Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 қыркүйекке аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2022 жылғы 25 қыркүйекке Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылы, Меркі ауданының Ойтал ауылдық округі және Т.Рысқұлов ауданының Көкдөнен ауылдық округі әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындалған ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.
Жуалы аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
Меркі аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы