Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-тамызында 554,4  млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111,4%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде - 11,4%-ға (401,1 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 28,2%-ға (84,3 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 4,9%-ға                                       (4,0 млрд. теңге) өсім байқалады. 

Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,9%-ға (64,9 млрд. теңге) төмендеді.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі                         245,5 млрд.теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 101,7%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 116,2 млрд. теңге                (НКИ-102,5%), мал шаруашылығы - 129,1 млрд. теңге (НКИ - 101,0%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2022 жылы 31 258,7 млн. теңге                                   (оның ішінде РБ – 20 889,9 млн. теңге, ЖБ - 10 368,8 млн. теңге) субсидия бөлінді. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне  18 733,1 млн. теңге игерілді (оның ішінде РБ берілетін трансферттер есебінен – 11 927,1 млн.теңге,                                            ЖБ – 6 806,0 млн. теңге).

Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығында алдын ала мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың га немесе 2021 жылға қарағанда 5,2 мың га артық алаңға орналастырылды, оның ішінде дәнді масақты дақылдар – 390,1 мың га, майлы дақылдары - 72,4 мың га, жем-шөп дақылдары – 215,2 мың га, көкөніс - 78,3 мың га, қант қызылшасы - 5,5 мың га.

20.09.2022 жылғы жағдай бойынша масақты дәнді дақылдар 371,0 мың га немесе егін жинау алаңының 29,9% жиналды, онда өнімділік 17,1 ц/га құрады. Начало формы

 

Конец формы

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2022 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 116,1 млрд.теңгені (114,6%), жұмыспен қамтылғандар саны – 128,8 мың адамды (104,8%) құрады.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 81,7 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 115,0%-ды құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 84,5%-ды құрайды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы бойынша (Бизнестің жол картасы - 2025 іске асырылуы бастағаннан бері) барлық қаржылық қолдау құралдары бойынша сомасы 184,3 млрд.теңгеге 5787 жоба іске асырылуда.

Начало формы

 

Оның ішінде «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, жалпы сомасы 139,5 млрд. теңгені құрайтын 3294 жоба жүзеге асырылуда                           (2022 ж. – 10,9 млрд. теңгеге 646 жоба).

«Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 23,2 млрд. теңгені құрайтын 2704 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж. – 5,6 млрд. теңгеге 824 жоба).

 «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 20,9 млрд.теңгеге 127 жоба іске асырылуда (2022 ж. – 273,3 млн. теңгеге 8 жоба).

2022 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда айналымының көлемі                  250,8 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға, көтерме сауда айналымы – 242,2 млрд. теңгеге (8,8%) артты.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы                  205,9 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 124,5% құрады, оның ішінде экспорт – 69,5 млн. АҚШ долларын 200,3%),                     импорт – 136,4 млн. АҚШ долларын (104,4%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 66,9 млн. АҚШ доллары.Начало формы

 

Конец формы

Көлік. Көлік қызметтері 361,0 млрд.теңгені құрап, 0,1%-ға өсті. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңіне 4,0%-ға (82,0 млн. тонна) қысқартылған. Жүк айналымы – 2,4%-ға (30,2 млрд.ткм), жолаушы тасымалдау – 15,9%-ға (303,2 млн. адам), жолаушы айналымы – 15,8%-ға (2,9млрд.жкм) артты.

 

Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі                       236,5 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 99,0%-ды құрады.      

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің төмендеуі                   2021 жылы Сарысу және Талас аудандарында жел электр станциясының құрылысына инвестиция салынуына және Мойынқұм ауданында Республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар», «Бурылбайтал - Күрті» автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуіне байланысты.

Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 102,7 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 112,8% құрады.

Өсім 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығын, Құмшағал тұрғын алқабына су құбыры желілерін салу, Казарма тұрғын алқабында 180 орындық мектеп салу, Таскөл су қоймасы бөгетінің сейсмотұрақтылығын арттыра отырып, 2-кезекті реконструкциялау, Меркі-Бурылбайтал жол учаскесін реконструкциялау және Шу ауданындағы Шатыркөл-Жайсаң кластерінде байыту фабрикасын салу, Байзақ ауданындағы Сарыкемер а. бір ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық орталық емхана және «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 7-20 км орташа жөндеу жұмыстары есебінен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі                  385,4 мың ш.м немесе 2021 жылдың тиісті деңгейіне 103,4%-ды құрады.

Инфляция. 2022 жылғы тамызда инфляция 12,5%-ды құрады.                Азық - түлік тауарларының бағасы 17,7%-ға, азық-түлік емес тауарларға -10,9%-ға, ақылы қызметтерге - 6,5%-ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейінен 0,8 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 13,3%).

2022 жылғы тамызда 2022 жылғы шілдеге тұтыну бағаларының индексі 101,3% - ды, оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша  - 100,9%-ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша – 102,0%-ды, ақылы қызметтер бойынша - 101,1%-ды құрады.

Азық-түлік тауарлары бойынша бағалар жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан 4,3%-ға, макарон өнімдері - 3,4%-ға, балық және теңіз өнімдері - 2,7%-ға, күріш -  2,5%-ға, сүт өнімдері - 2,1%-ға (оның ішінде қатты ірімшік - 1,5%-ға, қаймақ - 1,0%-ға, майлылығы 5-9% сүзбе - 0,9%-ға), май және тоң май - 1,9%-ға, жармалар - 1,8%-ға, құмшекер - 1,7%-ға, ет - 1,4%-ға,  ұн - 1,3%-ға, жұмыртқа - 0,2%-ға өсті.  

Жемістер мен көкөністерге бағаның 3,3% - ға төмендеуі байқалды                (оның ішінде қызанақ - 19,5%-ға,  алма - 9,9%-ға, пияз - 9,2%-ға, сәбіз -  6,5%-ға ).

Азық - түлік емес тауарлар бойынша кеңсе тауарларының бағалары                  54,4%-ға, телефон және факс жабдықтары - 7,3%-ға, жуу және тазалау құралдары - 6,6%-ға, жол тауарларына және заттарды тасымалдауға арналған басқа да бұйымдарға - 4,4%-ға, тұрғын үй - жайларға қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған материалдар - 2,1%, тұрмыстық аспаптар – 1,6%, киім және аяқ киім - 1,4%, фармацевтикалық өнім 1,0% - ға, ЖЖМ - 0,2% - ға (оның ішінде бензин - 0,2% - ға) өсті.

Ақылы қызметтер бойынша білім беру қызметтері 7,9% - ға, тұрғын үйді нақты жалдау ақысы 3,9% - ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын табиғи газдың тарифтері 1 текше метр үшін 3,5% - ға өсті.                           Сақтандыру қызметтері 1,8% - ға, жолаушылар көлігі - 0,9% - ға (оның ішінде әуе көлігі-23,3% - ға, теміржол көлігі-0,2% - ға) төмендеді.

Салықтар. 2022 жылғы 1 қыркүйекке мемлекеттік бюджетке                             121,2 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 114,7%  (о.і. РБ – 41,2 млрд. теңге (110,4%), ЖБ  - 80,0 млрд. теңге (117,0%)) түсті.

Салық бойынша берешек 3,8 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 116,4%-ды құрады.

Бюджет. 2022 жылғы 1 қыркүйекке облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 364,4 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері –             80,0 млрд. теңгені немесе болжамға 117,0%-ды (о.і.салықтық түсімдер –    68 012,8 млн. теңге (114,2%), салықтық емес түсімдер – 3 662,7 млн. теңге (190,0%), негізгі капиталды сатудан түсімдер  -  8 301,6 млн. теңге (121,3%) құрады. Бюджеттік шығындар 98,5%-ға (351,2 млрд.теңге) игерілді.      

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 47983 адам қамтылды.                    Жұмыс берушілердің бос орындарына 19946 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1128 адам, жастар практикасымен -                   1464 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен - 8383 адам қамтылды.

Жаңадан 15 340 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 3531. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген                            49463 адамның 28208 жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 259 732 теңгені құрап,                 бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 27,4%-ға,                         нақты - 12,4%-ға артты (2022 ж. 2тоқсан).

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
101 970 теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда                   14,7%-ға, нақты – 8,8%-ға өсті (2022 ж. 1 тоқсан).

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында 56,2 мың тұрғынға                         2647,5 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек - 2511,6 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы - 101,1 млн. теңге,                                үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы - 34,8 млн. теңге төленді).

Білім беру. 2022 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға                           247,9 млрд. теңге қарастырылып, есепті кезең жоспарына 173 млрд. теңге (99,9%-ға) игерілді. Оның ішінде білім беру нысандарын дамытуға жергілікті бюджеттен - 7,5 млрд.теңге.

2022 жылы білім беру саласында 6 мектеп пайдалануға берілді                   (Байзақ ауданы Сенкібай а. 100 орындық, Жамбыл ауданы Айша биби а.                    300 орындық; Жуалы ауданы Дихан а. 180 орындық,  Алатау а. 100 орындық; Қордай ауданы Арал а. 180 орындық; Тараз қ. Асқаров алқабында                            600 орындық).

 4 орта мектептің құрылысы басталды (Т.Рысқұлов ауданы Құлан а. 300 орындық; Сүлейменов көшесі соңындағы тұрғын алқабында 2400 орындық                       2 мектеп; Жамбыл ауданы Шоқай а. 150 орындық) .

5 мектептің құрылысын жалғастыру жоспарлануда (Байзақ ауданы Көктал а. 600 орындық; Шу ауданы Төле би а. 300 орындық, Тараз қ. «Барысхан» тұрғын алқабында 600 орындық, «Арай» тұрғын алқабында                   600 орындық, Казарма алқабында 100 орындық).

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен                      1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстың  443 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2430 интерактивті тақталар орнатылды.

2022 жылғы 1 қыркүйегіне облыстағы 569 мектепке дейінгі ұйымдарымен (438 балабақша, 131 шағын орталықтар) 57,9 мың бала немесе 91,5% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен                     0,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2022 жылы
17,1 млрд. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 12,0 млрд. теңге игерілді                              (98,7%). Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 4,6 млрд. теңге (3,5 млрд.теңгесі игерілді), денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын                                нығайтуға - 3,2 млрд. теңге бөлінді (2,7 млрд.теңге игерілді).

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 6,8 млрд. теңге                                (о.і. РБ  - 4,3 млрд. теңге, ЖБ - 2,1 млрд. теңге, ҰҚ – 433,7 млн. теңге) қарастырылған), за отчетный период освоено 4,5 млрд.тенге.  

Байзақ ауданы Сарыкемер а. 250 орындық аудандық емхана,                            Жуалы ауданы Б. Момышұлы а. аурухана ғимаратына жапсарлас, 5ДА, 1 МП құрылысы; Шу ауданы Шу қ. Сәтпаев көшесі №155 емхана ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары басталды және Тараз қ. 200 төсектік онкологиялық диспансердің құрылысы аяқталуда.

Есептік кезеңде 3 нысанның құрылысы аяқталды: Меркі ауданы                    Тәтті а. мен Талас ауданының Есейхан а. 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Шу ауданы Еңбек а. 5 келушіге арналған медициналық пункт.

2022 жылғы қаңтар-тамызында қан айналымы жүйесінің, психикалық бұзылулар, қатерлі ісік аурулары деңгейінің өсуі, сонымен қатар қант диабеті, туберкулез, наркологиялық аурулары және мерезбен сырқаттану ауруларының деңгейі төмендеді. Талас ауданында ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді.

  

 

 

 

Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
10 октября 2022