Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары 174 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 25% - ын құрайды (698).
Оның ішінде:
- 96 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;
- 12 қызмет қағаз түрінде;
- 162 қызмет электрондық түрде көрсетіледі.
2020 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 29,7%-ға немесе 2,4 млн.-ға көбейді (2020 жылы 5,8 млн. қызмет көрсетілген).
2021 жылдың 12 айында облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 8,2 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Электрондық түрде - 8 030 819 қызмет (97,5%);
- қағаз түрінде - 28 681 қызмет (0,3%);
- қағаз түрінде (баламалы) - 180 867 қызмет (2,2 %).
Атап айтқанда, сұранысқа ие қызметтерге денсаулық сақтау, ветеринария және білім беру саласының қызметтері кіреді («Дәрігердің қабылдауына жазылу» – 5,5 млн., «Жедел медициналық көмек шақырту» – 543 мың қызмет, «Дәрігерді үйге шақыру» – 390 мың, «Ветеринариялық паспорт беру» – 307 мың).
2021 жылдың қорытындысы бойынша 98 мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген. Оның ішінде 4 бұзушылық фактісі ішкі бақылаумен анықталды. Жіберілген бұзушылықтар үшін 27 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұлдар салынды.
Есепті кезеңде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары бекітілген жоспарларға сәйкес 124 ішкі бақылау іс-шараларын өткізді (78 ЖАО және 46 ведомстволық бағынысты ұйымдар). Іс-шаралар қорытындысы бойынша 1169 бұзушылық анықталды:
- мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзудың 4 фактісі;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 437 фактісі;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 221 фактісі;
- ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің
129 фактісі,
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
43 фактісі;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 335 фактісі.
Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 193 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 25 жауапты тұлғаға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды (18 – «ескерту», 5 – «сөгіс», 1 – «қатаң сөгіс», 1 – «лауазымын төмендету»).
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың 1 фактісі тіркелген.
Аталған шағым бойынша өтініш берушінің уәжі расталып, жауапты мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2021 жылы «ЗОР РУХ» қайырымдылық қоры Агенттік орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін айқындау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Оның нәтижелері бойынша облыстың ЖАО-ның мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 80,8% құрады.
Бұл бағытта облыс әкімі Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар Жоспарын, сондай-ақ Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.
2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 119 қызметкер өтті (2018 жылы – 54, 2019 жылы – 171, 2020 жылы – 30).
Сонымен қатар облыс әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарымен (цифрлық технологиялар басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп) мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Басқарма, қала, аудандар әкімдіктерінің тиісті бөлімдерінің және ауылдық округ әкімдері аппараттарының, бағынысты мекемелерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 2 927 014 халықты қамтылған 1 872 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.