Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1. |
Аудандағы ескі 71 ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығыбасқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудандағы ескі су ұңғымаларын қалпына келтіру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Тереңөзек ауылдық округіне қарасты «Жамбыл-БТТ» ШҚ-ның иелігіндегі 9 ұңғыманың 7-і қайта іске қосылып, 143 га егістік жерге су үнемдеу технологиясы ендірілген болатын. Дәл осы бағытта 2021 жылы Қарақыстақ ауылдық округіндегі «Еркін-Таң» ШҚ 2 ұңғыма, Тереңөзек ауылдық округіндегі «Береке» ШҚ 1 ұңғыманы іске қосқан болатын. Ендігі кезекте аудан аумағындағы басқа ескі су ұңғымаларын қайта айналымға қосу бойынша жұмыстар аудан шаруашылықтарымен бірлескен түрде жүргізілуде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бекітілген егістік алқаптардан жаңадан су ұңғымаларын қазу туралы жоспар 50 дана болатын болса, соңғы 9 айда аудан бойынша 17 дана ұңғыма қазылып отыр. Олар, «Жүнісқадір-тегі» ШҚ-1, «Дидар» ШҚ-2, «Руслан и К» ШҚ-2, «Ернар» ШҚ-8, «Жасұлан» ШҚ-1, «Жайылма» ШҚ-2, «Ардабай» ШҚ-1 дана ұңғымалар қаздырып, су үнемдеу технологияларын пайдаланып отыр. Бүгінгі күнге 16 шаруа қожалықтарынан 71 ауызша өтінімдер түсіп отыр. |
|
2. |
Мәдениет үйлері, спорт мектептері және білім беру мекемелерінде балаларды қосымша үйірмелермен қамту |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Уйсімбаев, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, білім, денсаулық сақтау басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Мәдениет үйі бойынша 66 үйірме, 620 қатысушылар қатысады (домбыра, вокал, би, қолөнер,драма,әуесқой үйірмелер) Оның ішінде, балалар үйірмесі - 22, қатысушы -171. Дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Луговой ауылында Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубында 5 спорттық үйірмеде күнделікті 280 бала спортпен шұғылданады. Сонымен қатар, №24 және №25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жасайды. Спорт мектептерінде 14 спорт түрі (еркін күрес, қазақ күресі, дзюдо, грек-рим күресі, бокс, волейбол, таэквандо, кикбоксинг, асық ату, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ауыр атлетика, бес тас, футбол) бойынша барлығы 1335 оқушы спортпен шұғылданады. Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты 5 қосымша білім беру мекемелері атқарады. Олар, «Балалармен жасөспірімдер орталығы», «Жас натуралистер станциясы», М.Төлебаев атындағы балалар музыка мектебі, «Туризм және өлкетану орталығы», «Өнер» мектебі. Аудан бойынша қосымша білім беру мекемелерінде 6366 оқушы (туристік, өлкетану, экологиялық, спорт, техникалық өнер, педагогикалық, көркем-эстетикалық және т.б. бағыттарда) үйірмелермен қамтылған. |
|
3. |
Мұғалімдердің оқушыларға қосымша білім берумен айналысуын қамтамасыз ету |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Уйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Ауданның білім бөліміне қарасты 5 қосымша білім беру мекемелері бар. Атап айтсақ, «Балалар мен жасөспірімдер орталығы», «Жас натуралистер станциясы», М.Төлебаев атындағы «Музыка» мектебі, Балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты «Туризм және өлкетану орталығы» және «Өнер» мектебі. Қосымша білім беру жүйесінің басты мақсаты балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Аудан бойынша қосымша білім беру мекемелерінде 6271 оқушы түрлі үйірмелермен қамтылған. Үйірмелер Туристік өлкетану, экологиялық, спорт, техникалық шығармашылық, әлеуметтік педагогикалық, көркем-эстетикалық бағыттарда жұмыс атқарады. |
|
4. |
Білім беру мекемелеріндегі берілетін тамақтың сапасын күнделікті бақылауда ұстау |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Уйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)
|
Аудандағы 38 мектептің 33-інде аз қамтамасыз етілген отбасылардың 3067 оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылған (5 бастауыш мектепте (Тасшолақ, Шолақ-қайыңды, Бәйтелі, Сөгеті және Мамай-қайыңды) сынып бөлмелері жетіспеушілгіне байланысты ыстық тамақ ұйымдастыру мүмкіндігі жоқ) Бір күндік ас мәзірінде |
|
5. |
Ана мен бала өліміне жол бермеу мақсатында өз біліктілігін арттыру үшін облыс орталығындағы білікті дәрігерлерден кеңес алып және олармен қарым - қатынас орнату |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында алдын - ала тексеру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ана мен бала өлімін алдын алу мақсатында қатерлі топтағы жүкті әйелдер мен балалар мониторингі тұрақты күнделікті бақылауда. Күнделікті қауіпті жағдайдағы жүкті әйел немесе бала болған жағдайда ауруханадағы мультитәртіптік топ мамандарымен консилуим жасалынып, облыстық деңгейдегі мультитәртіптік топ мамандары кеңесіне жүгінеді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасарына баяндалып, облыстық деңгейге ауыстыру алдын-ала келісім немесе өзіне санавиция шақыру арқылы жүзеге асырылады. |
|
6. |
Дәрігерлердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуін жандандыру |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы |
Мамандар мен қызметкерлердің этикасы мен көмектің сапасы туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. 2022 жылдың 6 айында негізді тіркелген шағым болған жоқ, дегенмен ауруханада пациенттер тарапынан болған наразылықтар мен арыз шағымдар «тез, осы арада» қағидасымен шешіледі. Аурухана әкімшілігіне 2022 жылдың 6 айында арыз-шағыммен қайырылған адамдар саны 17, барлығы шешілді, түсініктеме берілді, 4 адамға мүгедектік алуға жәрдем берілді. Әр тоқсан сайын ауруханада медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылығын анықтау мақсатында жасырын сауалнама өткізіледі, сауалнама нәтижесі бойынша қанағаттану деңгейі 94,8 пайыз. Сонымен қатар ауруханада «Пациенттерді қолдау қызметі» жұмыс істейді. |
|
7. |
Әр ауылдық округ әкімі елді мекендегі әр тұрғынның табыс көздерін арттыру бойынша және сол елді мекенге инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқару |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Бұл бағытта ауылдық округ әкімдерімен дөңгелек үстел өткізіліп, әр ауылдың қай бағытта жұмыс атқаруына бейімділігіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жарты жылдыққа жалпы 80,436 млн. теңгеге 9 шағын инвестициялық жобалар өз істерін бастап, жарық көрді: 1. «Ағаш өңдеу цехы»– 3 млн. теңгеге, 3 жұмыс орнымен Ақниет ауылдық округі; 2. «Автокөлік бояу цехы» -3 млн. теңгеге, 3 жұмыс орнымен Ақниет ауылдық округі; 3. «Қызмет көрсету офисі»-50 млн. теңгеге, 8 жұмыс орнымен Құлан ауылы; 4. «Торт өнімдері»-0,036 теңгеге, 2 жұмыс орнымен Қайынды ауылдық округі; 5. «Нан өнімдері»-0,1 млн. теңгеге, 2 жұмыс орнымен Қайынды ауылдық округі; 6. «Ат әбзелері»-1 млн. теңгеге, 2 жұмыс орнымен Көгершін ауылдық округі; 7. «Тігін цехы»-1 млн. теңгеге, 3 жұмыс орнымен Қорағаты ауылдық округі; 8. «Автокөлік жөндеу»-2 млн. теңгеге, 3 жұмыс орнымен Теренөзек ауылдық округі; 9. «Автокөлік жөндеу, көлік жуу»-20,3 млн. теңгеге, 8 жұмыс орнымен Құмарық ауылдық округі. |
|
8. |
Қарақыстақ ГЭС мен Ақыртөбе - Әбдезім электр желілерін Жамбыл электр желілерінің теңгеріміне беру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу
|
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 1 қыркүйек |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Ауданда 2011-2013 жылдары «Қарақыстақ ГЭС» және «Луговой жылқы зауыты» инвестициялық жобаларына «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында электр желілері жүргізілген. Нысандардың жалпы құны Аталған нысандар облыс әкімдігінің энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы қаржыландырылып, құрылыс жұмыстары аяқталғаннай кейін аудан әкімдігіне қарасты «ҚұланЭнергоЖылу» ШЖҚ КМК теңгеріміне берілген. 2015 жылы ҚР Президентінің «100 нақты қадам Ұлт жоспары» бардарламасы қабылданып, өңірлік электр тасымалдаушы компанияларды ірілендіру қолға алынды. 100 нақты қадамның Бүгінгі күнге аталмыш мәселе бойынша Жамбыл электр желі мекеме теңгеріміне алудан бас тартуда. Дегенмен, аудан әкімідігінің тарапынан облыс әкіміне және тиісті салалық басқармаға теңгерімге беруге ықпал ету бойынша бірқатар хаттар жолданған. |
|
9. |
Құлан ауылындағы «Арай» алқабының 1 нүктесінің инфрақұрылымына, абаттандыруына, кәріз жүйесінің жұмыстарына қажетті қаражатты қарастыру мақсатында экономикалық қорытындыны әзірлеп, тиісті құжаттар топтамасын бюджеттік комиссияға ұсыну |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 6 маусым |
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау (жинақтау), денсаулық сақтау басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Жергілікті бюджеттен қаржы тапшылығы болуына байланысты облыстық бюджеттен қаражат бөлу туралы өтініш жолданды.
|
|
10. |
Құлан ауылындағы аудандық орталық емханасының құрылыс жұмыстарын қаржыландыру мәселесін шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу
|
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 20 маусым |
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау (жинақтау), денсаулық сақтау басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Аудандық емхана құрылысы бойынша жобалық - сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Нәтижесі бойынша құрылысын жүргізу облыстық даму жоспарына сәйкес 2023 жылы басталады деп күтілуде.
|
|
11. |
Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагерін күрделі жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаражат көлемін анықтап, ұсыныс енгізу |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 6 маусым
|
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау (жинақтау), білім басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагері 1970 жылы салынған. Жобалық қуаты 70 балаға арналған. Ғимарат саманнан соғылғандықтан лагерьге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу тиімсіз, жаңа құрылыс қажет. Жаңа құрылысқа ЖСҚ әзірлеуге облыстық білім басқармасына ұсыныс енгізілді.
|
|
12. |
Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі «Тау самалы» демалыс орны мен Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагерін газдандыруға қажетті қаражат көлемін анықтап, газдандыру бойынша ұсыныс енгізу |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 6 маусым
|
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау (жинақтау), білім басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі «SSS» демалыс орнына «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында газ тарту үшін жеке кәсіпкер С.Садықовқа ЖСҚ-ны өз қаражаты есебінен дайындау ұсынылды. Жеке кәсіпкер өз келісімін берді. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. |
|
13. |
Ауылдық округтерді дамыту бойынша жоспар құру |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 6 маусым
|
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
2021-2025 жылдарға арналған басқармалармен келісілген даму жоспарына сәйкес, 2022 жылға бөлінген бюджеттік |
|
14. |
Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер т.б.) мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығы және аудандық Атамекен кәсіпкерлік палатасымен бірігіп, жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
|
15. |
Ауыл тұрғындардың табыс көзін арттыру мақсатында ауыл тұрғындарын ұйымдастыра отырып, тұрғындардан сүт қабылдайтын кооператив құру |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 1 шілде |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Аудан бойынша бүгінгі күнге халықтан сүт жинақтап, сүт өңдеумен айналысатын зауыттар мен цехтарға өткізумен 3 АШК-і айналысуда. Олар, Абай а/о СПК «Бірлік-2», Тереңөзек а/о СПК «Шыңғыс», Жаңатұрмыс а/о СПК «Жаңатұрмыс». |
|
16. |
Абай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан ақпарат алуға арналған терминалдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Абай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан ақпарат алуға арналған «Е-Goldau» терминалы 2022 жылдың 25 сәуірінде орнатылды. Мамыр айынан бастап тұрғындар ақпарат алу мақсатында жұмыс жасалуда. Тегін вай-фай желісі іске қосылған. |
|
17. |
Абай ауылының тұрғыны О.Бекназаровтың тәжірибесі негізінде ауылда таңқұрай өсіруді тұрғындар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Абай ауылының тұрғыны О.Бекназаров таңқурай өндіріп жатыр. Жыл сайын көшеттерін ауыл тұрғындары сатып алуда. Биыл Абай ауылының 25 тұрғыны таңқурай егеді деп жоспарланып отыр.Таңқурайды өсіру жолдарын, оны күтіп баптау үшін жастарға тәжірибелерін жиі көрсетіп, насихаттау жұмыстары жүргізілді. |
|
18. |
Субсидияны және жеңілдетілген несиені алу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, оны мемлекеттік мекемелерге, несие ұйымдарына тапсыру туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер (субсидиялар) алу шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары ағымдағы жылдық ақпан айында «Агрооқыту» сабағында барлық ауылдық округтерді аралап түсіндірілді. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне қайырылған ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне тұрақты түрде түсіндірілуде. |
|
19. |
Құлан ауылы мен Луговой стансасы арасында қоғамдық көлікті жүргізу жолдарын қарастырып, тиісті шешім қабылдау |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 6 маусым |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Луговой – Құлан бағытында қатынайтын қоғамдық көлік мәселесін бойынша аудан әкімі орынбасары Б.Есеевпен жолаушылар тасымалдаушы мекемелермен келіссөздер жүргізілді. Бірқатар мекемелермен Луговой – Құлан бағытында қатынайтын қоғамдық көліктердің тиімділігі және жол ақысы бойынша зерделеулер жүргізілді. Бүгінгі таңда конкурстық мақсатта тасымалдаушы мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде. |
|
20. |
Тиісті органдармен бірлесіп, мал басы көп шаруа қожалықтарды орман қоры жерлеріне шығара отырып, жайылым жер мәселесін шешу |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Ауылдық округ әкімдеріне ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтері таратылып, ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 7 орман пайдаланушы, жалпы ауданы 637,0 гектар таулы және құмды аймақтағы орман жер қорындағы жайылымдық жерлерді пайдаланып отыр. |
|
21. |
Қорағаты ауылдық округіне қарасты елді мекендерге газ, ауыз су жүйесін тарту жолдарын қарастырып (тиімділігіне қарай), нақты ұсыныс енгізу
|
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 6 маусым |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Бүгінгі таңда Т.Рысқұлов ауданының даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы Қорағаты ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенге кешенді блокты модульдік қазандық орнату жұмыстары жоспарлануда. Ал газдандыру бойынша тиімділігіне қарай экономикалық тұрғыдан тиімсіздігі анықталды.
|
|
22. |
Қорағаты ауылдық округінде туындаған жер мәселесіне қатысты құрылған комиссия жұмысын мәселе шешімін тапқанға дейін жалғастыру |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 31 желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы (жинақтау), облыстық жер ресурстарын басқару департаменті, Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
«Қорағаты» ЖШС-нен өз жер үлестерін бөліп ала алмай жүрміз» деген 63 жер үлескеріне талдау жүргізілді. Анықталғандай «Қорағаты» ЖШС-нің құрамында 6, «НұрТАУ- Әулиеата» ЖШС-де 16, «MОLBAL» ЖШС-де 15, «Мадияр» ш/қ 1, «Көкрек» ш/қ 2, «Аққайнар» ш/қ 1, «Шалқар» ш/қ 2, «Эльдияр» ш/қ 2, «Ұлар» ЖШС-де 1, «Достық-1» ш/қ 1 жер үлескері тіркелген. Жалпы, 63 азаматтың 47-де жер үлестері шаруашылықтарда тіркелген. Қалған 13 азаматтарға 1995 жылдары жер үлестері бөлінгенімен, 2005 жылғы |
|
23. |
Қарақыстақ ауылдық округінде орналасқан оңалту орталығының жұмысына толық зерделеу (кадр мәселесі, жұмыс істеу режимі және т.б.) жүргізіп, нәтижесін баяндау |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 6 маусым |
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы |
Қарақыстақ ауылдық округінде орналасқан оңалту орталығыныңжұмысына зерделеу жүргізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Бықыбаев ауыл ақсақалдарымен кездесіп, кадр мәселесіне қатысты заң шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандықтарына сәйкес және мамандықты талап етпейтін жұмыс орындарына «Enbek.kz» порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 44 азамат жұмысқа жолданды. Бүгінгі күнге жағдай тұрақты. |
|
24. |
Арнайы жұмыс тобын құрып, Т.Рысқұлов ауданындағы білім беру мекемелеріне қатысты зерделеу жұмыстарын (оқу процесі, білім сапасы, құқық бұзушылық және т.б.) жүргізіп, нәтижесін баяндау |
облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну |
2022 жылғы 10 маусым
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Уйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Д.Үскүмбаева (келісім бойынша)
|
Жамбыл облысы әкімінің 25 мамырдағы №419 өкімен бекітілген комиссия мүшелері 27-28 мамыр күндері зерделеу жүргізіді. Зерделеу барысында жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесі, соңғы 3 жылдағы білім сапасы, ҰБТ-дің қорытындысы, қорытынды аттестаттау, тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстары қаралды. Барлық мектептердің оқу- тәрбие жоспарлары стандарттық талаптарға сай жазылған. Жұмыстарға сараптама жүргізіліп, салыстырмалы түрде нәтижелері шығарылған. Білім сапасын арттыруда құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану, фунционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілген. Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау тұрғысынан тапсырмалардың бақылау пакеттері құрылған (қалыптастырушы бағалар жинағы, бжб, тжб). Бірлестік жетекшілері отырыстарында білім сапасының мониторингтерін шығарып, мұғалімдерге әдістемелік көмектер көрсетіп отыр. Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты жалпы және негізгі білім беру мектептерінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларының жүргізілуі кеңейтілген алқа мәжілісінде аудан әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаевтың қатысуымен 2022 жылғы 8 сәуір күні өтсе, кәмелетке толмаған қыз балалардың арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бөлім басшысы жанындағы кеңесте 2022 жылғы 10 ақпанда қаралған. Білім беру мекемелерінде отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру мақсатында 2022 жылдың 5-12 наурыз күндері «Әке жолы-ізгі жол» атты апталық ұйымдастырыса, №1 мектеп-лицейінің базасында «Отбасындағы әкенің рөлі» тақырыбында аудандық кездесу, Көкдөнен ауылдық мәдениет үйінде "Әке - отбасының тірегі" тақырыбында әкелермен кездесу кеші өткен. 2022 жылдың 14 мамыр күні аудан әкімінің қатысуымен «Рухтың күші әкеде..» атты аудандық әкелер форумы өткізіліп, форумға 300 – ге жуық әкелер қатысқан. Аудан бойынша АПБ – нің есебінде 4 оқушы, мектепішілік есепте 26 оқушы тіркелген. Тіркеуде барлық оқушыларға мектеп тарапынан жоспар құрылып, тәлімгерлер бекітіліп, қосымша үйірмелерге тартылған. Ауданда АПБ-нің есебінде және мектепішілік есепте тұратын жасөспірімдердің жетістіктерін, тәртібінің өзгеруін, қоғамдық жұмысқа белсенді араласуына мониторинг жүргізіліп, «Жетістіктер баспалдағы» жобасы іске асырылуда. Осы жобаның қорытындысымен 2021 жылы 2 оқушы АПБ –нің есебінен, 9 оқушы мектепішілік есептен шығарылған. Мектептерге аудандық полиция бөлімінен бекітілген мектеп инспекторлары жоқ, тек 3-4 мектепке 1 учаскелік инспектордан бекітілген. Олар аптасына 1,2 рет келіп тұратыны белгілі болды. Бірлескен іс-шаралар жоспарлары бар. Зерделенген мектептердің барлығында «Асқар тау әкелер», «Қыз Жібек», «Парасатты аналар» сынды клубтар құрылып, жұмыс жоспарлары бекітілген. Аталған клубтар тарапынан өткізілген іс-шаралардың материалдары талапқа сай жинақталған. Мектептерде тәрбиенің 8 бағыты бойынша жұмыс жоспарлары жасалынып, бекітілген. Мектеп психологтарының жылдық жұмыс жоспарлары бекітіліп, жыл басында барлық оқушылардың мінез-құлқы мен психологиялық көңіл күйлерін, физиологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында түрлі тренингтер мен сауалнамалар алынып, қыздармен жеке, топтық жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ, зерделенген мектептерде мүмкіндігі шектеулі 33 бала оқиды. Оның 22-і үйден оқытылса, 11-і инклюзивті білім алуда. Сондай-ақ, зерделенген мектептерде туыстарының үйлерінде сенімхатпен тұрып жатқан 54 бала анықталды. Осындай жайсыз отбасы балаларының жағдайын, қараусыз, туыстарының үйінде жүрген балалардың жағдайын үнемі бақылауда ұсталатындығы анықталды. Білім сапасын арттыру, жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 2022 жылғы 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында Жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылды. Оған жалпы саны 4682 оқушы қамтылған. |
|
|
|
||||