Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қазанға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қазанға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2022 жылғы 16 қазанға Жуалы ауданынының Жетітөбе ауылдық округі, Мойынқұм ауданының Биназар ауылдық округі әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.

 

Жуалы аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/documents/details/346508?lang=kk

 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:

 https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/427547?lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қазанға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
Дата публикации
16 сентября 2022