САЛЫҚТАР
2022 жылдың 1 қыркүйегіне мемлекеттік бюджетке жоспарда 105,6 млрд. теңге болса, 121,2 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 114,7%-ға қамтамасыз етілді, өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда өсім 127,8%-ды құраған, оның ішінде:
республикалық бюджетке 41,2 млрд. теңге сомасында түсімдер түсіп, жоспар 110,4%-ға орындалған;
жергілікті бюджетке 80,0 млрд. теңге сомасында түсімдер түскен немесе жоспар 117,0%-ға орындалған, өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда өсім 123,5%-ды құрады.