Жамбыл облысы бойынша жалпы өңірлік өнім 2022 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысымен 1 057,4 млрд. теңгені құрады, НКИ – 103,1%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 872,9 мың теңге.
2022 жылдың қыркүйек айында инфляция деңгейі 14,1%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 18,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 12,6%-ға, ақылы қызметтер – 9,1%-ға көтерілді.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен (ҚР – 15,4%) 1,3 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты.
2022 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады.