Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 09 қазанға Байзақ ауданының Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен 2022 жылғы 09 қазанға Байзақ ауданының Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдері сайлауы тағайындалды.
2022 жылғы 09 қазанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық газетте жарияланды.
Байзақ аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы