Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы есеп

Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы (ары-қарай Бағдарлама) Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы №2-2 шешімімен бекітілген. Жалпы бағдарламада 3 бағыт, 13 мақсат, 27 индикатор қарастырылған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 15 индикатор орындалды, 1 индикатор «Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемі индексі» орындалмады, 1 индикатор «Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялар  асыра орындалды. 9 индикатор бойынша ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес статистикалық мәліметтер 2022 жылдың ішінде ұсынылады,  1 индикатор «Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі» бойынша мәліметтер әзірленуде.

Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы (ары-қарай Бағдарлама) Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы №2-2 шешімімен бекітілген. Жалпы бағдарламада 3 бағыт, 13 мақсат, 27 индикатор қарастырылған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 15 индикатор орындалды, 1 индикатор «Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемі индексі» орындалмады, 1 индикатор «Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялар асыра орындалды. 9 индикатор бойынша ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес статистикалық мәліметтер 2022 жылдың ішінде ұсынылады, 1 индикатор «Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі» бойынша мәліметтер әзірленуде. 1-бағыт: Өңір экономикасының өсуі 3.1.1. Өңірлік макроэкономика Мақсат 3.1.1.1: Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету Бөлімде 1 индикатор «Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі» қарастырылған. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жыл қорыиындысы бойынша алдын – ала мәліметі 2022 ж. 29 сәуірінде, жылдық - 2022 ж. 23 тамызында жарияланатын болады. 3.1.2.Өнеркәсіп және инвестициялар Мақсат 3.1.2.1: Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, тауарлардың шикізаттық емес экспортының өсуі Бөлімде 4 индикатор қарастырылған: Базалық тізбенің 3 индикаторы және ЖАО 1 индикаторы. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 1 индикатор асыра орындалды. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес базалық тізбенің 2 индикаторы «Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі», «Шикізаттық емес экспорт көлемінің өсуі» және ЖАО бастамашылық еткен 1 индикатор «Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі» бойынша деректерді ұсыну мерзімі 2022 жыл. 3.1.3. Агроөнеркәсіп кешені Мақсат 3.1.3.1: Агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекелес қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау Бөлімде 3 индикатор қарастырылған. ЖАО бастамашылық еткен 2 индикатор бойынша «Ауылдық елді мекендердегі жайылымдық жерлерді ұлғайту» индикаторы орындалды, «Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемі индексі» индикаторы орындалмаған. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес Базалық тізбенің «Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі» 1 индикаторы бойынша деректерді ұсыну мерзімі 2022 жыл. 3.1.4. Шағын және орта бизнес Мақсат 3.1.4.1: ШОБ субъектілерінің өсуі үшін жағдай жасау Бөлімде «Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі»базалық тізбесінің 1 индикаторы көзделген. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросының статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес деректерді ұсыну мерзімі - 2022 жыл. 3.2.1. Білім беру Мақсаты 3.2.1.1: Білім беру саласында қолайлы жағдай жасау Бөліде 2 индикатор «Апатты мектептердің санын азайту», «Үш ауысымды мектептердің санын азайту». Жыл қорытындысымен орындалды. 3.2.2. Денсаулық сақтау Мақсат 3.2.2.1: Медициналық көмек сапасын және қолжетімділігін арттыру Бөлімде 1 индикатор «Өлім-жітімнің стандартталған коэффициенті». ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 24 маусымында жарияланады. 3.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Мақсаты 3.2.3.1: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру Болімде 5 индикатор, оның ішінде ЖАО бастамашылық еткен «Мемлекеттік қызметшілердің таза ауысуы (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету)» индикаторы. Жыл қорытындысымен барлық ндикаторлар орындалды. 3.2.4. Бұқаралық спортты дамыту Мақсаты 3.2.4.1: Бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдай жасау Бөлімде 2 индикатор қарастырылған, оның ішінде 1-уі ЖАО бастамашылық еткен «Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың үлесі» индикаторы. Жыл қорытындысымен барлық ндикаторлар орындалды. 3.2.5. Туризмді дамыту Мақсат 3.2.5.1: Қолайлы туристік климат құру Бөлімде ЖАО бастамашылық еткен 1 индикатор «Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру» қарастырылған. 2021 жыл қорытындысымен ресми мәлімет 2022 ж. мамыр айында жарияланады. 3.2.6. Ауылдық елді мекендерді дамыту Мақсат 3.2.6.1: Ауылдық елді мекендерде халықты әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету Бөлімде Базалық тізбедегі «Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі» индикаторы қарастырылған. Аудан әкімдіктерімен бірлесе 367 АЕМ «Өңірлік стандарттар жүйесіне» сәйкес әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейін жыл қорытындысымен анықтау бойынша есептілік қалыптастырылуда. 3-бағыт: Инфрақұрылымды дамыту және өңірдің қауіпсіздігі 3.3.1. Халықты тұрғын үймен, сапалы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын дамыту Бөлімде 4 индикатор қарастырылған, оның ішінде тұрғын үй құрылысы саласында 1 индикатор «Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу» бойынша көрсеткіш жылдық негізде қалыптастырылады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес жыл қорытындысы бойынша мәлімет 2022 ж. наурыз айында жарияланады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында қарастырылған Базалық тізбенің 2 индикаторы 2021 жылдың қорытындысымен орындалды. Жол және көлік саласында қарастырлған 1 индикатор «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» орындалды. 3.3.2. Экология Мақсат 3.3.2.1: экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Бөлімде Базалық тізбенің 1 индикаторы «Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» индикаторы орындалды. 3.3.3. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп Мақсат 3.3.3.1: Сыбайлас жемқорлықпен күрес, қоғамдық тәртіпті нығайту және авариялар мен дүлей апаттардың алдын-алуды және жоюды ұйымдастыру Болімде 3 индикатор қарастырылды, оның ішінде ЖАО бастамасымен енгізілген «Көшелерде жасалған қылмыстардың үлесі» индикаторы 2021 жыл қорытындысымен орындалды. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шара жоспарында 2021 жылға 217 іс-шара қарастырыған, оның ішінде «Өңір экономикасының өсуі» 1-бағыт бойынша жалпы сомасы 38383,2 млн. теңгеге 58 іс-шараны, «Әлеуметтік сала» 2-бағыт бойынша - 39639,2 млн.теңгеге 29 іс-шара, «Инфрақұрылымды дамыту және өңірдің қауіпсіздігі» 3-бағыт бойынша - 37554,46 млн.теңгеге 130 іс-шара қарастырылған. Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі» көрсеткіші 103% деңгейінде жоспарланып, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі нақты мәні 104,7%-ды құрады. Өнеркәсіп. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында 622,5 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі - 104,6% (2021 жылға жоспар – 104,3%). Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнім көлемдері 62,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 103,6%-ды құрады (2021 жылға жоспар – 103,5%). Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 448,7 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 101,8%-ды құрады (2021 жылға жоспар – 104,0%). 2021 жылы 651 жаңа жұмыс орындары құрылатын, инвестиция көлемі 18,4 млрд. теңгеге 12 жобаны іске асыру жоспарланған («Жабатаева Л.К.» ЖК - консерві өндірісін ұйымдастыру және көкөніс қоймасын салу, «Аса Агро» ЖШС-гі - құс фабрикасының ет өндіру көлемін ұлғайту, «KORDAY FISH» ЖШС-гі - балық өнімдерін өндіру және консервілеу, «Golden Compass Capital» АҚ-ы - құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салу (ІІ кезең), «BestYard» ЖШС-гі - балық өнімдерін өңдеу зауыты, «AQMOL 2025» ЖШС-гі - сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша сүт цехын кеңейту, «Мухиев Е.Қ» ЖК-ғы - темір бетон бұйымдары зауытының құрылысы, «Satellie GS» ЖШС-гі - Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауытының құрылысы, «Kazstonebox» ЖШС-гі - гофрирленген картон және тас қағаздан дайын қаптама өндіру, «Аса DAMU» ЖШС-гі - жұмыртқа және құс етін өндіру фабрикасын кеңейту, «Taraz Plastic» ЖШС-гі - полипропилен шпагатын өндіру желісі, «КЕРЕҢ» ШҚ-ғы – 216 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу). Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 426,7 млрд.теңгені немесе 2020 жылға 101,4%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 253,1 млрд. теңге (НКИ -99,0%), мал шаруашылығы – 173,1 млрд. теңге (НКИ-104,8%). Шаруашылықтың барлық санаттарында 149,2 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2020 жылға 106,6%, сүт – 331,4 мың тонна (101,5%), жұмыртқа – 148,9 млн. дана (108,3%), жүн - 6,0 мың тонна (101,8%). МІҚ саны 2020 жылдың тиісті кезеңіне 10,1%-ға (499,1 мың бас), қой – 7,1%-ға (3005,3 мың бас), жылқы – 10,2%-ға (167,1 мың бас) өсіп, құс саны – 3,9%-ға (1712,2 мың бас) азайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2021 жылы 19 391,5 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 9566,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 9824,9 млн. теңге субсидия көзделген. 2022 жылдың 1 қаңтарына 19 3875 млн.теңге игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен - 9 564,9 млн.теңге, жергілікті бюджеттен - 9 822,6 млн. теңге. Шағын және орта кәсіпкерлік. 2021 жылғы қаңтар - қыркүйекте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 535,4 млрд.теңгені (106,4%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны - 125 мың адамды (98,9%) құрады. Жұмыс істейтін субъектілер саны 2022 жылғы 1 қаңтарға 71,3 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,8%-ды құрады. Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлемінде жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 81,9%-ды құрайды. «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы 172,5 млрд. теңгені құрайтын 4919 жоба қолдау тапты. Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 133,7 млрд.теңгені құрайтын 2648 жоба (2021 ж. – 33,8 млрд. теңгеге 1329 жоба); «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 17,5 млрд. теңгені құрайтын 1880 жоба жүзеге асырылуда (2021 ж. – 8,4 млрд. теңгеге 1154жоба); «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,7 млрд.теңгеге 119 жоба іске асырылуда (2021 ж. - 231,7 млн. теңгеге 5 жоба); «Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 692,9 млн. теңге сомасына 272 жоба қаржыландыруға мақұлданды (2021 ж. – 21,0 млн. теңгеге 5 жоба). Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 230,4 млрд. теңге қарастырылды, есепті кезеңі жоспарына 230,4 млрд. теңгеге (100%-ға) игерілді. Білім беру объектілерін дамытуға 2021 жылы бюджет есебінен 14,4 млрд.теңге қарастырылды (оның ішінде жергілікті бюджеттен - 10,6 млрд. теңге, «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында – 3,1 млрд. теңге, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде – 675,1 млн. теңге). 2021 жылы Тараз қаласындағы №22 орта мектебінің орнына 600 орындық, Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 300 орындық, Қордай ауданы Масаншы ауылындағы 600 орындық, Күнбатыс-2 ауылындағы 150 орындық, 318 орындық №2 орта мектебінің ескі ғимараттарын бұзып, №16 орта мектептің ескі «А» блогын бұзып 348 орындық, Жуалы ауданы Дихан ауылындағы 180 орындық, Қордай ауданы Қалғұтты ауылындағы 180 орындық, Тараз қаласы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабындағы 600 орындық, Шақан ауылындағы 100 орындық орта мектептердің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Байзақ ауданы Үлгілі ауылында Үлгілі орта мектеп ғимаратына қосымша 100 орындық оқу бөлмелерін, Көкөзек ауылы Ақбозов атындағы орта мектеп ғимаратына жапсарлас спортзал және асхана құрылысы, Құлан ауылы Ю.Гагарин атындағы негізгі мектепке спорт зал жапсарлас құрылысы, Т.Рысқұлов ауданы Луговое а. М.Горький атындағы орта мектеп казандығын газбен жабдықтау, Аймантөбе ауылы Берікқара орта мектеп қазандығын қайта жаңарту, Қордай ауданы Беріктас ауылындағы №28, Қайнар ауылындағы №32, Қақпатас ауылындағы №30, Сарыбұлақ ауылындағы №31 орта мектептердің қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Шу ауданы Көкқайнар ауылында Естемесов атындағы орта мектепті газбен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Қалған 10 білім нысандарының құрылысын аяқтау 2022 жылы жоспарлануда. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды. Облыстың 444 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылды. 371 мектепте 2452 интерактивті тақталар орнатылды. 2022 жылғы 1 қаңтарына облыстағы 562 мектепке дейінгі ұйымдарымен (431 балабақша, 131 шағын орталықтар) 57,1 мың бала немесе 91,5% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,1 пайыздық тармаққа артық. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 22,1 млрд. теңге бөлініп, 22,0 млрд. теңге игерілді немесе 99,8%. Оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге қарастырылған 3,5 млрд. теңге толығымен игерілді. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен - 2,0 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен - 3,3 млрд. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 5,4 млрд. теңге (оның ішінде РБ - 4,9 млрд. теңге, ЖБ - 0,4 млрд. теңге) қарастырылған. Тараз қаласындағы 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысын аяқтау 2022 жылы жоспарлануда. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында наркологиялық аурулар мен қан айналымы жүйесі аурулары деңгейінің төмендеуі байқалады. Қант диабеті, туберкулез, қатерлі ісіктер, психикалық бұзылулар, мерез ауруларының өсуі байқалады. Ана өлімінің 8 жағдайы тіркелді (Байзақ ауданында-2, Жамбыл ауданында - 1, Меркі ауданында -1, Талас ауданында -1, Шу ауданында-1 және Тараз қаласында-2). Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 58078 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 30195 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1516 адам, жастар практикасымен - 2107 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 11085 адам қамтылды. Жаңадан 38752 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 18998. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 54338 адамның 37680 жұмысқа орналастырылды. Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2021 жылдың 4 тоқсанында 215 285 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 27,5%-ға, нақты - 17,4%-ға артты. Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2021 жылдың 3 тоқсанында 88874 теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10%-ға, нақты - 1,2%-ға өсті. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 79,0 мың тұрғынға 4390,0 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 4200,5 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 128,9 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 60,6 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 215,6 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 112,9% құрады. Өсім Тараз қаласында 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы, 15 шағын мөлтек ауданында көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, Мойынқұм ауданында Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль жолын реконструкциялау, Талас ауданында Қаратау қаласы үшін Көктал су құбырының құрылысы есебінен қамтамасыз етілді. Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 704,7 мың ш.м немесе 2020 жылдың тиісті деңгейіне 114,1% құрады. Сумен қамтамасыз ету. Жыл қорытындысымен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген халықтың үлесі 91,0%-ды құрады. 367 ауылдық елді мекеннің 267-сі (72,8%) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жол және көлік. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95,0%-ды құрайды. Есепті кезеңде көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2020 жылға 3,6%-ға (92,1 млн. тонна) және жолаушылар айналымы – 10,2%-ға (3435,1 млн.жкм) төмендеді. Жүк айналымы 8,0%-ға (3683,9 млн.ткм) және жолаушыларды тасымалдау – 0,5%-ға (451,3 млн. адам) артты. Экология. 2021 жылы 65,3 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған, оның 8,5 мың тоннасы (13%) сұрыпталған және қайта өңделген (қайта өңдеуге берілген). Облыста қоқыс өңдейтін зауыт жоқ, ал компоненттер бойынша алдын ала ішінара сұрыпталған жинақталған қалдықтар көмуге арналған полигондарға жіберіледі. Пластмасса, полиэтилен, электрондық аспаптар, мотор майлары, шыны және қағаз қалдықтарын сұрыптау немесе кәдеге жарату жөніндегі 15 мекеме жұмыс істейді. Қоқыс қалдықтарын бөлек жинауға арналған 3771 контейнер (оның ішінде: пластмасса және пластик қалдықтарға арналған 700 контейнер, құрамында сынабы бар шамдар мен батареяларға арналған 106 контейнер) орнатылды. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласын дамыту үшін «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттар мен субсидиялар ұсыну арқылы инвесторлар, шағын орта бизнес өкілдерін тарту жоспарлануда. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері 51 бірлік арнайы техниканы (қоқыс тасығыштар мен басқа да техника), қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді, баспасөз-компакторларды сатып алуды, сұрыптау желілерін орнатуды жоспарлап отыр. 2021 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен 36,0 млн.теңге сомасына 813 контейнер, 2 қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісі (1 - Жамбыл ауданы бюджеті қаражаты есебінен), аудандық бюджет қаражаты және өз қаражаты есебінен 6 бірлік техника сатып алынды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру үшін коммуналдық меншіктегі 158 полигон жұмыс істейді, барлық полигондар экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді (қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты және қоршаулары бар). 2021 жылы 61 полигонда жалпы сомасы 47,5 млн. теңгеге қоршаулар орнатылды (Жуалы ауданы - 4 полигон, Мойынқұм ауданы-23 полигон, Сарысу-10 полигон, Т. Рысқұлов-7, Шу – 17).
Дата публикации
01 ноября 2022