О реализации предложений и критических замечаний, высказанных в ходе рабочей поездки акима области в район Т. Рыскулова

Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданынажұмыс сапары барысында айтылған ұсыныстар мен                         сын-ескертпелердің іске асырылуы жөнінде

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

5

6

1.

Ақыртөбе ауылындағы АГТС-ның іске қосылуына «ИнтерГазАзия» АҚ тарапынан берілген кемшіліктерді құрылысты жүргізген мердігердің есебінен жойып, нысанды іске қосылуын қамтамасыз ету

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

2022 жылғы

15 қазан

 

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықбасқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Ақыртөбе АГТС құрылыстарын энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жүргізген. Іске қосылуына «ИнтерГазАзия» АҚ тарапынан берілген кемшіліктерді құрылысты жүргізген мердігердің есебінен жойып, нысанды іске қосылуын қамтамасыз ету бойынша облыстық бюджеттен 30,0 млн.тг қаражат қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде.

2.

Алғабас ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтап, мектеп алаңын абаттандыруды  жүргізу

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

2022 жылғы

26 қыркүйек

 

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білімбасқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Алғабас ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, мектеп алаңына абаттандырылды.

 

3.

Мемлекеттік субсидия алатын ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші шаруа қожалықтарының санын арттыру мақсатында нақты жұмыстар жүргізу

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

(жинақтау) Т.Рысқұлов ауданының әкімі

 

Жеңілдетілген лизинг арқылы алатын ауыл шаруашылық техникаларының жолын аудандағы 15 ауылдық округ шаруақожалықтарына «КазАгроФинанс»АҚ арқылы алынатыны жөніндегі түсіндіру жұмыстары толығымен жеткізілді. Өтініш беріп, алам деген ШҚ-тар құжаттарын тапсыруға дайындау үстінде.

4.

Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын алқабында құрылысы жүргізілген көпқабатты тұрғын үйдің алаңын абаттандыруы мен кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарына жасалған              ЖСҚ-ның құнына қайта есептеу жүргізіп, ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

 

 

2022 жылғы

20 қыркүйек

 

 Т.Рысқұлов ауданының әкімі

«Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылы "Арай" тұрғын алқабындағы тұрғын үй кешенінде ішкі алаңның инженерлік желілері мен абаттандыру құрылысын салу» 2-ші таңба. Түзету нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Алайда,  жоба қайта есептеліп, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасының «Сәулеттік бюро» мекемесінен келісім алынып, мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы сатып алу конкурс жүргізілуде.

5.

Құлан агро-техникалық жоғары колледжі  базасында білімгерлер қалашығын орнату бойынша ұсыныстар енгізу.

Колледж базасында қарастырылған бал арасын өсіру (омарташылық) және балық шаруашылығын дамыту мамандықтарын жандандыру    

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

 

 

2022 жылғы

20 қазан

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білімбасқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Құлан агротехникалық жоғары колледжі  базасында білімгерлер қалашығын орнату бойынша төмендегі ұсыныстар енгізілді:

- Колледждің жазғы спорт алаңын заманауи спорттық кешен үлгіде қайта құру (үлкен футбол, баскетбол, волейбол, теннис, гимнастика  алаңдары) ;

- Студенттердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында колледж  аумағын қоршап  өткізу пунктін,  күзет қызметін, көліктерге арналған  автотұрақ, бейнебақылау қызметтерін ұйымдастыру;

- Студенттердің, сонымен қатар аудан тұрғындарының, арнайы медициналық топтағы мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жабық бассейн кешенін салу;

- Студент жастардың тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу үшін кампус территориясында  заманауи қызмет көрсету орталығын құру (кафе, дүкендер, шаштараз т.б.);

- Колледж ауласын аллея, үсті жабық демалыс орындары, гүлзарлар, фонтандар құрып абаттандыру;

- Колледж ғимараттарын реконструкциялау арқылы заманауи үлгідегі конференция залын, оқытушылар залын, кең кітапхана залын, компьютерлік клубты, финтнес-тренажер залдарын, кино залын ашу.

Екінші мәселеге тоқталсақ:

- Колледжде Бал шаруашылығы және Балық шаруашылығы  мамандықтары бойынша білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия қосымшасы бар, жұмыс оқу бағдарламалары әзірленіп бекітілген, оқу-материалдық базасы толық жасақталған;

- Жамбыл олбысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының, Кәсіпкерлер палатасының, жұмыспен қамту орталығының, аудан әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша колледж Бал шаруашылығы және Балық шаруашылығы  мамандарын даярлауға, қысқа мерзімді қайта даярлау курстарын өткізуге дайын.

6.

Құлан ауылындағы Құлан мектеп-гимназиясы мен Қарақат ауылындағы №2 орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімінен кешігу мәселесі бойынша заң талаптарына сәйкес мердігер компанияға қатысты тиісті шаралар қабылдау

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

 

 

2022 жылғы

20 қыркүйек

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білімбасқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Құлан ауылындағы Құлан мектеп - гимназиясы мен Қарақат ауылындағы №2 орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімінен кешігу мәселесі бойынша заң талаптарына сәйкес, келісімшарттың 8 тармағын негізге ала отырып, мердігер «ЕрК Астана» ЖШС-на тапсырыс беруші тарапынан 2022 жылдың 01 қыркүйегі күні

№ 10-02/1180 және № 10-02/1181 санды ескерту хаттары берілді. Кешіктірілген әр күні үшін заңнамаларда көрсетілген тәртіппен айыппұл төлеуде.

7.

Мектеп мұғалімдерінің оқушыларға қосымша білім берумен айналысуын қамтамасыз ету

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

    тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білім басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

 

Т.Рысқұлов ауданының  білім бөліміне қарасты 5 қосымша білім беру мекемелері бар. Атап айтсақ, «Балалар мен жасөспірімдер орталығы», «Жас натуралистер станциясы», М.Төлебаев атындағы «Музыка» мектебі, Балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты «Туризм және өлкетану орталығы» және «Өнер» мектебі.

Аудан  бойынша қосымша білім беру мекемелерінде 6271  оқушы түрлі үйірмелермен қамтылған.

Үйірмелер туристік өлкетану, экологиялық, спорт, техникалық шығармашылық, әлеуметтік педагогикалық, көркем - эстетикалық бағыттарда жұмыс атқарады.

8.

«Асар» жобасы аясында тұрғын үйге мұқтаж 13 отбасыға тұрғын үй салу жоспарын жыл соңына дейін орындау. Тұрғын үй алған азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге демеушілер есебінен қолдау көрсету

 

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Асар жобасы аясында 15 ауылдық округтен 11 үйдің құрылысын салуды және 2 дайын үй сатып әперу жоспарланып, Қорағаты, Ақниет ауылдық округтері бойынша тұрғындардың үйге қажеттілік жоқтығына байланысты үй құрылысы жүргізілмейтіндігі анықталды. Бүгінгі таңда құрылысы салынатын 10 үйдің 9-ның, атап айтқанда Абай, Ақбұлақ, Тереңөзек, Ақыртөбе, Қарақыстақ, Құмарық, Қайыңды, Көгершін, Луговой ауылдық округтері бойынша «Асарлатып үй салу» жұмыстары басталып, үйлердің іргетасы қаланып, қабырғалары көтеріліп, шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде. Қалған 1 ауылдық округте Көкдөнен жер телімдері анықталып, демеушілер қарастырып пысықтау жұмыстары жүргізілуде. Луговой ағымдағы жылдың тамыз айында демеушілер есебінен 5 млн теңгеге  Луговой ауылы, Теміржолшы көшесі №4А үйді жалғыз басты ана 4 баласымен тұратын әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасына И.Корпешоваға  1 үй жаңадан соғылып берілді. Жаңатұрмыс ауылдық округінде «Асар» жобасы бойынша жаңадан үй құрылысы жүргізіліп толығмен аяқталды. Қазіргі таңда Танатаров Ерқанаттың отбасына үй тапсырылды.

Дайын 2 үй сатып алу жұмыстары бойынша:

Өрнек ауылдық округі–ағымдағы жылдың мамыр айында демеушілер есебінен 5,5 млн теңгеге Өрнек ауылы, Абай көшесі №15 үйді мүмкіндігі шектеулі 4 адам тұратын тозығы жеткен баспанасы жарамсыз әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасы Жумабекова Култанға 1 үй сатып алынып берілді.

Құлан ауылдық округі –ағымдағы жылдың мамыр айында демеушілер есебінен 5 млн теңгеге Құлан ауылы, Уколов көшесі №15/4 үйді жалғыз басты ана 4 баласымен тұратын әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасы Анаш Қаламқасқа 1 үй сатып алынып берілді. Аталған шараға ауылдық округ әкімдері мен әкімшілік қызметкерлері, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағалары мен мүшелері, ауылдың ерікті жастары және кәсіпкерлер мен демеушілер тартылып құрылыс материалдарын  сатып алу жоспарлануда.

9.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында көршілес орналасқан аудандардан төмен бағада сатылып алынған өнімдерді аудан тұрғындарына жеткізуді ұйымдастыру

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Аудандағы Құлан, Ақбұлақ, Құмарық, Луговой, Қорағаты, Көкдөнен ауылдарына алқаптардан төмен бағада өнімдер алып келініп, төмен бағада сатылуда.

Луговой ауылында 6 - тн пияз -55 тг сатылды.

Құлан ауылында 3 тн пияз 55 тг, 2 тн капуста-30 тг, картоп-2т 130 тг.

Ақбұлақ ауылында пияз-2,5 тн 55 тг, капуста – 2 тн 30 тг, помидор- 1тн 100тг.

Құмарық ауылында 3тн - пизя 55 тг. 2 тн сәбіз 120 тг. Капуста - 2тн   30 тг,

Көкдөнен ауылында 2 тн пияз 55 тг, 3 тн картоп 130 тг.

Қорағаты ауылында 3 тн пияз 55 тг, 2 тн картоп 130 тг.

Барлығы: пияз – 19,5 тн, капуста – 6 тн, картоп -7 тн, помидор – 1 тн.  сәбіз 2 тн.

Сонымен қатар, аудан шаруашылықтары өндірген өнімдерін делдалсыз халыққа ұсыну мақсатында аумағында және Тараз қаласында тұрақты өтіп тұрған ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада саудаланып, халыққа ұсынылуда.

10.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы бөлім басшыларына лауазымдық міндеттерін өз деңгейінде орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершіліктерін  қарау

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

2022 жылғы

5 қыркүйек

 

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысына 08.09.2022 жылғы аудан әкімінің у.м.а №213-ө/жқ өкімімен, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысына07.09.2022 жылғы аудан әкімінің у.м.а №208-ө/жқ өкімімен лауазымдық міндеттерін өз деңгейінде орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді.

11.

Ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін мемлекеттік субсидияны алу тәртібі мен ережелерін ауыл әкімдері елді мекендердегі шаруашылықтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

15 бағытта берілетін мемлекеттік қолдаулар (субсидиялар) туралы түсіндірме жұмыстары агрооқыту сабағында барлық ауылдық округтерді аралап түсіндірілген, одан бөлек бөлімге қайырылған шаруашылықтарға субсидиялау тәртіптері бойынша тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

12.

Сиыр сүтінің құнарлығы (майлылығы базалық 3,6 пайыз) күрт төмендеуіне байланысты  аудандағы  мал жайылымдарына (пада) асыл тұқымды бұқаларды қосу арқылы мал төлін асылдандыруды қолға алу

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

тұрақты, аралық ақпарат

тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Бұл бағытта аудан бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген, және әр ауылдағы қоғамдық падаларға асыл тұқымды бұқаларды қосу бойынша тиісті тапсырмалар берілген. Бүгінгі күнге аудан бойынша қоғамдық падаларда 28 бас асыл тұқымды бұқалар қосылған.

13.

Халықтың табысын арттыру мақсатында үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Аудан халқының тұрмыстық табысын арттыру мақсатында үй іргесіндегі бос жатқан жерлерін игеру, ол жерлерге тиімділігі және пайдасы жоғары дақылдарды егу туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Одан бөлек осы бағытта жұмыс жасап табысын ұлғайтып отырған тұлғалардың жұмыстарын үлгі ретінде көрсетіп, іске тарту жұмыстары тұрақты жүргізілген.

14.

Луговой ауылындағы ескі кеден қызметкерлері жатақханасын қайта қалпына келтіруге жасалған ЖСҚ-ның бір бөлігін қаржыландыру үшін облыстық бюджеттің қарауына ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

2022 жылғы

 20 қыркүйек

 

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Луговой ауылындағы ескі кеден қызметкерлері жатақханасын қайта қалпына келтіру бойынша облыстық бюджеттен 65 499.0 мың теңге қаржы бөлініп,  мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп,  мердігерлермен келісім шарт жасалынды.  Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

15.

Мамай, Сөгеті елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қарастырып, ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

2022 жылғы       25 қыркүйек

 

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Мамай, Сөгеті елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Жобалық сметалық құжаттама мемлекеттік сараптама қарауында.

16.

Жаңатұрмыс ауылында құрылысы жүріп жатқан ауыз су торабының ауылішілік желілерінде жерасты суларының жақын орналасуына байланысты құдықтар ішінде орналастырылған есептеу құрылғалырын жоғары деңгейге немесе тұрғындардың үйлеріне орнату мүмкіндіктерін қарастыру

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

2022 жылғы  1 қазан

 

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

 

Жаңатұрмыс ауылында құрылысы жүріп жатқан ауыз су торабының ауылішілік желілерінде жерасты суларының жақын орналасуына байланысты құдықтар ішінде орналастырылған есептеу құрылғалырын тұрғындардың үйлеріне орнату жұмыстары жүргізілуде.

17.

Жалпақсаз ауылына кіреберіс темір жол өткелінің қайта ашылуына орай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгі беру құрылғысын (сигнализатор) орнатуды ұйымдастыру

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

2022 жылғы

    1 қазан

 

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

 

Жалпақсаз ауылына кіреберіс темір жол өткелінің қайта ашылуына орай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгі беру құрылғысын (сигнализатор) орнатуды ұйымдастыру бойынша «Қазақстан ТемірЖолы» ҰК» АҚ басқармасына облыс әкімімен 2022 жылғы 04 тамыздағы №01-6743 сұраныс хаты жолданды.

18.

Ауылдық округ әкімдері елді мекендердегі әр үйге жеке-жеке кіріп,тұрғындардың әл-ауқатын зерделеп осал топтағы отбасыларына әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру

 

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

   тұрақты,

       аралық ақпарат

тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Жалпы ауданда 15 ауылдық округ бар. Әр округтегі осал топтағы отбасыларының жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек алу мәселелері шешілуде, сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға қаржылай, азық-түлікпен, мектеп оқушыларына мектеп құрал-жабдықтары берілді. Тапсырма тұрақты назарда.

19.

NEET санатындағы жастармен                    (49 адам) жұмыс жүргізіп, барлық қолдау шараларын көрсету

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

NEET санатындағы жастарды тарта отырып «Кеңес беру» алаңдарымен қатар «Jastarga kenes», «Jastarga–bilim», «Jastarga – qyzmet», «Jastarga – jumys»жобалары бойынша  тоқсан сайын жастарға кеңес беру, дөңгелек үстел және кездесу және жәрмеңке  өткізіліп тұрады.

20.

Жастар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтың алдын алу мақсатында қосымша үйірмелердің жұмысын жүйелендіру

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, білім, денсаулық сақтау басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Жастар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтың алдын алу мақсатында 66 мәдени (қатысушылар саны - 620), 14 спорттық (қатысушылар саны - 1829)үйірмелер ашылған. Сонымен қатар, психологиялық, заңгерлік кеңестер беріліп, аудандағы білім беру мекемелерінде (мектеп,колледж) АПБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін «Жастар құқығы», «Қылмыс қайдан шығады?», «Заң және заман», «Иманды жас- ел болашағы»,«Ұят- иманнан», «Дін мен дәстүр құндылықтары», «Жастар арасында патриоттық құндылықтар негіздері» атты тақырыптарға арналған кездесулер мен дөңгелек үстел өткізілген.

21.

Жастар ресурстық орталығының жұмысына талдау жүргізіп, қажетті қосымша қаржы көздерін қарастыру

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

   тұрақты,

       аралық ақпарат

тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Керекті қаражаттар: көлік жөндеуге-1млн. 750 мың, жанар жағармайға – 300мың.Бюджеттік өтінім дайындалып аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне сұраныс жіберілді.

22.

Каменка ауылындағы балаларды оңалту және бейімдеу орталығының жұмысын жандардыру  мақсатында оқу корпустары мен жатақхана, тағыда басқа корпустардың жөндеу жұмыстарының ЖСҚ әзірлеп, бюджеттің қарауына ұсынсын

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

   тұрақты,

       аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау)

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

 

Каменка ауылындағы балаларды оңалту және бейімдеу орталығының жұмысын жандардыру  мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына (ЛДК, асхана, оқу ғимараты, қазандық, жатақхана, монша/кір жуу ғимараты, хлоратор)жалпы суммасы 124 323 471 теңгеге жобалық-сметалық құжаттама жасалынып, өтінім берілді.

23.

Қарақыстақ ауылындағы Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагерін газдандыру  мәселесін шешу жөнінде нақты ұсыныстар енгізу

облыс әкімі аппаратынаақпарат ұсыну

   тұрақты,

       аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

(жинақтау)

Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі «SSS» демалыс орнына БЖК бағдарламасы аясында газ тарту үшін жеке кәсіпкер С.Садықовқа ЖСҚ-ны өз қаражаты есебінен дайындау ұсынылды. Жеке кәсіпкер өз келісімін берді, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

 

 

 

 

 

О реализации предложений и критических замечаний, высказанных в ходе рабочей поездки акима области в район Т. Рыскулова
Дата публикации
31 октября 2022