Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

 

2022 жылғы 25  қыркүйекте Жамбыл облысында Жуалы  ауданының Б.Момышұлы ауылы, Меркі ауданының Ойтал ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауданының Көкдөнен ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 9173 азамат енгізілді, оның ішінде 6451 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 17, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Камбарбеков Е.Б. – 1650; Турекулов К.А. – 4782.

Б.Момышұлы ауылы әкімі болып Турекулов Керимхан Ауесбекулы сайланды, 1976 жылы туған, Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынылды.

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен 2022 жылғы 25 қыркүйекте сайланған Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының әкімі болып К.А. Турекуловты тіркеді.

            Жуалы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/documents/details/349558?lang=kk  

 

 

Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

            Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 7332 енгізілді, оның 1277-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 105, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 3.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Абдикаримов Р. - 243;                    Калдыбаев Н.  – 327;

Медетбеков М. – 26;             Рахимбеков А. - 573.

 

         Ойтал ауылдық округінің сайланған әкімі Рахимбеков Арман Байетбаевич 1977 жылы туылған, Ойтал ауылдық округінің әкімі, «AMANAT» партиясы ұсынған, Меркі ауылдық округі, Меркі ауылында тұрады.

         Меркі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен 2022 жылы  25 қыркүйекте сайланған Меркі ауданы Ойтал ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/article/details/97036?directionId=14512&lang=kk

 

Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2319 азаматтар   енгізілді, оның ішінде 1632 адам дауыс берді.Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар  саны:

Атабаев Т.А  – 1373;  Балпанов Д.Т - 161; Омаров И.Ф -98.

Көкдөнен ауылдық округінің әкімі болып  Атабаев Төлеген Алпамысұлы  сайланды, 1977 жылы туылған, Көкдөнен ауылдық округінің әкімі, Көкдөнен ауылында тұрады, «Аманат» партиясы ұсынған.

 Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/documents/details/350791?directionId=14525&lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
26 сентября 2022