Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 тамызға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 28 тамызға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2022 жылғы 28 тамызға Жамбыл ауданының Бесағаш және Өрнек ауылдық округтері, Қордай ауданының Қарасай және Жамбыл ауылдық округтері, Мойынқұм ауданының Қылышбай ауылдық округі және Шу ауданының Ескі-Шу ауылдық округі әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/330312?lang=kk

Қордай аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/article/details/92154?lang=kk

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/406553?lang=kk

Шу аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/406474?lang=kk

 

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 тамызға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
Дата публикации
29 июля 2022