Выступление акима области Н. Нуржигитова на встрече с представителями СМИ

Облыс әкімі Н.Нұржігітовтің

 БАҚ өкілдерімен кездесуіндегі сөзі

 20.07.2022 жыл, сағ. 1100

 

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

 

Бүгін өздеріңізбен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түсіп отыр.

Баспасөз алаңында өңірдің ағымдағы жылдың 6 айындағы негізгі даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарларына кеңінен тоқталатын боламын.

Бірінші жартыжылдықта  облыстың экономикалық өсімі 104,1% құрады (ҚР–104,5%).

Өнеркәсіп (108,1%), ауыл шаруашылығы (102%), құрылыс  (105,7%), тұрғын үй құрылысы (103,7%), сауда  (105,3%), байланыс  (101,9%) салаларында оң динамика қалыптасты. 

155,8 млрд. теңге инвестиция тартылды (92,9%).

 255 млрд. теңгеге көлік қызметі көрсетілді (98,5%).

Инфляция деңгейі жыл басынан (2021 ж. желтоқсанына) 110%-ды құрады (ҚР–110,5%).

Өзіндік кірістер 60 млрд. теңгеге (жоспар – 46,9 млрд. тг) орындалып,  25,7%-ға  артты (ҚР–119,2%),.

Бюджет қаражаты 99,9%-ға игерілді (ҚР – 99,2%).

Облыс әкімі лауазымына тағайындалған күннен бері  Тараз қаласы, аудан әкімдері мен басқарма басшыларының жеке-жеке есебін тыңдап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды сараладық. 

Барлық аудандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадық.

Негізгі міндеттер мен мүмкіндіктерді пысықтадық.

Басты талап – халықтың табысын арттыру, тұрмысын жақсарту, қордаланған мәселелерін шешу.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын жемісті жүзеге асыру маңызды.

Бізде оған барлық мүмкіндік бар!

Ендігі кезекте, сол ресурстарды тиімді пайдалана отырып, жұмысты жүйелеу міндеті тұр. 

Осы мақсатта 2025 жылға дейінгі Жамбыл облысының даму жоспарының жаңа сипаттағы  жобасы әзірленді.

        Мақсатымыз -  ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпті дамыта отырып, ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарын құру, тұрмыс жағдайын жақсарту, табысын арттыру.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді.

 

Даму жоспары 3 негізгі бөлімнен тұрады. Олар:

  1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР
  2. БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР
  • ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
  1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

        Бұл бөлім екі ірі - ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында 2025 жылға дейін құны 2  трлн. теңгені құрайтын 1154 жобаны іске асыра отырып, 14,4 мың жұмыс орнын құруға бағытталды.

Даму жоспары аясында агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы құны 73,5 млрд. теңгені құрайтын 711 жобаны іске асырып, 4,3 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде (оның 2,7 мыңы тұрақты,1,6 мыңы маусымдық жұмыстар. Соның есебінен Тараз қаласында 2 млрд.теңгеге 7 инвестициялық жоба жүзеге асып, 260 азамат жұмыспен қамтылады).

Жыл қорытындысымен жалпы салада 110 жоба іске қосылып, 400-ге жуық адам тұрақты жұмысқа орналасады.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту 10 бағытта жүзеге аспақ.

- 451 жылыжай кешені салынады (2022 жылы-47)

- 40  су үнемдеу технологиялары енгізіледі (2022 жылы-12)

- 37 жеміс және көкөніс сақтау қоймалары салынады (2022 жылы-4)

- 29 сүтті қайта өңдеу кәсіпорындары ашылады (2022 жылы-4)

- 9 сүт тауарлы ферма салынады (2022 жылы-1)

- 51 мал бордақылау алаңдары салынады (2022 жылы-17)

 - 26 құс фермалары салынады (2022 жылы-5)

- 36  балық шаруашылықтары ашылады (2022 жылы-10) және 32 (2022 жылы-10) өзге де шағын жобалар іске асырылады

Ауылдық елді мекендерде кооперация жүйесін дамыту мақсатында аудан әкімдері елді мекеннің ауыл шаруашылығы саласы әлеуетін түбегейлі зерделеп, әр ауылдық округтің өнім өндіру, қайта өңдеу және өнімді өткеруде кластерлік тәсілді қолданып, жоспарын әзірледі.

Бұл тәсілді қолдану үшін 10 ауданнан бір ауылдық округтен, Тараз қаласынан бір массив таңдап алынды.

Аталған жобалар кластерлік бағытта «бір ауылда - бір жоба» қағидатымен жүзеге асырылатын болады.

2021 жылы ауылшаруашылығы саласын қолдауға барлық көздерден 36,3 млрд. теңге, оның ішінде 19,4 млрд. теңге субсидия қаралған болса, биыл бұл мақсатқа 60 млрд. теңге бөлінді. Оның 31,2 млрд. теңгесі субсидияға бағытталып, көлемі 49% артты.

Аталған қолдау шараларымен әрбір ауыл, әрбір кәсіпкер қамтылуы тиіс.

Бұл жұмыстарды нәтижелі іске асыру аудан, ауыл әкімдерінің НЕГІЗГІ МІНДЕТІ.   

2019 жылы бастау алған ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бағытындағы пилоттық жоба өзінің жалғасын табады.

Бір ай бұрын облысқа арнайы келген Үкіметтік делегация жобаның тиімділігіне көз жеткізіп, бұл тәжірибені ел көлемінде тарату ісін қолға алуда.

Өздеріңізге белгілі, жобаның бірінші кезеңінде өңірдегі                    11  ауылдық округке қарасты 25 елді мекендегі 7 856 отбасы қамтылды.

Бұл мақсатта жалпы 9,2 млрд. теңге несие қаражаты бағытталды.

2021 жылы қайтарылған несиелер есебінен (3,1 млрд. теңге несие кері қайтарылды, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарынан-әр ауданнан                         1 округтен) 3 ауылдық округте жоба жалғасын тапты.

 253 жоба іске асырылды (6073 мал басы, 3 жылыжай, 10 кәсіп ашылды).

28 дана ауыл шаруашылығы техникалары беріліп (1750 га егістік жер игерілді), бір отбасының қосымша табысы 82 мың теңгеге жетті.

Анықтама ретінде: Жоба 5 бағытта іске асырылды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде ауыл тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты 2 мәселе шешімін тапты:

  1. Төмен 2,5%-бен несие берілді;
  2. Ауылдық елді мекендердегі мүліктер (негізінен тұрғын үйлер) кепілдікке қабылданды (екінші деңгейлі банктер қабылдамайды).

Сонымен қатар,  келесі нәтижелерге қол жетті:

- қосымша 2 282 жеке кәсіпкерлік субъектілері  ашылды
(966-дан 3 248 дейін);

- үй және жер құжаттары ресми түрде реттелді;

- жер және мүлік салығы жүйеленді;

- жұмыссыздар саны 194 адамға кеміді (528-ден 334-ке дейін);

- 589 жаңа жұмыс орындары ашылды;

- Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1 058 отбасыға немесе 65%-ға кеміді (1 615-тен 557 отбасыға);

- жобаға қатысушылардың орташа айлық табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге немесе 65%-ға артты.

Пилоттық жобамен өңірдегі қалған 139 ауылдық округтерді  қамтуға қажетті қаржы көлемі 75,5 млрд. теңгені құрап отыр.

Ұсынысымыз Үкіметтен қолдау тапты.

Бізде бұл жобаны ары қарай нәтижелі жүзеге асыру үшін тиісті кадрлар да, тәжірибе де жеткілікті.

Ағымдағы жылы пилоттық жоба аясындағы жеңілдіктермен қамту үшін облыстың тағы 10 ауылдық округі айқындалып отыр. Бұл бағытқа 6,4 млрд. теңге қаржы қажет. Қазіргі таңда жобаның бес бағыты бойынша ауылдық округтердің жоба-есептері нақтылануда.

Қаржы мәселесі Үкіметпен бірлесе шешілуде.  

 

Өзекті мәселенің бірі – жайылым тапшылығы.

Жайылым жерлермен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі прокуратурамен бірлесіп, елді мекендердегі жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізді.

Нәтижесінде 683 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталды.

Мәселені жүйелі түрде шешу үшін өткен жылдан бастап                     5 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2021 жылы  ауылдық округтерге  227,5 мың гектар                        (2022 жылдың 6 айында 0,7 мың га) жер берілді.

- 2021 жылы  ауылдық округ теңгеріміне босалқы жерлер санатындағы 227,5 мың гектары  (2022 жылдың 6 айында 0,7 мың га) берілді.

- 2021 жылы  елді мекендер аумағына 5 шақырым радиуста жақын орналасқан жерлер есебінен 13,6 мың гектар қайтарылды (2022 жылдың 6 айында 5,0 мың га), жұмыс жалғасуда.

- орман қорындағы 1,0 млн. гектар жайылымға  242,9  мың мал басы шығарылды (2022 жылдың 6 айында 151,0  мың га берілді).

- жалпы жер көлемі 486,5 мың га болатын 2071 шаруа қожалықпен меморандум жасалды.

- 252,3 мың га жайылым жерлердің 2021 жылы 106,3 мың га мемлекет меншігіне қайтарылса, ағымдағы жылдың 6 айында 52,6 мың га қайтарылды.

Ал, биыл қосымша елді мекендердің жайылымын ұлғайту үшін 418,4 мың га жер учаскесі қосылып берілетін болады.

Сондай-ақ, қоғамдық жайылымдардағы мүйізді ірі қараларды (сиырларды) асылдандыру мақсатында (сүт, ет өнімділігін арттыру) аудан әкімдеріне сол жайылымдарға асыл тұқымды аталық (бұқа) ірі қараларды қосу немесе қолдан ұрықтандыруды жолға қоя отырып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырдым.

Бұған мемлекет тарапынан арнайы субсидия төленеді. (Қазіргі таңда облыс көлемінде 556 қоғамдық жайылымда үй іргесіндегі                    МІҚ жайылуда)

 

Ағымдағы жылдың 6 айында кәсіпкерлік субъектілеріне  10,5 млрд. теңге шағын несие берілді.

 Екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге (400 АЕК) грант бөлінді (0,2 млрд. теңге 166 адамға берілді).

Кәсіпкерлерге жағдай жасау, мүмкіншіліктер ұсыну, мәселелерін шешу – басты талап.

Бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз  қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында 4 арнайы алаң жұмысын іске қостық.

Біріншіден, апта сайын өтетін инвестициялық штаб жұмысын бастады.

Штаб жұмысына  әрбір кәсіпкер қатысып, өз жобасын таныстыра алады.

 Бүгінге дейін   штабтың  7 отырысы өтіп, 37 жоба қаралды.

  Оның 17-сі жаңа жобалар.

  Қаралған жобалардың жалпы құны 1,5 трлн. теңгені құрайды.

Екінші кезекте,  прокуратура жанынан құрылған сараптамалық кеңестің жұмысын жалғастырамыз. Ондағы мақсат, әрбір кәсіпкердің құқықтары мен мүддесін қорғау.

 Үшінші, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес пен төртінші, палата жанындағы іскер әйелдер кеңестері де кәсіпкерлерге қолдау көрсету алаңына айналатын болады.

 

Өнеркәсіпті дамыту бағытында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту ісіне де мән берілуде. 

Онда тек химиялық жобалармен шектелмейміз.

        Экономикалық аймаққа жаңа инвесторлар мен қатысушыларды тарту үшін арнайы экономикалық аймақтың басым бағыттар тізіміне қара және түсті металлургия, электр энергиясын өндіру бағыттарын енгізу жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс жолданып, қаралуда. 

           Бүгінгі таңда аталған аумақта 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға күш салудамыз.

  1. «Qazsugar Co» ЖШС - қант зауытының құрылысы, жобаның құны – 98,2 млрд.теңге. Жобаның құаттылығы – 150 мың тонна жылана. Зауыттың құрылысы 2020 жылдың IV тоқсанында басталды, пайдалану кезеңінде 300 жұмыс орнын құру жоспарлануда; Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың IV тоқсаны. 63 Га жер телімі берілді.
  2. «AltynalmasReagents» ЖШС – жылына 25 мың тоннаға дейін натрий цианидін өндіру, жобаның құны 75 млн. АҚШ доллар, 78 жұмыс орны ашылуы жоспарлануда. Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың IV тоқсаны. 12 Га жер телімі берілді.
  3. «TAS Market» ЖШС Экономикалық аймақта жылдық қуаттылығы 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металл өндіретін металлургиялық комбинат құрылысын жүргізуді жоспарлауда. Жоба бойынша 1500 жаңа жұмыс орны құрылады. Іске асыру мерзімі - 2022-2026 жылдар аралығы.

Жалпы облыстың даму жоспарында айқындалғандай, өнеркәсіп саласында жалпы құны 2,1 трлн. теңгені құрайтын 443 жобаны іске қосып, 10,1 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде (о.і. Тараз қ. 103,5 млрд. теңгеге 66 инвестициялық жоба жүзеге асып, 1126 азамат жұмыспен қамтылады).

Атап айтқанда, 78 өңдеу өнеркәсібі (2022жылы-35), 25 тамақ өнеркәсібі өндірісі  (2022 жылы-14), 8  жарық энергетика кешені салынып (2022 жылы-5), 6 балық шаруашылығы (2022 жылы-2), 6 туризм (2022 жылы-4), 1 цифрландыру және 319 өзге де қызмет (2022 жылы-173) көрсету бағытындағы шағын жобаларды іске асыруды көздеп отырмыз.

Агроөнеркәсіп кешенін кластерлік тәсілмен дамыту көзделсе, өнеркәсіп саласы әріптестік бағдарлама негізінде іске асырылатын болады.

Әріптестік бағдарламаны өңірдегі ірі инвестициялық жобаларда да қолдануды жоспарлап отырмыз.

Мысалы, Қордай ауданында «Monterra Qasaqstan» ЖШС тау-кен металлургиялық комбинатын салу жобасы, «Корцем» ЖШС цемент өндіру бойынша, Мойынқұм ауданында «Шағала майнинг» ЖШС мыс кенін өндіру, Шуда «Казахмыс» ЖШС Жайсан кенін игеру, «Жанашыр прожект» мыс кенін өндіру жобаларында іске асыруға келіссөздер жүргізілуде. 

Осы бағыттар жүзеге асқан жағдайда еңбек өнімділігі 8,5%-ға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 275 млрд. теңгеге артып, экспорт көлемі 95,9 млрд. теңгені құрайтын болады.

Сондай-ақ, инфляция деңгейін төмендету бағытында импорт алмастыруды 180 млрд. теңгеге ұлғайта отырып, жалпы отандық тауар өндірісін арттыратын боламыз.

Өңірде жұмыс істеп тұрған 77,2 мың шағын және орта бизнес  субъектілерін 85 мыңға дейін жеткізіп, ондағы жұмыспен қамтылғандардың санын арттыра отырып, өндірілген өнім көлемі 7%-ға ұлғаяды деп жоспарлануда.

БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

Есепті кезеңге өңіріміздің 371 елді мекенінде (оның 367-і ауыл)  1 млн. 153  мың халық тұрады. Соңғы 10 жылда облыстағы халық саны 97,3 мыңға (1055,8 мыңнан 1153,1 мыңға дейін, 9,2%-ға) өскен. (Ауыл  45 мың (645,4 мыңнан 690,4 мыңға, 7%-ға) адамға, қала тұрғындары 52,3 мыңға).

Бұл оң динамика.

Осы орайда, тұрғын үй мәселесінің өзектілігі де арта түсті.  

Бүгінге 36 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұрса,
164 мыңға жуық адам жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жер кезегінде тұр (2021ж.-128,4 мың адам).

Көпқабатты тұрғын үй кезегі негізінен облыс орталығы Тараз қаласында қалыптасса, жеке тұрғын үй құрылысына кезектілік ауылды жерлерде өсуде.

«Баспана – бақыт шамы» дейді қазақ.

Баспанаға мұқтаж отбасылардың мәселесін шешуге көмектесу – мемлекеттің негізі міндеттерінің бірі.

Облыста қазір 4388 пәтерлі 68 тұрғын үйдің
(24,4 млрд.теңгеге) құрылысы жүргізілуде, биыл оның 3120 пәтерін
(47 үй) пайдалануға береміз (жыл басынан 620 отбасына пәтер кілті тапсырылды).

Даму жоспары шеңберінде 2025 жылға дейін 401 мың м2 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда (о.і. Тараз қаласында - 223,2 мың м2).

52 млрд. теңгеге 14,3 мың жер телімі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерімен қамтылуда.   (о.і.Тараз қаласында 3 409 жер телімі).

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 3198 жер телімі таратылатын болады.

Бұдан бөлек, өңірде алғаш рет «Әулие-ата жастары» жобасы аясында 500 млн. теңге жеңілдетілген несие қарастырылып,
50 жастың баспаналы болуына ықпал етеді.

Бүгінде іске аса бастаған бағдарлама алдағы жылдары да жалғасады деп күтілуде.

Жалпы құрылыс саласына ағымдағы жылы 100 млрд.теңге бюджеттік инвестиция бөлініп отыр.

Халықты толғандыратын мәселенің бірі - коммуналдық шаруашылық саласы екені белгілі.  

Сол себепті, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы ауыз су мен көгілдір отынға қол жеткізу бағытында атқарылатын жұмыс бағытымызды айқындадық.

Бүгінге облыстағы ауылдық елді мекендердің
269-ы (622 мың тұрғын) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

Биыл 30 елді мекендегі  40,2 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

19,8 млрд.теңгеге 49 жоба іске асырылуда. Тұрғын санымен есептегенде 88,8%-дан 94,6%-ға жетеді. 6 айда 2 АЕМ 9,8 мың адам қамтылды (90,2%).

Сондай-ақ,  биыл қосымша 17 елді мекендегі 10 мың үй  газға қосылады.  

11,9 млрд.теңгеге 18 жоба іске асырылуда. Бүгінге 259 АЕМ 1020,5 мың адам табиғи газбен қамтылған, тұрғынмен есептегенде 88,6%-дан 89,5%-ға жетеді. 6 айда 2 АЕМ 9,8 мың адам қамтылды (90,2%).

Даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай облыстағы
371 елді мекен 100% ауыз сумен қамтылып, табиғи газды тұтынатын болады.

Бұл межеге қол жеткізу үшін 62 ауылға су құбырын тартып, 40 ауылдың  ауыз су жүйесін жаңғыртып, 31 ауылға су тазалау блок модулін орнатуды белгіледік.

Осы жерде айта кетер жәйт- бүгінгі таңда облыстағы                    36 елді-мекенде ауыз су кестемен беріледі. Биылғы жылы аталған елді мекен тұрғындарын тәулік бойы сумен қамту мақсатында тиісті іс-шаралар бекітіліп, нәтижесінде, аталған ауылдардың саны 30 пайызға дейін қысқарады.

Сонымен қатар, 15 елді мекенге газ тартып, 50 елді мекенге табиғи газ жүйелерін тарту арқылы және 2 автономды газ тарату станциясының құрылысы жүргізіліп, бұл мәселе де оң шешімін табатын болады.

Аса назар аударатын мәселенің бірі - жол.

Бүгінгі күні облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-ды құрап отырса, елді-мекен көшелерінің үлесі 82% деңгейінде.

Осы көрсеткіштерді жақсарту мақсатында Даму жоспарының аясында 6 млрд. теңгеге 18 жол құрылысы, қайта жаңғырту жұмыстары, 27,2 млрд.теңгеге 104 облыстық, аудандық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп, (о.і. Тараз қаласында 3,6 млрд 5 жоба), жақсы, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 99,5%-ға жеткізуді көздеп отырмыз.

Елді-мекен көшелерінің үлесін 94,1%ға дейін жақсарту үшін 25,9 млрд. теңгеге 726 жоба іске асырылып, асфальт жабындысы төселеді. (о.і.Тараз қаласы бойынша 148 жоба).

Білім, денсаулық, мәдениет, спорт салалары да назарда.

Аталған әлеуметтік салалар адам капиталын дамытудың негізі болып саналады.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығына қарамастан, туындап отырған мәселелер де аз емес.

Ағымдағы жылы білім саласына 244,4 млрд. теңге бөлінді.

Бұл облыс бюджетінің 53%-ын құрайды.

22 білім нысанының құрылысына 7,6 млрд. теңге қаржы бөлініп (оның 17-ы а.ж. пайдалануға беріледі), 7-уі пайдалануға берілді, жыл соңына дейін қалған 10 мектеп пайдалануға беріледі.

4,1 млрд. теңгеге 18 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілуде (16 мектеп, 2 балабақша).

Осы жұмыстардың нәтижесінде, 2 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 6 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешіледі.

Жылдағы мәселе қайталанбауы үшін, мектептердің құрылысын 20 тамызға дейін аяқтап, жаңа оқу жылына толығымен дайын болуы керектігіне назар аударып отырмыз. Сапасыз жұмыс әрі кестеден кешіккен мердігерлер үшін қабылданатын шаралар жеңіл болмайтыны ескертілді.

Қосымша білім беруге ерекше ден қойылуда.

2021-2022 оқу жылында облыстың 76 мектептен тыс мекемелерінде қосымша білім берумен 67 796 оқушы
(58 мемлекеттік, 7 мемлекеттік емес мектептен тыс мекемелер, 11 қала сыртындағы сауықтыру лагерлері), жалпы білім беретін мектептердің 
3543 спорт секцияларында 101 356  оқушы, барлығы
169152 немесе 71% бала түрлі бағыттағы үйірмелермен қамтылған.

Соңғы уақытта саладағы көтеріліп отырған мәселенің  бірі – аз қамтылған көп балалы отбасылардың балаларын киім-кешекпен қамтуға бөлінетін 32 500 теңгеге қатысты болып отыр.

2022 жылы жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан
оқушыларды әлеуметтік қолдауға жергілікті бюджеттен
4,7 млрд. теңге бөлінді (жыл басында 3  млрд. тг., еңбекақыдан жылжытылғаны 449,3 млн. тг., мәслихатпен берілгені 1,3 млрд. тг.).

Мұнда жыл сайын әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың саны да өсіп келе жатқанын ескеру керек.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 697 балаға артқан (2021 жылы – 43 904 бала).

Еліміз бойынша 6 өңірде осы топтағы оқушыларды әлеуметтік қолдауға бөлініп отырған қаржы көлемі 25-30 мың теңге көлемінде қалыптасқан (Алматы облысы – 25 000, БҚО – 27 000, Маңғыстау облысы – 25 000, Ақтөбе, Қарағанды, СҚО облыстары – 30 000 теңгеден).

Облыс бюджетінің мүмкіндігін ескере отырып, бөлініп отырған қаражат жеткілікті деп есептейміз. Әрине, бұл қаржы балалардың қажеттілігін толығымен өтейді деуден  аулақпыз.

Дегенмен, балаларды мүмкіндігінше қолдауға күш салатын боламыз.

Мектепке дейінгі мекемелердің қызметі бақылауда.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ел Президенті балабақшадағы қызмет сапасын арттыруды жүктеді.  Балалардың қауіпсіздігін алдыңғы орынға қойған Мемлекет басшысы лицензиялау тәртібін қайта енгізу бойынша Үкіметке нақты тапсырмалар берді.

2022 жылы облыста 2 197 орынды құрайтын  24 балабақша ашу көзделіп, жыл басынан бері 1 600 орындық 11 жекеменшік балабақша ашылды.

3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100%-ға қамтылған.

Тараз қаласындағы жекеменшік балабақшалар жаңадан ашылған 1 925 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлу мәселесін көтеруде.

Қазіргі таңда облыста 207 жекеменшік балабақшалар жұмыс істейді және онда 21 989 бала тәрбиеленуде.

Өткен жылдың қазан айында 1-6 жас арасындағы кезекте тұрған бала саны
6 450 құраса, бүгінгі күні олардың саны 11 958-ге жеткен. Соның ішінде, Тараз қаласы бойынша кезектегі бала саны 8 038-ге артқан.

Осыған байланысты, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс орналастыру жөніндегі қаулы жобасы әзірленіп, Әділет министрлігінде тіркелуде. 

Қаражатты қайта бөлу есебінен облыс бюджеті 3 млрд. теңгеден астам қаражатты үнемдеп отыр.

Мектеп асханаларындағы ас сапасы да басты бақылауда болуы тиіс.

Мен Тараз қаласы мен аудандардағы жұмыс сапарларымның барысында оқу орындарының асханаларындағы ас сапасы мен мәзірін арнайы тексеріп жүрмін.

Кемшіліктер жоқ емес!

Соған сәйкес, тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.

Бұған бей-жай қарауға болмайды.

 

Дені сау ұрпақ – жарқын болашағымыздың кепілі.

Ал, олардың денсаулығының дұрыс қалыптасуы үшін тұтынатын ас мәзірінде ағзаларына қажетті дәрумендер толық болуы шарт.

Осыны естен шығармаған дұрыс.

Облыстағы 444 мектептің 407-де (91,1%) асхана бар.

Мектеп асханаларына бүгінгі күні 48 жеке кәсіпкерлер қызмет көрсетуде.

2022 жылы жалпыға бірдей міндетті орта білім қорынан оқушыларды тамақтандыруға 2,9 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Бір күндік тамақтың құны әр балаға 450 теңгені құрайды.

Өткен оқу жылында ыстық тамақпен 47 598 бала қамтылды.

Асханаларда жергілікті өндірушілердің өнімдерін, әсіресе, бал, сүт өнімдерін пайдалану мақсатында кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде. Жаңа оқу жылында тағам өнімдерін алуда жергілікті өндірушілермен келісім-шарттар жасалатын болады.

Сол сияқты, мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтануы да сапалы болуы тиіс. 

Бүгінгі күнде барлық бөбекжай-бақша балаларының тамақтануы үшін төленетін төлемақы орта есеппен 8 750 теңгені құрайды, яғни, бір баланың бір күндегі тамақтану құны 417 теңге.

Бұл мәселе азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты бақшаларда балалардың толыққанды тамақтану нормасына сәйкес қайта қаралды.

Аз қамтылған  және сол санатқа теңестірілген отбасыларға   жергілікті бюджеттен  100 млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінде іске асыру тетіктері пысықталуда.     

 

Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі.

2020-2021 жылдары елімізде орын алған індет салдары денсаулақ сақтау саласына айрықша көңіл бөлу керектігін көрсетті.

Облыс тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мақсатында үстіміздегі жылдың өзінде 8,2 млрд.теңгеге 25 денсаулық  сақтау нысанының құрылысы, 648,3 млн. теңгеге 9 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдарының тозуы - 52,4%-дан 38,8%-ға дейін төмендейді (ҚР-47,8%).

Медициналық техникамен жабдықтау деңгейі – 88,4%
(ҚР-83,3%). Осы мақсатқа облыстан 2,5 млрд. теңге бөлініп, қажетті медициналық құралдар алынуда, салалық министрлік тарапынан 12 санитарлық автокөлік (281 көліктің 52%-ы тозған) берілгелі отыр.

Нәтижесінде, жабдықтау деңгейі жыл соңында 90,9%-ға жетпек.

Жалпы, мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына ауқымды қолдаулар көрсетіліп, көптеген мәселелер шешілуде.

Ендігі кезекте - халыққа ұсынылатын медициналық қызметтердің де сапасы жоғары болуы тиіс.

Медициналық қызмет сапасын арттыру үшін біріншіден, әрине, сала қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсібилігін арттыру қажет.

Осы орайда емханалардағы жұмыстардың сапасын жақсарту үшін учаскелік дәрігерлердің жүктемелігін азайттық, мысалы бұрын бір учаскелік дәрігер 1700 адамға қызмет көрсетсе, қазіргі таңда бұл 1540 адамға дейін азайды.

Үкімет бұл үшін барлық мүмкіншілікті жасап отыр. Жасай да береді.

Дегенмен, ақ халатты жандардың өздерінің жұмысына деген көзқарастары да қоса өзгеруі тиіс.

Ауырып, ем іздеген жанға деген ерекше жанашырлық, мейіріммен көрсетілген қызмет  қана    жұмыс сапасының артуына әкелері сөзсіз.

Сонымен қатар, емханалар мен ауруханаларда «Кері байланыс» бағдарламасы енгізілді. Ол деген фокус группалар құрылып, тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып,  оларға емдеу мекемелеріндегі кемшілікті айтуға мүмкіндік беріп, халықтың айтқан ұсыныстары бойынша өзгерістер жасап, жеңілдету.

       

Даму жоспарымызға сәйкес, «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына
88 (оның 81 ауылдық жерлерде) денсаулық сақтау нысанының құрылысы ұсынылатын болады. (6 аудандық орталық аурухана, 2 емхана, 31 медициналық пункт, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 26 дәрігерлік амбулатория)

Жоба барлық ауылдарды тиісті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және халықты  сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді. Шұғыл және орта технологиялық медициналық көмек алу қашықтығы 500-ден
200 шақырымға дейін қысқарады.

Тозығы жеткен 19 нысан күрделі жөндеуден өтеді. 

Нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозуы       10%-ға дейін, типтік емес нысандар саны 90%-ға дейін төмендесе, медициналық құралдармен жабдықтау деңгейі жақсарады.

Өмір сүру жасы ұзарады, нәресте өлім-жітімі  7,6 промильге-ға, ана өлім-жітімі 10 промильге-ға төмендейді деп күтілуде.

 

Қазіргі таңда спорт саласында 18 нысан салынуда, оның
8-і осы жылы пайдалануға берілмек.

Бұл, дене шынықтырумен, спортпен айналысатын халықтың үлесін 38,5%-ға (2021ж.-34,7%) дейін арттыруға мүмкіндік береді. Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 57,5%-ға  жетеді деп көзделуде.

2025 жылға дейін 45 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланды.

Халықтың рухани байлығын арттыруда мәдениет саласының орны ерекше.

Осы ретте, жоспарға сәйкес 26 мәдениет нысаны соғылып, ауыл халқының игілігіне берілмек, 17 тозығы жеткен нысандар жөнделетін болады.

Алдымызда халықтың мәдени іс-шаралармен қамтылып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін 100%-ға жеткізу міндеті тұр.

Әлемде орын алған індетке байланысты қоғамдық шараларды кеңінен өткізуге шектеулер қойылып, біраз уақыт саябырсып қалған болатын.

Десек те, жыл басынан бері облыста жалпы 500-ден астам мәдени шаралар ұйымдастырылып, оларға 60 мыңнан астам адам қатысты.

Биыл мәдениет саласында 1,7 млрд. теңгеге 12 нысан салынуда, 500 млн. теңгеге 6 нысан күрделі жөндеуден өтуде.

Жыл соңына дейін 6 мәдениет үйі пайдалануға беріледі.

Дегенмен, бұл саладағы басты мәселе ретінде ауылдық мәдениет үйлеріндегі штат бірліктерінің тым аздығын айтуға болады.

Негізінен мәдениет үйлерінде 3 штат бірлігі болса, оның 2-уі техникалық қызметкерлер, яғни,күзетші, еден жуушы, сонда                 1 адам ғана тұтас бір ауылдың мәдени шараларымен айналысады. Тіптен, кейбір ауылдық клубтарда 1 ғана адам жоғарыда аталған жұмыстарды атқарады. Осындай жағдайда халықтың мәдениетін көтеру туралы мәселені айту артық. Сондықтан, алдағы уақытта мәдениет қызметкерлерінің штатын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

Зерделеу қорытындысы бойынша қосымша 80 штат қажет

        Идеологиялық шаралармен қатар, көрнекті және белгілі қоғам қайраткерлерінің мерейтойларын атап өту мәселесі де басты назарда.

        Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы, Асанбай Асқаровтың 100 жылдығы, Шерхан Мұртазаның  90 жылдығы және тб.

  Осы ретте айта кету керек,  Халық жазушысы, біртуар тұлға Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай ескерткіш қою мәселесі қоғам арасында қызу талқыланғаны белгілі.

Ескерткішті орнататын жерін таңдау бойынша арнайы комиссия құрылған болатын.  Комиссияға зиялы қауым өкілдері мен кәсіби мамандар енді.

Комиссия құрылар алдында бұл туралы зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуде айтылды және БАҚ-пен әлеуметтік желілер арқылы хабар берілді.

Зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында қатысушылар тарапынан болған ұсыныстар толықтай комиссия тарапымен ескерілді.

Ескерткіштің орнатылатын жері бойынша, комиссия мүшелері мен қатар әлеуметтік желіде де, ұсыныстар болды.

Ұсыныстарды комиссия мүшелері мұқият қарап шешім шығару үшін дауысқа салды.

Ескерткіш орнын таңдау кезінде, ұсыныстардың архитектуралық үйлесімдігі бойынша кәсіби мамандардың да пікірі назарға алынды.

Зиялы қауым, қоғам белсенділерінің шешімімен Шерхан Мұртаза ескерткішін облыс орталығының ең үлкен көшелерінің бірі – Жамбыл даңғылы бойындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты алдына орнатылатын болды.

Комиссия тарапынан дауысқа салуға төрт ұсыныс түсіп, ең көп дауыс жинаған нұсқа қолдау тапты. Яғни, ескерткішті орнату орнын жергілікті атқарушы билік емес, зиялы қауым өкілдері белгіледі.

        III. ЕҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІМ- ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Халықтың әлеуетін артыруда әлеуметтік саланың салмағы ауыр.

Жұмыссыздық мәселесі қашанда өзекті.

Даму жоспарындағы міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінде өңіріміздегі жұмыссыздық деңгейін 4,9%-ға дейін төмендету күтілуде.

Алдағы уақытта әкімдердің жұмысы құрылған жұмыс орнына қарай бағаланатын болады.

Осы  бағытта Мемлекет Басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша берген тапсырмасы                 шеңберінде 11 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 3 мыңға жуығы тұрақты.

2025 жылға дейінгі облысты дамыту жоспарында өңірімізде 83 мың жұмыс орны ашылатын болады, оның 28,3 мыңы тұрақты, 55 мыңы уақытша.

Бұл жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік берері анық.

Жалпы облыстың 2025 жылға дейінгі даму жоспары қолдағы бар мүмкіндіктерге сәйкес терең, егжей-тегжейлі зерделене отырып, әзірленді.

Ондағы әрбір көрсеткіш – шынайы. 

Яғни, жоспар әзір. Енді оны іске асыруға күш салуымыз керек!

Мемлекет қолдауының арқасында барлық жоспарларымызды орындап, белгіленген көрсеткіштерге жетеміз деп сенеміз. Бұл халықтың тұрмысын жақсартып, өңір экономикасын дамытуға мүмкіндік береді.

 

Особое внимание решил уделить городу Тараз.

Тараз – это центр нашей области, зеркало нашего региона.

Тем не менее, в настоящее время в городе сложилось достаточно проблемных вопросов.

В этом контексте можно понять недовольство жителей, постоянно обращающихся с жалобами.

Сейчас нам лучше отдать приоритет плановому решению накопившихся проблем, а не имиджевым проектам, направленных на улучшение городского ландшафта!

В связи с этим, работаем над планом развития города и принимаем соответствующие меры.

Вопрос очистки сточных вод, который считается одной из самых актуальных экологических проблем города, стоит уже много лет.

Для кардинального решения этой проблемы необходимо строительство канализационного очистного сооружения!

На сегодня ведется работа  с инвесторами.

В настоящее время большая часть ирригационных систем на территории города вышла из строя.

В текущем году начаты работы по механической очистке                  6 основных каналов.  

Проведено обследование всех улиц и составлены дефектные акты. Работы по восстановлению и развитию ирригационной системы города Тараз будут проводиться в рамках Плана мероприятий в течение последующих 3 лет.

По проекту 1398 км сети арыков в городе будут полностью охвачены ремонтной работой (на сегодняшний день 498 км лотков).

Особое внимание уделяется расширению сетей инженерной инфраструктуры в 15 микрорайоне.

В 2015-2017 годах согласно проекту в 15 микрорайоне выполнены работы по строительству и монтажу сетей инженерной инфраструктуры (природный газ, питьевая вода, канализация, отопление, линии электропередач, слаботочные сети). Но в связи с изменением проекта детальной планировки, количество жилых домов увеличилось.

В связи с этим, разработана ПСД по расширению инженерной инфраструктуры (водопроводной и канализационной, газовой, электрической сетей), направлены бюджетные заявки.

Недовольство жителей вызывает тот факт, что в жилых массивах часто отключается свет.

Действительно, жители ждут решения проблемы не от соответствующих частных компаний, а от местных властей. Мы должны правильно организовать и контролировать проводимую работу! В этом контексте акимату города были даны конкретные поручения.

Актуальным остается и ремонт улиц города Тараз.

В городе 1388 уличных дорог, из них 830 асфальтированных (60%), 558 гравийных (40%).

То есть 40 процентов  не асфальтировано.

Над этим стоит задуматься!

 

К сожалению, нельзя не упомянуть и об отрицательном опыте в этой сфере. У нас после ремонта одной дороги в следующем году приходится заново ее ремонтировать.

Это проявление некачественной работы подрядных организаций.

Пора прекращать такую бессистемность!

 

Также много критики в отношении  работы предприятия «Жасыл ел – Тараз».

 «Жасыл Ел - Тараз» завершил 2021 год с убытком 445,2 млн тенге.

На 1 июля 2022 года объем убытков составил 353,7 млн ​​тенге.

Кредиторская задолженность составила около 2 млрд. тенге.

Как вы видите, состояние предприятия крайне тяжелое.

Данный вопрос взят на контроль, начата процедура реабилитации.

         Есть проблема и с благоустройством дворов.

         В 2020 году было благоустроено 163 двора в рамках Дорожной карты занятости. Однако эти 163 двора так и «остались в цифрах», и многие работы не до конца завершены. В настоящее время компетентные органы проводят расследование в отношении бывшего руководителя соответствующего ведомства.

         В текущем году было запланировано благоустройство               100 дворов общей стоимостью 2,5 млрд тенге.

        Однако бюджетная возможность со стороны акимата города была не учтена. Из-за нехватки средств  и некачественной проектно-сметной документации 100 площадок, подлежащих благоустройству, сокращены до 23. Учитывая мнения жителей, мы решили в рамках благоустройства дворов охватить парковку перед двором, подъездную дорогу, тротуар и детские площадки.

        Эти работы будут завершены до конца года.

        Жителями города часто поднимаются вопросы, связанные с наружным освещением в микрорайонах и отдаленных районах города.

В городе системами наружного освещения охвачено 498 объектов, из них 288 улиц и переулков, 53 парка и сквера, 6 малых и больших площадей, 5 развилок (мостов), 146 жилых дворов.

Для освещения улиц города и 2-х микрорайонов в прошлом году из городского бюджета было выделено 292,1 млн тенге. На сегодняшний день на 41 улице и переулках, в микрорайоне «Алатау» (8) проложены линии наружного освещения, ведутся работы по освещению 15 микрорайона.

Эта работа будет выполнена поэтапно.

Кроме того, в 2022 году на 980,6 млн. тенге планировалось установить ночное освещение на 123 улицах, имеющих электрические столбы. Однако сегодня проводятся конкурсы государственных закупок на выделенные всего 185,0 млн тенге.

Есть проблемы и с фонтанами в парках и скверах.

Всего на территории города имеется 49 фонтанов, 13 из них вышли из строя.

Основной причиной этого является отсутствие своевременного технического обслуживания (несвоевременное техническое обслуживание фонтанов, хищение электропроводки, неорганизованность текущих ремонтных работ, замена водопроводных систем, проведение гидроизоляции и т.д.).

На сегодняшний день акиматом города утвержден и взят на контроль график работы действующих 36 фонтанов.

Для восстановления вышедших из строя фонтанов разрабатывается сметная документация.

Одним из актуальных вопросов в городе является законность выделения земель, предоставленных для предпринимательства.

В текущем году выявлены и возвращены в государственную собственность 200 незастроенных земельных участков, предоставленных акиматом города для предпринимательских целей.

1) с согласия жителей на территории многоэтажного жилого дома (по адресу г. Тараз, пр. Толе би, №96) было разрешено строительство объекта предпринимательства, впоследствии возникло недовольство со стороны жителей. В настоящее время идут судебные процессы, связанные с земельным участком.

2) в связи с возникновением споров со стороны населения в отношении объекта предпринимательства, расположенного по адресу город Тараз, улица Сатпаева, №7 «Б», в суд подано исковое заявление с целью установления законности передачи земельного участка. В настоящее время идут судебные процессы, связанные с земельным участком.

3) Изменение целевого назначения земельного участка, предоставленного для организации временной детской спортивной площадки, расположенного по адресу: город Тараз, улица Желтоксан, № 76 «Г», в качестве обслуживания помещений (строений и сооружений), в связи с протестом жителей жилого дома №76 по улице Желтоксан на момент начала строительства проводится проверка Департаментом управления земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

4) Саркытбаевой Д. передан земельный участок площадью 3,0 га для ведения сельского хозяйства в районе села Кызыл Жулдыз города Тараз на равноценный земельный участок в районе 14 микрорайона города Тараз и изменено целевое назначение на оказание услуг по обслуживанию домов (строений и зданий). В настоящее время законность перевода вышеуказанного земельного участка проверяется департаментом Агентства по противодействию коррупции по Жамбылской области.

Я изложил ряд проблем, сложившихся в городе на сегодняшний день.

Немало и других вопросов, ожидающих своего решения.

Все они будут реализованы в плановом порядке.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

ФОН

Қоғам тарапынан көп көтерілетін әрі көпшіліктің көкейіндегі кадр мәселесіне тоқталып кеткім келеді.

Бұл тұрғыда біз меритократия принципін нығайтуға баса мән берудеміз.

Соңғы тағайындаулар соның айғағы!

Бұл ретте, басшылық қызметте біршама ысылған, жас, өңірден шыққан  азаматтар тағайындалып жатқанын айта кеткен жөн (облыс әкімінің орынбасары, Т.Рысқұлов, Меркі, Жуалы әкімдері).

Талдау көрсеткендей, соңғы 3 айда  облыстың жергілікті атқарушы органдарында лауазымдық өсу іскерлік қасиеттерге негізделе отырып,  төменгі лауазымдағы  55 мемлекеттік қызметші бос тұрған жоғары лауазымдарға орналасты.  

     4 жетекші маман бас маман, 26 бас маман  бөлім басшысы, бас инспектор, сектор меңгерушісі,   7 бас инспектор бөлім басшысы, 10 бөлім басшысы  аппарат басшысының орынбасары, басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары,  аппарат басшысы, округ әкімі,   1 орынбасар басқарма басшысы, 3 басқарма басшысы аудан әкімі лауазымдарына тағайындалды.  

Өкінішке орай, кейбір әріптестеріміздің мемлекеттік қызметті атқару барысында олқылықтарға жол беріп жататыны рас. Оны өзім де көріп,біліп жүрмін.

Қазіргі таңда аудан, ауылдық округ әкімдеріне артылып отырған жауапкершілік жүгі ауқымды. Өйткені, олардың қызметі жергілікті халықтың тұрмысына, ахуалына тікелей қатысты.

Ауыл әкімдері күніне кем дегенде бір үйге кіріп, кәсіпкерлік пен шаруа қожалығын аралап, жағдайымен танысып отыруы тиіс.

Ондағы мақсат, әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын жете зерделеп, табысы тұрақсыз жанұяларға жүйелі түрде қолдаулар көрсетуді ұйымдастыру.

Сондықтан, ауыл, аудан, қала әкімдерінің жұмысын жетілдіруге  айрықша басымдық берудеміз.

Жұмысқа деген жаңаша көзқарас қажет!

Біз оны өзімізден бастауымыз керек.

Бөлінген бюджет қаражаты есебінен атқарылған  жұмыстармен шектелуге болмайды.

Бюджет қаражатын тиімді игеру – біздің қызметтік міндетіміз!

Әкімдер инвестициялар тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғындарды тұрақты табыспен қамту мәселесін шешуге күш салу керек.

Бұл олардың жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдерінің бірі. Мұнда басшылар тек мәселені анықтап, көрсетіп қана қоймай, оны шешу жолдарын да қоса ұсынулары тиіс.

Тағы бір маңызды мәселе – ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі және халықтың беретін бағасы.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықпен кездесулер жаңа форматта өтуде.

Бүгінгі күнге барлығы 412 кездесу өткізілсе, оның 13 менің  қатысуымен ұйымдастырылды.

Кері байланыс – қоғам мен билік арасындағы диалогтың, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың негізі.

Біз облыстық әкімдікте үш ай бойы үздіксіз әр апта сайын мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысын нығайту мәселелерін қарастырдық.  Бірқатар нәтижеге қол жеткіздік. Аталған кеңестерде тұрғындар тарапынан көтерілген                            28 мәселені қарадық. Нәтижесінде,  25 мәселе шешімін тапты               (3 мәселе шешілуде).  

Сұрақтардың  басым бөлігі Тараз қаласынан түсті.  

Дер кезінде көңіл бөлінбеуі салдарынан жоғарыда атап өткен Жасыл Ел Тараз бен 15- ші мөлтек ауданындағы қордаланып қалған мәселелер соның дәлелі.

Маған кез-келген өзекті мәселе ешбір сүзгіден өтпей, қаз- қалпында ұсынылады. Әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарындағы жазбалардың әрқайсысы бойынша жеке танысып отырамын. 

Ешбір тұрғынның мәселесі назардан тыс қалмайды.   

Мемлекет басшысы айтқандай, біз айқайшылар мен провокаторлардың жетегіне кетпеуіміз керек. Керісінше, объективті көзқарастағы, сын айтса да, конструктивті диалог құруға дайын барша қоғам өкілдерімен бірлесе жұмыс атқаруға барымызды саламыз!

Кез келген өзекті мәселеге қатысты шешім қабылдайтын кезде алдымен қоғамдық пікірмен, халықпен санасу  керек. Шешім қабылдарда олардың ой-ұсыныстарын, пікірлерін ескеру маңызды.  Сонда ғана түсінбестік, наразылық туындамайды.

Біз өзіміздің атқарып жатқан жұмыстарымызды жан-жақты көрсетіп, халыққа дұрыс ақпарат беруге тиіспіз.

Десе де, бүгінде әлеуметтік желіде жөн-жосықсыз жазғыштар мен негізсіз ақпарат тарататын арандатушылар аз емес.

Кез-келген мәселенің шешімін байыппен күтудің орнына, облыс әкімдігінің алдына жиналып, аттандауға әуестенген  мақсаты бұлыңғыр топтар да кездеседі.

Жаңа қоғам құруға ұмтылған мемлекетіміздің басты ұстанымы – заңдылық, әділдік, ашықтық.

Тәртіпке бас иген құл болмайды (Б.Момышұлы).

Ел Президенті атап өткендей, Заң талабы мүлтіксіз орындалуы тиіс.

Заң мен тәртіп – ішкі тұрақтылықтың  бірден-бір кепілі.

Ал, тұрақтылық – қоғамның даму негізі.

Жергілікті тұрғындардың билікке деген сенімі аса маңызды.

Біз өзара түсініскен жағдайда ғана қандай да бір нәтижеге қол жеткізе аламыз!

Выступление акима области Н. Нуржигитова на встрече с представителями СМИ
Дата публикации
15 августа 2022