Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

хабарламасы

 

2022 жылғы 28 тамызда Жамбыл облысында Жамбыл ауданының Бесағаш және Өрнек ауылдық округтері, Қордай ауданынынң Жамбыл және Қарасай ауылдық округтері, Мойынқұм ауданының Қылышбай ауылдық округі және Шу ауданының Ескі Шу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Бесағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4176 азамат енгізілді, олардың 1361 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 22, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдумуталиев А.Б. - 732; Абенов О.Б. - 577; Тоқсаба Ж.Ж. - 17.

Бесағаш ауылдық округінің әкімі болып Абдумуталиев Алга Балабекович сайланды, 1975 жылы туған, Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары, Тараз қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1491 азамат енгізілді, оның 1063 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 23, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Коскелбаев Д.Е. - 286; Темешбаев К.Б. - 751.

Өрнек ауылдық округінің әкімі болып Темешбаев Канат Базарбекович сайланды, 1969 жылы туған, «Аса-су» ШЖҚ КМК директорының орынбасары, Өрнек ауылдық округінің Өрнек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 31 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 28 тамызда сайланған Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

            Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/340142?directionId=17265&lang=kk

           

Қордай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қордай ауданының Жамбыл және Қарасай ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3746 азамат енгізілді, оның ішінде 2756 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Биримкулов А.Б. – 2024; Жәнетұлы Б. – 535; Райымбекова А.Ж. – 176.

Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Биримкулов Айдар Бекмуханбетович, 1987 жылы туған, Жамбыл ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Қарасай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2290 азамат енгізілді, оның ішінде 1677 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 16, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аманбаев С.С. – 139; Елемесова К.А. – 1218; Чайдилдин Д.А. – 302.

Қарасай ауылдық округінің әкімі болып Елемесова Кулжахан Алмасовна, 1965 жылы туған, Қарасай аулдық округінің әкімі, Қарасай ауылдық округінің Қарасай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 31 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 28 тамызда сайланған Қордай ауданының Жамбыл және Қарасай ауылдық окрутерінің әкімдерін тіркеді.

Қордай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/article/details/94844?directionId=14568&lang=kk

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/article/details/94843?directionId=14568&lang=kk

 

Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 493 азамат енгізілді, оның ішінде 329 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Искаков Ғ.Ш.– 3;         Исабеков Б.А. – 200;

Исабеков А.О. – 88;     Тортбаев Қ.Т. – 32;

 

Қылышбай ауылдық округінің әкімі болып Исабеков Бакир Амирекулович сайланды, 1970 жылы туылған, Мойынқұм ауылы “Үркер” шаруа қожалығының жекетшісі, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 31 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 28 тамызда сайланған Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/419313?directionId=14612&lang=kk

 

Шу ауданының Ескі Шу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1510 азамат енгізілді, олардың 694 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 27, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Әділханұлы Э. – 249;  Балқожа М.А. – 9; Игиликов Б.Т. – 404.

Ескі Шу ауылдық округінің әкімі болып Игиликов Бахыт Тарелович сайланды, 1974 жылы туған, Шу ауданы Ескі Шу ауылдық округі, Белбасар ауылында клуб меңгерушісі, Белбасар ауылында Достық көшесі, №67 үйде тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Шу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 31 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 28 тамызда  сайланған Шу ауданының Ескі Шу ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

 

Шу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/documents/details/339714?directionId=11363&lang=kk

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Сообщение Жамбылской областной избирательной комиссии об итогах выборов акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов Жамбылской области  
Дата публикации
31 августа 2022