Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Жамбыл облысының Жамбыл, Қордай,   Мойынқұм және Шу аудандарының аудандық сайлау комиссиялары 2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер сайлауына төмендегідей кандидаттарды тіркеді:

 

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:

  1. Абенов Олжас Бакытжанович, 1986 жылы туған, жұмыссыз, Жамбыл ауданы Бесағаш ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

 

  1. Абдумуталиев Алга Балабекович, 1975 жылы туған, Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

 

  1. Досманбетова Айнур Джамбуловна, 1974 жылы туған, Полатқосшы ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

 

  1. Тоқсаба Жандар Жамбылұлы, 1990 жылы туған, Жастар ресурстық орталығының директоры, Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

 

Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:

  1. Темешбаев Канат Базарбекович, 1969 жылы туған, «Аса-су» ШЖҚ КМК директорының орынбасары, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды;

 

  1. Айбалта Лесхан Ерланұлы, 1992 жылы туған, Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери есеп жүргізушісі, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

 

  1. Коскелбаев Даурен Ергалиулы, 1990 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің бас маманы, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

 

  1. Мантеев Азиз Сагатбекович, 1960 жылы туған, Өрнек ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/336400?directionId=11120&lang=kk

Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:

  1. Биримкулов Айдар Бекмуханбетович, 1987 жылы туған, Жамбыл ауылдық округінің әкімі, Қордай ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  2. Жәнетұлы Бауыржан, 1993 жылы туған, Қордай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  3. Райымбекова Альмира Жумабаевна, 1987 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:

  1. Аманбаев Самат Салимович, 1988 жылы туған, Әлжан ана ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  2. Елемесова Кулжахан Алмасовна, 1965 жылы туған, Қарасай ауылдық округінің әкімі, Қордай ауданы Қарасай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.
  3. Чайдилдин Дидар Асхарович, 1982 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Қордай ауданы Ноғайбай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

Қордай  аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/article/details/93847?directionId=14568&lang=kk

 

Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі әкімі сайлауына  тіркелген кандидаттар:

 

  1. Искаков Ғалымбек Шамжанұлы, 1972 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы , Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  2. Исабеков Бәкір Әміреқұлұлы, 1970 жылы туылған, Мойынқұм ауылы “Үркер” шаруа қожалығының жекетшісі, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
  3. Тортбаев Киякбай Тилеужанович, 1962 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  4. Исабеков Ардақ Омарұлы, 1982 жылы туылған, Қылышбай ауылы “Сұңқар” шаруа қожалығының жекетшісі, Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/413601?directionId=14612&lang=kk 

 

Шу ауданы Ескі-Шу ауылдық округі әкімі сайлауына  тіркелген кандидаттар:

  1. Игиликов Бахыт Тарелович, 1974 жылы туылған, Белбасар ауылдық клубының меңгерушісі, Шу ауданы Белбасар ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
  2. Балқожа Мұрат Асқарұлы, 1991 жылы туылған, Шу ауданы әкімі аппараты кеңсе бөлімінің басшысы, Шу ауданы Төле би ауылының  тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  3. Әділханұлы Эльдар, 1980 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Шу ауданы Тасөткел ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

Шу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/documents/details/336612?lang=kk 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
Дата публикации
18 августа 2022