2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарына 2022 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан 34 565 өтініш түскен (2021 жылы 33 790 өтініш тіркелген), яғни 775 өтінішке немесе 2,3 %-ға пайызға артқан.
Оның ішінде:
Ақпарат үшін: өтініштердің жалпы санынан бөліп қарағанда 13 616 (46%) қанағаттандырылған, 17 224 (49%) түсінік берілген, 3 725 (5%) жолданым басқада ұйымдарға жолданған.
Өтініштерді салаларға бөліп қарағанда:
Ақпарат үшін: өтініштердің жалпы санынан қала, аудандарға бөліп қарағанда 2022 жылы облыс әкімдігінің аппараты және басқармаларына – 7 060 (2021 жылда -6 770) яғни 4,2 %-ға артқан, Тараз қаласында – 14 688 (2021 жылда – 14 092) яғни 4,2 %-ға артқан, Қордай ауданында – 2 273 (2021 жылда - 614) яғни 270 %-ға артқан, Меркі ауданында – 1 478 (2021 жылда – 2 010) яғни 35,9 %-ға кеміген, Байзақ ауданы бойынша – 1 562 (2021 жылда – 1 675) яғни 7,2 %-ға кеміген, Шу ауданында – 2 377 (2021 жылда -2 290) яғни 3,7 %-ға артқан, Жамбыл ауданы бойынша – 1 256 (2021 жылда -1 578) яғни 25,6 %-ға кеміген, Жуалы ауданы бойынша – 1 370 (2021 жылда -570) яғни 140 %-ға артқан, Т.Рысқұлов ауданы бойынша – 740 (2021 жылда – 1 643) яғни 122 %-ға кеміген, Сарысу ауданы бойынша – 608 (2021 жылда - 378) яғни 60,8 %-ға артқан, Талас ауданында – 692 (2021 жылда -831) яғни 20 %-ға кеміген, Мойынқұм ауданы бойынша – 461 (2021 жылда -339) яғни 35,9 %-ға артқан.