Облыс әкімінің Тараз қаласы №2 аумақтық округі  тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет

 

Облыс әкімінің Тараз қаласы №2 аумақтық округі  тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

3

4

5

 

1.

Толчок тұрғын алқабындағы ескі мал базарының жер телімін пайдалану бойынша жер иесі - жеке кәсіпкермен тиісті жұмыстар жүргізіп, шаралар қабылдау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 қыркүйек

Тараз қаласының әкімі

2014 жылы Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі бойында орналасқан, мал базарларды пайдалануды ветеринарлық – санитарлық талаптарға сай келгенше уақытша тоқтату туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарастырылып, осы талап арыз қанағаттандырылды.

         Жеке кәсіпкер М.Н.Кадыровтың Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі, № 31 жайда орналасқан, мал базары үшін, көлемі 1,2900 га жеке меншік құқығына берілген жер учаскесі 1997 жылдың 7 шілдедегі № 2809 Тараз қаласы әкімінің шешімімен берілген. Қазіргі таңда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын ауыстыру бойынша жұмыстары жүргізілмеген.

«Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің деректеріне сәйкес, Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі, № 31 жайда орналасқан, мал базары үшін берілген жер учаскесінде қаланың Бас жоспары бойынша «Қырғызстан базасы» және «Әли» жеке кәсіпкерлігі нысандарының (ғимараттарының) құрылыстары қарастырылған.

Алайда, жергілікті атқарушы органдары тарапынан алдағы уақытта жоғарыда аталған жер учаскесін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары қарастырылмаған.

2.

Толчок тұрғын алқабындағы шайынды су маңында бос жатқан 100 га жер теліміне балық шаруашылығын ашу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс беру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 қазан

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды  реттеу басқармасы,

 

Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

Бүгінгі күнге, Тараз қаласы аумағында балық шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары тіркелмеген.

Жамбыл ауданында тіркелген «Алтын бұлақ» шаруа қожалығы Тараз қаласының аумағынан «Тараз» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» АҚ-ы арқылы 18 га жер телімін алып өз қаражаты есебінен 30 млн. теңге инвестиция тарта отырып балық шаруашылығын ашуды жоспарлауда. Аталмыш жер телімі Тараз қаласының Толчок тұрғын алқабындағы ескі мал базар аумағында орналасқан. Шаруа қожалық басшысы – Қуанышбаев Нұрғиса Абдурахымұлы. Шаруа қожалық басшысы шаруашылықта амур, сазан, дөңмаңдай (толстолоб) атты балық түрлерін өсіруді жоспарлап отыр.

3.

Мамбет батыр көшесінің соңындағы айналма жолына түнгі жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 желтоқсан

Тараз қаласының әкімі

Тараз қаласы Мамбет батыр көшесінің аяғындағы айналма жолға көше жарығын жүргізуге электр тасымалдайтын мекемеден техникалық шарт беруге хат жолданды. Техникалық шарт алынған соң, Жобалық сметалық құжаттама жасауға  конкурска өтінім беріледі.

Мамбет батыр көшесінің соңындағы айналма жолына абаттандыру жұмыстарына бюджеттен қаржы қарастырлмаған. 

4.

Пригородный көшесі бойындағы каналдан аққан судың көлемін зерделеп, кеңейту бойынша ұсыныс енгізсін.

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, «ҚазСуШар» РМК

Жамбыл облысы бойынша филиалы (келісімі бойынша), Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

Пригородный көшесі бойындағы Солтүстік бұрма каналы (лево отводной канал) «Казсушар» мекемесінің меншгінде. Осыған байланысты, қала әкімдігі тарапынан каналды бетондау, немесе басқа жұмыстарды жүргізу заң аясында мүмкін  емес. Алдағы уақытта меншік иесі тарапынан бетон-лотоктың деңгейін көтеру (наращивание) жұмыстары жоспаралануда.

5.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демеушілердің қолдауымен Асқаров көшесінің аяғында орналасқан жаңа мектепке барар жолға жаяу жүргіншіге арналған көпір орнату

                     

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

 1 қыркүйек

Тараз қаласының әкімі

Асқаров көшесінің аяғында орналасқан жаңа мектепке барар жолға жаяу жүргіншіге арналған көпір орнатылды.

6.

«Эврика» жанар-май құю бекетінің мұнайбазасы орналасқан жер телімінің заңдылығын тексеріп, тиісті шаралар қабылдау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

 1 қыркүйек

Облыс прокурорының орынбасары Н.Ұласбекұлы,

Тараз қаласының прокуроры Ж.Сматов (келісімдері бойынша),

Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

 

7.

15 мөлтек ауданы мен «Бурыл» алқабы аралығындағы Түйте каналын тазалау жұмыстарын жүргізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 қыркүйек

Тараз қаласының әкімі

«Түйте» каналы «МК Түйте суы» ЖШС меншігіндегі канал   және үнемі ағын сумен қамтамасыз етіледі. Алайда, канал қаланың халық көп шоғырланған орындарымен ағатын болғандықтан, қоқысқа толу фактілері жиі орын алуда. Осыған байланысты серіктестікпен  осындай орындар тазаланып тұрады.

8.

Толчок тұрғын алқабынан емхана ашу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 қыркүйек

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

 

 

9.

 №54 мектептің артында бос жатқан
1 га жерге саябақ соғу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, қаражат қарастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 желтоқсан

Тараз қаласының әкімі

№ 54 мекетптің артында жатқан бос жер учаскесі Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 1674 қаулысымен Тараз қаласы, Бұрыл алқабы, н/ж жайдағы жалпы көлемі 0,9417 га жер телімі уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына 5 жыл мерзімге Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне 140 орындық бала бақша құрылысын соғу үшін рәсімделген.

10.

Қайнар, Родничок алқабынан өтетін канал арнасын бетондау жұмыстарын жүргізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

1 наурыз 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, «ҚазСуШар» РМК

Жамбыл облысы бойынша филиалы (келісімі бойынша), Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

Қайнар, Родничок алқабынан өтетін Солтүстік бұрма каналы (лево отводной канал) «Казсушар» мекемесінің меншгінде. Осыған байланысты, канал арнасын бетондау, немесе басқа жұмыстарды жүргізу заң аясында мүмкін  емес

11.

Алатау көшесі 1, 2 бұрылыстарындағы электр бағаналарын талапқа сай орнату бойынша есептемелерін жүргізіп, қаражат қарастыруға ұсыныс енгізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылға

 1 желтоқсан

Тараз қаласының әкімі

Құрылыс бөлімінің тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. Толық жұмыстар аяқталған соң, жобалық-сметалық құжаттамасын бастауға мемлекеттік бюджеттен қаражат қарастыруға өтінім ұсынылатын болады.

12.

Алатау көшесінің 1, 2 бұрылыстары мен Көктөбе көшесі жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылы

1 желтоқсан

Тараз қаласының әкімі

Алатау көшесінің  бұрылыстары мен Көктөбе көшесі жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын 99,963,6 мың теңге қаражатқа сметалық құжат дайындалған. Алайда бюджет қаражатының қысқартылуына байланысты жоба кейінге қалдырылды.

 

 

Тараз қаласының әкімі                                                                                                                                Б.Орынбеков

Облыс әкімінің Тараз қаласы №2 аумақтық округі  тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет
Дата публикации
22 октября 2022