Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 639,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 112,3%-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 12,4%-ға (465,5 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда -29,2%-ға (94,6 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 4,8%-ға (4,5 млрд. теңге) өсім байқалады.
Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,2%-ға (74,6 млрд. теңге) төмендеді.
2022 жылы 57,2 млрд. теңгеге 628 жаңа жұмыс орны құрылатын 9 жоба іске асыру жоспарлануда («Каратау Про» ЖШС - ұсақ ұнтақталған толтырғыштар шығаратын зауыттың жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарын ұлғайту; «Alina Group» ЖШС - күнжіт плиталарын өндіру, құрылыстық мақсаттағы сылақтар мен желімдер өндірісі, құрылыс гипсін өндіру; «Turan Industry» ЖШС – табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу; «Satellie GS» ЖШС - құрамында алтыны бар кенді өндіру және байыту; «Ерсад-2021» ЖШС - s (спанбонд) типті тоқыма емес маталарды өндіру бойынша қойма-цех салу, SS, SMS, MB (мельтблаун); «Қордай жем» ӘКК - қажетті жабдықтарды сатып алу жолымен балыққа арналған құрама жем өндірісін кеңейту; «Япоша» ЖШС ұнтақтарын өндіру зауытын салу; «Eco-Chiken» ӘКК - шағын құс фабрикасының құрылысы; «Казфосфат» ЖШС - минералды тынайтқыштардың өндірісін 1 млн.тонна жылына дейін жеткізу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 431,2 млрд.теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 105,5%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі - 280,0 млрд. теңге (НКИ-108,2%), мал шаруашылығы -150,7 млрд. теңге (НКИ - 100,4%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2022 жылы 31 258,7 млн. теңге (о.і. РБ - 20 889,9 млн. теңге, ЖБ - 10 368,8 млн. теңге) субсидия бөлінді. 2022 жылдың 1 қазанына 22 928,4 млн. теңге игерілді (о.і. РБ берілетін трансферттер есебінен - 16 066,8 млн.теңге, ЖБ - 6 861,6 млн. теңге).
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығында алдын ала мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың га немесе 2021 жылға қарағанда 5,2 мың га артық алаңға орналастырылды, оның ішінде дәнді масақты дақылдар - 390,1 мың га, майлы дақылдары - 72,4 мың га, жем-шөп дақылдары - 215,2 мың га, көкөніс - 78,3 мың га, қант қызылшасы - 5,5 мың га.
17.10.2022 жылғы жағдай бойынша масақты дәнді дақылдар 371,1 мың га немесе егін жинау алаңының 100,0% жиналды, онда өнімділік 17,1 ц/га құрады. Көкөністерді, картопты және майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда.Начало формы
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 92,6 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 100,1%, сүт - 267,3 мың тонна (101,9%), жұмыртқа - 110,4 млн. дана (94,6%).
МІҚ саны 1,5%-ға (503,8 мың бас), қой - 6,7%-ға (3376,1 мың бас), жылқы - 10,4%-ға (168,5 мың бас), құс саны - 11,9%-ға (2135,8 мың бас) артты.
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2022 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 116,1 млрд.теңгені (114,6%), жұмыспен қамтылғандар саны - 128,8 мың адамды (104,8%) құрады.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 81,7 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 115,0%-ды құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 84,5%-ды құрайды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы бойынша (Бизнестің жол картасы - 2025 іске асырылуы бастағаннан бері) барлық қаржылық қолдау құралдары бойынша сомасы 190,7 млрд.теңгеге 7021 жоба іске асырылуда. Начало формы
Оның ішінде «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, жалпы сомасы 143,8 млрд. теңгені құрайтын 3616 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж. - 15,2 млрд. теңгеге 968 жоба).
«Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 25,3 млрд. теңгені құрайтын 3006 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж.- 7,8 млрд. теңгеге 1126 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 20,9 млрд.теңгеге 127 жоба іске асырылуда (2022 ж. - 273,3 млн. теңгеге 8 жоба).
2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауда айналымы 289,2 млрд.теңге және 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға, көтерме сауда айналымы - 277,4 млрд. теңге (7,3%) артты.
2022 жылғы қаңтар-тамызда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 274,2 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 154,4% құрады, оның ішінде экспорт - 105,5 млн. АҚШ долларын (2,7 есе), импорт - 168,7 млн. АҚШ долларын (121,3%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 63,2 млн. АҚШ доллары.Начало формы
Конец формы
Көлік. Көлік қызметтері 410,6 млрд.теңгені құрап, 0,8%-ға өсті. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңіне 3,6%-ға (94,3 млн. тонна) қысқартылған. Жүк айналымы – 1,7%-ға (33,7 млрд.ткм), жолаушы тасымалдау - 12,8%-ға (344,4 млн. адам), жолаушы айналымы – 13,2%-ға (3,2 млрд.жкм) артты.
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 293,6 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 107,5%-ды құрады.
Инвестициялар көлемінің өсуі «Қазақмыс корпорациясы-Балқашцветмет өндірістік бірлестігі» ЖШС-гі филиалының Шатыркөл-Жайсан кластерінде байыту фабрикасын, «Корцем» ЖШС-гі цемент өндіру зауытын, биофармацевтикалық зауыт базасында субстанциялар өндіру цехын салуға салған инвестициялары есебінен байқалады.
Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 149,0 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 108,7% құрады.
Өсім «AAengineering group» ЖШС-гі Шатыркөл - Жайсан кластерінде байыту фабрикасын, «Ка-строй ЛТД» ЖШС-гі биофармацевтикалық зауыты базасында субстанциялар өндіру цехын салу есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 500,7 мың ш.м немесе 2021 жылдың тиісті деңгейіне 104,2%-ды құрады.
Инфляция. 2022 жылғы қыркүйекте инфляция 14,1%-ды құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 18,6%-ға, азық-түлік емес тауарларға -12,6%-ға, ақылы қызметтерге - 9,1%-ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейінен 1,3 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 15,4%).
2022 жылғы қыркүйекте 2022 жылғы тамызға тұтыну бағаларының индексі 101,4%-ды (оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша - 100,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша - 101,6%-ды, ақылы қызметтер бойынша - 102,4%-ды) құрады.
Азық-түлік тауарлары бойынша қызанақ бағалары 16,7%-ға, қияр 14,8%-ға, жұмыртқа - 10,1%-ға, күріш - 4,7%-ға, май және тоң май - 3,8%-ға (оның ішінде күнбағыс майы - 5,1%-ға, тұздалмаған сары май - 2,3%-ға), макарон өнімдері - 3,6%-ға, жармалар -2,6%-ға (оның ішінде жүгері - 5,6%-ға, қарақұмық - 2,5%-ға, арпа - 2,1%, жарма, сұлы -2,0%), балық және теңіз өнімдері - 1,8%-ға, ет - 1,0%-ға (о.і. құс еті - 2,4%-ға, жылқы - 1,5%-ға, сиыр - 1,0%-ға), сүт өнімдері - 0,9%-ға (о.і қаймақ - 2,0%-ға, айран, ірімшік, сүзбе - 0,2%-ға) өсті.
Қант бағасы 6,5%-ға, жемістер мен көкөністер - 4,5%-ға (оның ішінде пияз - 30,9%-ға, сәбіз - 12,1%-ға, қызылша - 5,6%-ға, алма - 4,3%-ға, картоп -3,6%-ға, қырыққабат - 1,6%-ға) төмендеуі байқалды.
Шай, қой мен шошқа еттеріне, пастерленген сүт бағалары тұрақты болып қалды.
Азық - түлік емес тауарлар бойынша жуу және тазалау құралдарының 2,5% - ға, киім мен аяқ киімнің - 1,7% - ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған материалдардың - 1,4%-ға, фармацевтикалық өнімдердің, жеке пайдаланылатын тауарлардың және бензиннің бағасы -0,7% - ға өсті.
Ақылы қызметтер бойынша су бұру қызметтерінің бағалары 27,2% - ға, тұрғын үй үшін нақты жалдау ақысы - 7,4% - ға, білім беру қызметтері - 2,8% - ға (оның ішінде мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтарының қызметтері-18,6% - ға, кәсіптік орта білім беру-4,9% - ға, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру-3,5% - ға) өсті.
Жолаушылар көлігі қызметі - 0,7% - ға (оның ішінде теміржол көлігі - 6,1% - ға, әуе көлігі-4,3%-ға) төмендеді.
Салықтар. 2022 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке 134,0 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 111,2% (о.і. РБ - 45,9 млрд. теңге (103,7%), ЖБ - 88,1 млрд. теңге (115,5%)) түсті.
Салық бойынша берешек 2,7 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 123,7%-ды құрады.
Бюджет. 2022 жылдың 1 қазанына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 402,5 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері – 88,1 млрд. теңгені немесе болжамға 115,5%-ды (о.і.салықтық түсімдер – 74,5 млрд. теңге (112,5%), салықтық емес түсімдер - 4,2 млрд. теңге (154,1%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 9,4 млрд. теңге (128,7%) құрады. Бюджеттік шығындар 98,6%-ға (397,9 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 59002 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 24083 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1142 адам, жастар практикасымен - 1673 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 9028 адам қамтылды.
Жаңадан 19566 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 6103. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 65405 адамның 31840 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 259732 теңгені құрап, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 27,4%-ға, нақты - 12,4%-ға артты (2022 ж. 2тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
107374 теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға, нақты – 3,7%-ға өсті (2022 ж. 2 тоқсан).
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 58,6 мың тұрғынға 3077,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек - 2933,6 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы - 103,8 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы - 40,3 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2022 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 249 млрд. теңге қарастырылып, есепті кезең жоспарына 192,8 млрд. теңге (100%-ға) игерілді. Оның ішінде білім беру нысандарын дамытуға жергілікті бюджеттен - 7,7 млрд.теңге.
2022 жылы білім беру саласында 7 орта мектептің құрылысы басталды (Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 300 орындық; Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алабында 2400 орындық 2 мектеп; Жамбыл ауданының Шоқай ауылында 150 орындық, Қордай ауданының Бәйтерек ауылында 150 орындық, 80 орындық Ақжол және 150 орындық Меркі ауданының Қайындысай ауылында), сондай-ақ Сарысу ауданының Жаңаталап ауылындағы «Жаңаталап» орта мектебіне спорт залы, асхана және акт залы қосылды.
5 мектептің құрылысын жалғастыру жоспарлануда (Байзақ ауданы Көктал ауылында 600 орындық; Шу ауданы Төле би ауылында 300 орындық, «Барысхан» тұрғын алқабында 600 орындық, «Арай» тұрғын алқабында 600 орындық, Тараз қаласының Казарма алқабында 100 орындық).
2022 жылы білім беру саласында 6 мектеп пайдалануға берілді (Байзақ ауданының Сенкібай ауылында 100 орынға, Жамбыл өзенінің Айша би би ауылында 300 орынға; Дихан ауылында 180 орынға, Жуалы ауданының Алатау ауылында 100 орынға; Қордай ауданының Арал ауылында 180 орынға; 600 орынға Тараз қ. Асқаров алқабында).
Сонымен қатар, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылындағы Ю. Гагарин атындағы негізгі мектепке спорт залының жапсарлас құрылысы, Байзақ ауданының Үлгүлі ауылындағы «Үлгүлі» орта мектебінің ғимаратында 100 оқушыға арналған оқу кабинеттері пайдалануға берілді.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 443 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2430 интерактивті тақталар орнатылды.
2022 жылғы 1 қазанына облыстағы 570 мектепке дейінгі ұйымдарымен (442 балабақша, 128 шағын орталықтар) 57,9 мың бала немесе 91,7% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2022 жылы
17,4 млрд. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 12,6 млрд. теңге игерілді (98,6%). Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 4,6 млрд. теңге (3,5 млрд.теңгесі игерілді), денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 3,2 млрд. теңге бөлінді (2,7 млрд.теңге игерілді).
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 8,6 млрд. теңге (о.і. РБ - 6,5 млрд. теңге, ЖБ - 2,1 млрд. теңге) қарастырылған.
Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында 250 орындық аудандық емхананың құрылысы, Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылында аудандық аурухана ғимаратына жапсарлас құрылысы, Шу ауданы Шу қаласы Сәтпаев көшесі №155 емхана ғимаратын және Меркі ауданының аудандық орталық аурухана ғимараттарын қайта жаңғырту, 14 ДА, 2 МП, 4 ФАП құрылыстары мен Тараз қаласында 200 төсектік онкологиялық диспансердің құрылысы қаржыландырылды.
Есептік кезеңде Жамбыл ауданы Қаракемер а., Меркі ауданы Тәтті а., Сарысу ауданы Тоғызкент а., Т.Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс және Жақсылық а., Талас ауданы Үшарал және Есейхан а. дәрігерлік амбулатория және Сарысу ауданы Әбілда а. медициналық пункт құрылысы аяқталды.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйегіне психикалық бұзылулар, қатерлі ісік аурулары деңгейінің өсуі, сонымен қатар қант диабеті, қан айналымы жүйесінің, туберкулез, наркологиялық аурулары және мерез ауруларының деңгейі төмендеді. Талас ауданында ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді.