ЖОБА Жамбыл облысында жануарларды аулаудың,
уақытша ұстаудың және жансыздандырудың
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- Қоса беріліп отырған Жамбыл облысында жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидалары бекітілсін.
- Жамбыл облысы мәслихатының «Жамбыл облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4843 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық
мәслихатының хатшысы М.Сарыбеков