтын қойма орналаспаған. Себебі, ауданда орналасқан ірі сауда орталықтарында шағын өздеріне қажетті тауарларды сақтайтын қоймалары бар. Сонымен қатар, Тараз қаласы аудан орталығы Қаратау қаласына жақын болғандықтан ауданымыздың жеке кәсіпкерлері тікелей «Ауыл береке» базарынан күнделікті азық-түлік өнімдерімен халықты қамтамасыз етуде. |
|
16. |
Мемлекет тарапынан берілетін субсидия алатын ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші шаруа қожалықтарының санын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізу |
облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау)
|
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер, субсидия алу Ережелері талаптарын түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Оның ішінде тұқым, тыңайтқыштар, пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау, балық өсіру шаруашылығы, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау, мал және егін шаруашылықтарын дамытуды субсидиялау туралы НҚА-ның қысқартылған нұсқалары әзірленіп, барлық ауылдық әкімдіктеріне таратылды, шаруаларға түсіндірілді. Аудан әкімінің орынбасары М.Уристеновтің басшылығымен және аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары А.Ерубай, А.Тауасаров және А.Төсбайдың қатысуымен аудандағы ауылдық округтерде ірі және шағын инвестициялық жобаларды іске асыру, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерді насихаттау тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып, насихаттау жұмыстары жүргізілді. |