Облыс әкімінің Меркі ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
1. |
Меркі ауданының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін кәсіпкермен толық келісім-шартқа тұру қажеттігі туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Меркі ауданының әкімі |
Келісім-шартқа тұрмаған аудан тұрғындарының аудан аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен айналысатын «Андас тазалық» ЖШС мекемесімен келісім-шартқа отыру керектігі бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, бақылауға алынды. |
|
2. |
Әр ауылдық округ әкімі елді мекендегі әр тұрғынның тұрмыс жағдайын зерделеп, тұрғындардың табыс көздерін арттыру және сол елді мекенге инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқару |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын
|
Меркі ауданының әкімі |
2022 жылдың І жартыжылдығында Меркі ауданы бойынша 1,6 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылып, 316 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1 арақ зауыты (736,0 млн.), 1 жаңбырлатып суғару жүйесі (405,0 млн.), 1 шағын тас-шағал зауыты (150,0 млн.), ал 6-ы қызмет көрсету саласы (дүкен, көлік жуу, ТЖО және т.б. - 358,0 млн.тг.) 2022 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 870,0 млн. теңгеге 10 жоба іске асырылып, 88 жұмыс орны ашылады (2 балық шаруашылығы (255,0 млн.), 1 жеміс сақтау қоймасы (250,0 млн.), 1 жанармай стансасы (70,0 млн.), 1 амбулатория (30,0 млн.), 1 ТЖО (45,0 млн.), 2 қоғамдық монша (190,0 млн.), 1 дәріхана (15,0), 1 қоғамдық тамақтану (15,0 млн.) |
|
3. |
Ауылдық округтерді дамыту бойынша жоспар құру |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 13 маусым
|
Меркі ауданының әкімі |
2021-2025 жылдарға арналған Меркі ауданын дамыту жоспары әзірленді. Аталған жоспарға сәйкес барлық ауылдық округтер өз округтерін дамыту жоспарын құрды. Жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. |
|
4. |
Меркі ауданына қарасты ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік бағдарламаларды (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) толық меңгеруі бойынша жұмыс атқару |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Меркі ауданының әкімі |
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы аясында бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражатын беру ережелері мен жолдарын ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында ауыл әкімдерімен бірлесе жұмыстар жүргізіліп, ауыл әкімдігінен бір маманнан бекітіліп, әр ауылдық округ аппаратының қызметкерлеріне және ауылдық округ әкімдеріне грант қаражатын беру ережелері мен жолдары түсіндірілді. Қазіргі уақытта жыл басынан бекітілген жоспар толықтай орындалып, 253 адамға 309,9 млн теңге грант қаражаты тағайындалды. |
|
5. |
Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Меркі ауданының әкімі |
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы аясында бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражатын беру ережелері мен жолдарын, жеңілдетілген несиелер мен жәрдемақылар т.с.с мемлекеттік қолдау бағдарламаларын ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен INSTAGRAM интернет желісіне мақалалар жарияланып, ауыл әкімдерімен бірлесе елді мекендерді аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімшілігінен жауапты мамандар бекітілген. Қазіргі уақытта жыл басынан бекітілген жоспар толықтай орындалып, 253 адамға 309,9 млн теңге грант қаражаты тағайындалды. |
|
6. |
Субсидияны және жеңілдетілген несиені алу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, оны мемлекеттік мекемелерге, несие ұйымдарына тапсыру туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Меркі ауданының әкімі |
Мал және егін шаруашылығына тиісті субсидияны және жеңілдетілген несиені алу үшін қажетті құжаттардың тізімі туралы түсіндірме жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында бекітілген кестеге сәйкес 14 ауылдық округте сұрақ-жауап түрінде семинар кеңес өткізілді. Сонымен қатар, күнделікті қабылдауға келген шаруа қожалықтарға және жеке қосалқы шаруа иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. |
|
7. |
Тиісті органдармен бірлесіп, мал басы көп шаруа қожалықтарын орман қоры жерлеріне шығара отырып, жайылым жер мәселесін шешу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімдігінің жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен ауылдық округ әкімдері тарапынан ветеринариялық нормадан артық мал басын ұстап отырған тұрғындардың малдарын орман қорындағы жайылымдарға шығару және қысқа мерзімге пайдалануға беру алгоритміне сәйкес жұмыстар ұйымдастырылған. Меркі ауданы аумағындағы орман жер қорының жалпы ауданы 438270 га, оның ішінде мал жаюға болатын жайылымның көлемі 113882 га құрайды. Орман қоры жеріндегі жайылым және шабындық жерлерді барынша тиімді пайдалану мақсатында қыркүйек айына 224 жер пайдаланушы ауданы 145 мың гектар таулы және құмды аймақтағы орман жер қорындағы жайылымдық жерлерге 60 мың бас малдарын орналастырды. |
|
8. |
Меркі ауылында орналасқан полигонның орнын ауыстыру бойынша жер телімін анықтап, тиісті құжаттарын рәсімдеу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 1 қараша
|
Меркі ауданының әкімі |
Меркі ауылында орналасқан ТҚҚ полигонының экологиялық эмиссияға рұқсат қағазы 2028 жылға дейін болғандықтан, орын ауыстыру жұмыстары жоспарланбаған.
|
|
9. |
А.Асқаровтың 100 жылдығын атап өту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, ұсыныс беру |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 20 маусым
|
Меркі ауданының әкімі |
Мемлекет және Қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, 4 рет Ленин орденінің, 2 рет «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, ақын, жерлесіміз Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай Меркі ауданында бірқатар ауқымды іс-шаралар өтті. Ағымдағы жылдың 10-11 қыркүйек күндері ақынның туған жері Тәтті ауылдық округінің «Көк төбе» атшабарында ат шаптырылып, ас берілді. 10 қыркүйекте көкпардан іріктеу өтсе, 11 қыркүйек күні мерейтойдың ашылу салтанаты өтті. «Тұранның тұлпар текті ұлы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, облысымызға танымал өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген қонақтар мен аудан тұрғындары мерейтой қарсаңында тігілген қазақ үйлерден ас ішіп, спорттық жарыстарды тамашалады. 14-15 қыркүйек күндері аудандық мәдениет үйінде «Алаштың арда туған Асанбайы!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Ақындар айтысына республикамыздың әр өңірінен 22 ақын, яғни 11 жұп қатысты. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды. 15 қыркүйек күні сағ. 9.00-де Асанбай Асқаров ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Онда Асанбай Асқаров басқарған еліміздің үш облысынан келген және аудандық мекемелер атынан гүл шоқтары қойылып, ескерткішке тағзым етілді. Сағат 10.30-да №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясына Асанбай Асқаровтың есімі салтанатты түрде беріліп, мектеп ішіне қойылған асқақ тұлғаның кеуде мүсінінің ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар, аталған мектепте «Туған жердің туын биіктеткен тұлға» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп, еліміздің әр өңірінен келген ғалымдар өз зерттеулерін ортаға салды. 15 қыркүйек күні сағат 12.00-де аудандық мәдениет үйінің сахнасында Жамбыл облыстық драма театры әртістерінің қатысуымен Мархабат Байғұттың «Асанбайдың аққайыңдары» драмалық қойылымы қойылды. Осы күні түскі аста «Көк көл» мейрамханасында өзге облыстардан келген делегаттар мен ауданның зиялы қауым өкілдеріне А.Асқаровтың рухына бағыштап ас берілді. |
|
10. |
Меркі шипажайына барар жолды кеңейту бойынша ұсыныс енгізу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 1 шілде |
Меркі ауданының әкімі |
Меркі шипажайына барар жолды кеңейту көлік кептелісінің аздығына байланысты бүгінгі күнде өзекті мәселеге жатпайды.
|
|
11. |
Меркі ауылында саз мектебін салу үшін жер телімін анықтап, ұсыныс беру |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 1 тамыз |
Меркі ауданының әкімі |
Меркі ауылы, Исмайлов көшесінің бойынан саз мектебіне ғимарат қарастырылды. Қазіргі таңда аталған ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң ғимаратты сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілетін болады. |
|
12. |
Жамбыл ауылының тұрғыны А.Қырғабақовтың өзінің тұрғын үй ауласына соққан мұз алаңын спорт кешеніне ауыстыру бойынша жұмыс атқару |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 20 маусым
|
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,
облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
Облыс әкімімен болған кездесу барысында Меркі ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны Е.Қырғабақовтың өзінің тұрғын үй ауласынан соққан мұз алаңын спорт залға (күрес залына) ауыстыру мәселесін көтерген болатын. Алайда, бүгінгі таңда жеке кәсіпкер Е.Қырғабақов мұз алаңын Пейнтбол ойын алаңына айналдырғанын хабарлаймыз. Жеке кәсіпкер өз кәсібін одан ары дамытуда. |
|
13. |
А.Қырғабақовтың балық шаруашылығын ашу үшін жеңілдетілген несиелерді алуы бойынша құжаттарын әзірлеуді сүйемелдеу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 20 маусым |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
А.Қырғабақовтың балық шаруашылығын ашу үшін жеңілдетілген несиелерді алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
|
14. |
Дәрігерлердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуін жандандыру
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармаcы |
12.10.2021 жылы Меркі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Облыс көлемінде алғаш рет Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының «Салауатты халық жобасы» аясында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен кешенді іс-шара өткізілді. Бұл жобада ҚР-ның Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы денсаулығын түзету» қағидаларын қамту үшін 2018 жылғы Астана декларациясының, адамға бейімделген Бастапқы медико-санитарлық көмек қағидалары негізінде кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Сонымен қатар, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында азаматтардан түскен шағымдарды тез арада «қазыр, осы жерде» лозунгымен аудандық орталық емхананың кіреберісінде Пациенттерді қолдау қызметі, шұғыл байланыс орталығы іске қосылды. Осы қызметтердің жұмысы және ол арқылы біріктірілген MIOMOS жүйесін енгізу арқылы шағымдардың саны азайтылды, пациенттер мен медициналық ұйым арасындағы байланысты және ведомствоаралық байланыстар жақсартылды. Бұл жүйе халықтың бізге деген сенімінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, оны пациенттердің оң пікірлерінен көруге болады. |
|
15. |
Меркі ауылындағы орталық аурухананың алдындағы автокөлік кептелісін ретке келтіру |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
тұрақты |
Облыстық полиция департаментінің бастығы А.Баймурзин (келісім бойынша) |
Орталық аурухананың алдындағы автокөлік кептелісін ретке келтіру мақсатында тиісті жол белгілері орнатылды, автокөлік тұрағы жасалынды.
|
|
|
|||||