Жамбыл облысы әкімі аппараты  Жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысы әкімі аппараты

 Жергілікті атқарушы органдарының

2022 жылдың ІІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО) 293 қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 15 қызмет түрі (5,1 %);
  • электронды түрде – 276 қызмет (94,1 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 110 қызмет (37,5 %).

2022 жылдың ІІІ тоқсанында облыс бойынша ЖАО 2,7 млн мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    2 638 740 қызмет (97,79 %);
  • қағаз түрінде –     193 қызмет (0,01 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   59 897 қызмет (2,2%). 

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 241 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2022 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 11.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 074 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 1 052 900 халық қамтылды.      

2022 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекетік қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның қызметкерлері өтпеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының

2022 жылдың ІІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 37 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 26 жергілікті атқарушы органдар, 7 ведомстволық бағынысты ұйымдар және
4 мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар (мемлекеттік органдар немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылмайтын)  қамтылды.

Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.

Нәтижесінде 477 бұзушылықтар анықталды және 73 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің
156 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 74 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 6 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 241 фактісі анықталды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппараты  Жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
06 октября 2022